Бізге 1 жыл болды!

  • Автор
КерекИнфоның қазіргі нұсқасына 1 жыл болды. 18 желтоқсанда алғашқы пост жазылған екен. 1 аптадай уақыт өтіп кетсе де, бүгін осы айтулы күнмен сіздерді құттықтайын дедім. Сайттың осындай деңгейге жетуі әрине қолданушылардың арқасы. Күніне 2000-дай адам кіріп, сайт беттері 10 мың рет оқылады екен.

Дәл бүгінгі көрсеткішпен есептесек 6631 пост жазылған екен 1 жыл ішінде, ал пікір саны 150 мыңнан асқан. Бүгінге дейін КерекИнфоға 1170 аккаунт тіркелген.

Құттықтаймын! Сайтымыздың өмір жасы ұзақ болсын, қызық жазбалар мен пікірлер көп болсын!
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

113 пікір

AKA
Уряяя, құттықтаймын!
ErNur
Құтты болсын! Сайт әрі қарай өркендей берсін!
e_zhalgas
иа, жыладық та, күлдік те, ойнадық та, ұрсыстық та, таластық та, дәлелдедік те, дәлелдендік те, анықталдық та, анықтатқыздық та… қысқасы, бәрі ок! арқарай да солай болады деп зор үмітпен көкжиекке елжірей қарап отырайық!
VKM
иа, жыладық та, күлдік те, ойнадық та, ұрсыстық та, таластық та, дәлелдедік те, дәлелдендік те, анықталдық та, анықтатқыздық та… қысқасы, бәрі ок! арқарай да солай болады деп зор үмітпен көкжиекке елжірей қарап отырайық!

Жалғас,әдемі айттыңи)
Aldeken
Құтты болсын! Санға сапа сай болсын!
Aldeken
ойбуу, бетім, мұткетіппін ғо,
asaubota
сапа жағы да дұрысталып келеді, дегенмен әлі де ескерту айтып келе жатқанымыз өтірік емес.  тақырыпты дұрыс жазу, кат қою, мазмұнын дұрыс жазу туралы мысалы. бірақ, бұрынғыдай емес қолданушылар не болса соны жазбайды, пайдалы, плюстелетін нәрселер жазуға тырысуда
dark_nazgul
кат қоймау жағынан мен әлі ұяттымын…
TERISKEY
Ұзағынан болғай!
a63a1
есептесек 6631 пост жазылған
бір түрлі ішім жылып қетіп еді, бір силық берейін деп жатырма деп
asaubota
 сенің никіңе ұқсап кетті ма?
a63a1
көз бірінші өз никімді көрдіғой
dark_nazgul
Құтты болсын) тұсауын кестірмейміз бе?
Zhan
Осыншама жастардың басын қосып, қызықты сайт жасай алған саған да, барлық «Керекшілерге» де мың алғыс!
asaubota
ең бірінші тіркелгендер бұрыннан бірге келе жатқандар ғой. бұдан бұрынғы жобаларда бірге болдық, осында да бірге көтердік. әрі қарай жұрт ілесітірп алып кетті.
Zilola
Кутты болсын!
Узагынан болсын гумыры!
AKY
Құтты болсееен!
meirzhan
Сайт ашылғаннан бастап, тіркеліп, бірге болғаныма қуаныштымын! Ұзағынан болсын!
asaubota
иә, бүгін қарағам алғашқы тақырыптарды. сен біраз пост жазған екенсің
Gulzhanat
Тіркелмесем де, мен де сайт ашылғаннан бері біргемін  Құттықтаймын бізді!!!
19852407

«Керекинфосыз» күні жоқтардың атынан "Ұзағынан сүйіндір!" дейміз Админ мырза
Қолың дерт көрмесін!
VKM
Құттықтаймын!
Zhan
— Қарсы алыңыздар, ортада «Керек» триосы!
(Сары шапкыдегі Марко, ортада АКҮ, қызыл шапкыдегі Аршат!)
VKM
Ақтөбелік ВИА ма?
Zhan
Иә
AKY
жатып алып брейк билейтін Алдекен жетіспей тұр ғҰә
Gastarbaiter
Мә, Сотвальдо, мыняхта смищной юмор боватыр.
Ойпырмай, күлкілісінай
Zhan
Оны енді ВКМ-нан сұра, кадрды құртасың деп қоспай қойды ма или Алдекең «от тастау» үшін бензин алуға кетті ме, білмедім…
VKM
Кеше күні бойы Алдекен бензин тасып, шарашап, демалып отырған
izbasar
Фузарт мынаның жанында әдіремхолсун!
gunner
Құтты болсын! Бір бірін аямайтын сайт қой . Бір постта қырлысып отырса, келесі постта дос болып, кездесу ұйымдастырып отырады
VKM
Ол өмір ғой десе)
19852407

Иә, надо отдать должное, мұндай contradicttuness басқа ешқайжерде емге табылмайды
Marco
Құтты болсын, достар!!! Дегенмен, өздерің мадессіңдер ей!)))
Aldeken
Щегол, АКҮ мен АКА ны ажыратып ал, десем, иә?
Marco
Енді әдейі өзіміз деп жазбай отырм ғо, нақ! Керосин сасып мында да келдің бе?))))
Zhan
Марко, бұрын керосин арқалап постоян Нұрғиса мен Әбіләкім жүруші ед, Алдекең сол екеуінің орнын жоқтатпайын деген ғой.
Aldeken
Жігітсің, Терешкова!!!
онсыз қызық болмас еді, иә?
VKM
ее, неге оттар лайламайды десем, кіттей қыздары болып,некогда болып жүр екен ғой)))
KILYZAMAN
Құтты болып, халқының керегіне жарасын…
omarbirat
Құтты болсын!
(Cutты болсын деп жазайын деп барып, ойымнан айнып қалдым. Сәтсіз сөздер тіркесі екен )
asaubota
басы cutты болса, аяғы тәтті болады
MickThatsMyNick
1 жылдың ішінде мынандай жетістікке жету деген шынымен таңғаларлық емес емес жайт, құттықтайм!
FaraOn1
Құттыққтаймын!!! керекшілер көөп болсын!!!
Kipshakkyzy
Құттықтаймын! Үлкееен табыс тілеймін! Алға қазақ жастары!
AKA
Вааай, менің әпкем де келіп қалыпты.  Қош келдіңіз!
Kipshakkyzy
Қош көрдік сіңілім!
saken
бақытты болыңдар айналайын Керекшілер!!!
TOTY
"… Бір жыл да өмір, бір күн де өмір білгенге..." Құттықтаймын, Достар!!!
asaubota
рахмет бәріңе. 1 жылда негізі біраз нәрсе болыпты. ойнадық, күлдік, ренжістік те. блог құрылтай қандай керемет болды?! одан басқа неше түрлі кездесулер өткіздік әр түрлі қалаларда. керекшілер қазір бір бірімен бауыр болып қалды.

реніші барлар реніштерің осымен бітсін, алда жаңа жыл келе жатыр, тату-тәтті болайық.

осы аптада мүмкін болса әр түрлі қортындылар жасап көрейік.
janarbek
[URL=http://smajliki.ru/smilie-1257738567.html][IMG]http://s19.rimg.info/b8099c4ca863b7b4e16e2726c69c87ec.gif[/IMG][/URL]
1 жылдығы Құтты болсын! Енді 20 жылдығын беибіт түрде дұрілдетіп өткіземіз!
yerbol89
Сайттың ғұмыры ұзақ болсын. Құттықтаймын! Сол баяғы бетен таймай Керекті мақалалармен қуанта берсін деп тілейміз. Бір жылдық көрсеткіш өте жақсы деп ойлаймын.
Сайттың алдымен Дабай.кз атты доменімен ашылып, алғаш Жалғастың Матрицаға берген сұхбатын жариялағаным да есімде.  Обчм сайттың туылғанын көрген едім, алғаш есігін ашқанда Аршат ағасы таныстырған еді. Мындай туылған күнде тілек тілейтін едік: «Алдымен сенің анаңды құттықтаймын! Себебі сені осы дүниеге алып келген. Бұл күн сенің туылған күнің, ал анаңның сені туған күні-деп! Алдымен анаңды құттықтаймын дейтінбіз» Сол сияқты алдымен Аршат ағасы алдымен сізді құттықтаймын. Себебі бұндай дәрежеге жеткені сіздің арқаңыз. Алі алар белесі әлі алда деген үміттемін.
Adiletshu
Жағымпаздықты қою керек қой
yerbol89
Мен мұнда жағымпазданудың ешқандай түрін көріп тұрғаным жоқ. Тек сайтқа деген тілек! Ал сайттың агрегаторы да, генераторы да кім екенін барлық қолданушы біледі. Ал менің айтып жатқаным сол агрегатор да, генаторына қанаты талмасын деген тілек қана! обм сенімен салғыласып отыратын ойым жоқ қала түсінсең де өз еркің.
Janasil
AKA
1 санын басқалай қылса, оюмен дегендей, Түркияның жалауы көзімен елестеп кетеді екен… Былайынша, әдемі шығыпты.
Aldeken
негизи 1 санын шынымен озгерту керек екен. айтпесе, Казахстан коммунистеринин (КНПК) сайлауалды угит паракшасы сиякты коринеди екен. оз ойым.
qusbegi
не ғой, тойға шақыру билеті керек ед
Zhanylai
Төңкеріліп қалды  Аршат аға, пікірді өшіретін функция жасауға бола ма?
timurrr
 Шын жүректен құттықтаймын!
izbasar
 Тәй-тәй, тәй-тәй ,қаз-қаз Керек қаз-қаз! Осы мұраттан таймай алға баса бер Керек!
Nurgisa
Керекинфода керегін тарқата айтайық. Бұл — мінезі бар орта. Қандай нәубетті шақ болмасын, әр дәуірде кішігірім миссиясы болды. Әр нұсқасында өзінің нар жүгін арқалаған марқасқалары болды. Және басы-қасында Аршаттай ақылман болды. Керекинфо — тірі ағза. Жасушалары құбылмалы климатқа тез икемделгіш. Мен Керекинфоға қосылған 2004 жылы драйверлер негізінен оңтүстік пен батыстан еді. Қазір жағрапиясы анағұрлым ауқымдылау. Бастапқыда қазақы контентте зар боп жүргесін бе, өзара қошемет пен ілтипат, ықылас пен көтермелеу зор еді. Ол кезде плюстау деген жоқ. Есесіне, жазылған пікір саны артқан сайын мәртебесі өсіп тұратын «керекшілердің». е-айтыс болатын. Traveler, Asylbek деген аты алысқа кеткен ақындар болды, жарықтық. Tentekkara атты пері жігіт болды. Anakon, gauhar, nukusya, Japalaq сынды көркем құрбыларымыз болды, талай пикниктеттік. Жайық көрдік, Медеуге шықтық… Қазіргі керекте оқымысты көп. Қит етсең бәлеге қаласың. Қадалған жерінен қан шығармай қоймайтын өңкөй азулы. Кейде, жаңадан тіркелген бірлі-жарым фрешерлер тегеурінді соққыға төтеп бере алмай кетіп қалып жатыр. Әсіре шыншыл болу бар да, ізет пен жылы шырайды жоғалтып алмау да бар. Бірақ «керекті» осысы үшін сүйіп жүрміз. Жаңа заманның жаңа «керегінде» мен Aldeken, Zhan, AKA, sammita, satibaldi, Gastarbaiter, Abilakim сияқты мықтыларды танығаныма қуанамын. Керекинфо өте көбіміздің күнделікті қажеттігімізге айналғасын, өскелең плеяда бар, соны ескере отырып қисық-қыңырдан бөлек керек, өнегелі дүниелерді де жаза жүрсек «керектің» пайдасы қазіргісінен де артар ма еді деп ойлаймын. Біз отыздан асып барамыз. Жиырмалардағы VKM, manshukn, Robin, Teriskey бауырларымыз өкшелеп келе жатыр. Еркелік пен дүрдараздық бір бөлек те, мәңгілік құндылық жарата білу — тың асу. KILYZAMAN ағамызды түсінбей-ақ өтетін шығармыз, бірақ ол ағамыздың біршама тың дүниелермен бөлісіп жүргені ерекше құрметке бөленбеуі керек деп кім айтты?
Әркім «керектен» керегінше алады, керегінше кәдеге жаратады. Менің айтпағым, «керектің» кәдеге жарай алмай жатқан әлеуеті. Сол потенциалды сығып алуға әрекет етуді көздейік. Әйтпесе, Шымкент нашар емес, жақсы-ақ қала ғой.
Gastarbaiter
Қысқасы, құттықтайсың ғой сен де?Ә… А??

Шалсыма дабай, 30 дан асқаныңды алпысты алқымдағандай жазыпсың, әлі сенің «жарын жоқтаған торғайың» мен "Қазақша фристайлоларыңның" «Improved» версияларын күтеміз.
Қилызаманға қолпаш айтқаныңа қарағанда, Орта жас кризисі өңмендеп келе жатқандай, асүйлік психоанализімдіссс…
Сендегі тәжірибені артқалтаға тығып, бөліспеу қылмыс.
Уақыт болса, ұрып тұр… пернетақтаны ойбай… ненісінес
VKM
мяя, біз юхтаватқанда, Гаста келіп, жазып-жазып кетіпті)))
Gastarbaiter
«Гаста және біз» деп бөлінгелі қанша болды?
Gastarbaiter
Юхтап жатқанымызда шайтан келіп шетімізден басып-басып кетіпті деген сияқты
satibaldi

«Бұл жерде „біз“ есімдігі көңілге кірбің ұялатады». © Олжас Сүлейменов, «Аз и Я».
Zhan
О, Нұрекеңнен мұндай жылы лебіз есту мен үшін үлкен құрмет! Қыздың әкесі болам деп екі есе мейірімді боп кеткен бе қалай өзі?
Nurgisa
Жансая, құдай қаласа сен де бірнеше мәрте құрсақ көтерерсің. Құдай сол күнге жеткізсін. Екі есе мейірімдің не, әрбір адамның қателіктерін пендешілік екен деп елемей, сүйе түсесің. Әйтпесе, тілінің безеуі барлар кезінде белгілі бір уақытқа дейін періште болған-ақ шығар. Осындағы әрбір керекшінің түпнегізінде сүйсінерлік діңгегі болмаса, несіне жүр. Нұрбергендердің монологтары осындайдан барып құралады.
alisha гәп жоқ келіншек.
KILYZAMAN
Сендер аман болыңдар:
KILYZAMAN ағамызды түсінбей-ақ өтетін шығармыз
Әзірше өлмуеге тырысып баққанымды көп көрдіңбе
dark_nazgul
фрешерлер
свежее мясо свежактар
Abilakim
Құттықтаймыз! «Керекинфоға 10 жыл толды!» деген постты оқып отыруға жазсын маңдайымызға
asaubota
негізі ашылғанына 10 жылдай болып қалды. Керекинфода танысып, үйленгендердің балалары да мектеп жасына жетіп қалған болар. менің 1 жас деп отырғаным, қазіргі нұсқасы ғой, қазіргі жұрт та осы Керекинфоны біледі. сондықтан осы қазіргісімен өлшеу дұрыс шығар, тек бұрынғы тарихын да ұмыт қалдырмай.
boztorgai
дәл бүгінгі көрсеткішпен есептесек 6631 пост жазылған екен 1 жыл ішінде, ал пікір саны 150 мыңнан асқан. бүгінге дейін керекИнфоға 1170 аккаунт тіркелген

түсімвеятырқ: бұл көп пе, аз ба
Erkekyz
Құтты болсын! Төбедегі жақсы тілектерге қосыламын).
Ең алғаш Дабай.кзға келгенде оқыған постым Қисықтың биыл табылған жәндіктер ме, жануарлар ма туралы посты еді.
Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен!
konvict
Құтты болсын! Осы жерге тіркелгеніме қуаныштымын. Көптеген дос таптым, жаңа адамдармен таныстым. Очм, ырысбек!
AKA
Керекинфоның фавиконы өзгеріпті, күчТ!  

Zere
Бір жылдықпен құттықтаймын!  Керекинфо мен үшін ыстық, осы жердегі адамдар да бәрі сондай жақын, бауыр басып қалғанмын. Әрбірің нар тұлғалы азаматтарсыңдар ғой, қатарымызға қазақша ойлайтын, жазатын, білікті жастар қосыла берсін.
salta
жазарларың мен айтарларың көбейсін!!!
Aldeken
Урряяяя, менің Салтам келдіііііі, деп қол шапалақтаватырм
salta
ээээээ, афишалағанды қою керек қой.  кейбіреулерге қайтып келген жаман қыз болсам, кейбіреулерге қайта шапқан жау болуым мүмкін ғой. тақ шо, тсссс, дымың ішіңде болсын…
Onlasyn
Фавикон құтты болсын! Әдемі.
punk
бұрын тіркелмегеніме өкінемін, қатты. десе де ештен кеш жақсы деген (осыбір жұбатуға толы сөз әбден мезі етті)
Aigolek
ЕКИ ЖАСЫНМЕН КЕРЕКЕМЕСИНФО
a63a1
ЕРТЕҢ 2 ЖЫЛ БОЛАДЫ
asaubota
ең алғашқы тақырыптарға кіріп, бір қопарып шығайық. керекшілер бастапқыда нелер жазды екен.
Daniar-Alan
келесі апта 10-жылдық
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.