Астанада Тамара Асардың концерті өтті.

  • Автор
Кеше Астанада Конгресс-Холлда әнші Тамара Асар мен Ақтаулық хореограф Серік Сариевтің «Жорға» би ансамблінің концерті өтті.
Өз шығармашылығына аса бір ұқыптылықпен қарайтын талғамымен ерекшеленетін Тамара Асардың әндерін «Жорға» би ансамблінің бимен әрлегеніне куә болдық, осылайша.
Тамараның шығармашылығымен бір кісідей таныс болсам да, «Жорға» ансамблі, Серік Сариев дегендерді бірінші рет естіп, көруім еді.
Тамараның тарапынан оның сан қырлылығын көре білдік, халық әндері де айтылды нақышына келтірілп, көркем сөз де оқылды жүректерге жеткізіліп, қазіргі заманға сай әндер де өз орнын тапты концертте, ең бастысы, осының барлығы толық бір суретке сәтті біріктіріле білді және сахна мәдениетінің жоғарғы деңгейі көрсетілді.
«Жорға» ансамблін осы концертте алғаш көргенімді айттым ғой… Сол себептен, оларға кеңірек тоқталсам деп отырмын… Жалпы концерттен кейін, өнер адамдары үшін өнер ортасы болған Алматы мен, мүмкіндік ортасы болған Астанадан жырақта жүріп те, жоғарғы деңгейдегі шығармашылықпен айналысуға болатынына көзім тағы жеткендей болды. Сондықтан, әр әнге сай хореографиялық бейнелеудің сәттілігі мен қатар, өздерінің күрделі композицияларды көрсеткені көңілден шықты дер едім…
Бірақ, ізденімпаздық деген осы екен деп, онсыз да қазақ билерінде ерлерге арналған би аз екені әмбеге аян, соны түрлендірем деп, басқа елдің би қимылдарын қазаққа таңу басым болғандай болып көрінді, бұл, әрине, өз ойым… Тіпті 1-2 қимылдарды көріп отырып, кунг-фу өнерін тамашалап отырғандай күйде қалғаным да бар… ))))))) Мүмкін өзіндік симбиозға талпыныс шығар, бірақ, сәтсіз болғандай көрінді, опшым…
Кештің қонақтары ретінде Ғаділбек Жанай, сосын есімі мен үшін беймәлім қалған жас әнші және тосын сый ретінде Тамараның арнайы шақыруымен қайта қосылып келген Нұрлан мен Мұрат болды. Ғаділбектің бір сұхбатында өзінің бағын ашар әнді таба алмай жүргенін айтқанды, дауыс тембрінің ерекшелігі бар, бірақ, сәтті әні мен имиджінің олқылықтарының орнын толтыра алмай жүргендей көрінді. «Тірі профессорды бірінші рет көрдім» дегендей Ғаділбекті де реалда алғаш көруімде (жұмысбастылығымдыссс...) түйген пікірім осы болды. Бұдан кейін өзгере жатар, бәлкім…
Нұрлан мен Мұраттың қайтадан сахнаға шығуы шынымен тосын болды. Десек те, "қалған көңіл-шыққан жан" демекші, Нұрлан біраз қол үзген сахнаға қайта шыққандағы абыржуы, Мұраттың сахнадан әлі қол үзбеген басымдығын көрсеткісі келгені көрініп тұрды. Дегенмен, «Жаулап алды махаббат» пен «Шашы ұзын қыз» көрерменнің көңілінен әлі көшпегендігін тағы да дәлелдеді.
3 сағатқа созылған концерттен халық шаршамай шықты десем, артық емес шығар, алдыңғы қатарда отырған анамды күтіп тұрған кезде қасымнан өткен адамдардың ешбірінің бетінен кірбің байқай алмадым.
Концерттен шықсақ, жапалақтап қар жауып, бұрқасындатып тұр екен, соны білген таксистер ставкаларын кемі 25 пайызға көтеріп қойыпты. Қайтейік, кеттік мініп, әшейінде 300 теңгемен баратын жерге 500 теңге төлеп, бағасаясатынссс…
Опшым сол…

Ұқсас посттар

22 пікір

araika
Мен ұмытып кетіппін, сабаққа баратын кезімде ғана еске түскені. Билетті бір уайымдап, сабақтан қашуды екі уайымдап жүргенімде… сабақтан босата салғаны, бірақ кеш еді, бағытым да өзгерді :))
Economist
Концерт ұнады. Бірақ тым ұзақтау болып кетті. Жеке мен үшін)) Би музыкаларының екі-үшеуінен қытай әуенін естігендей болдым.
Zilola
Онерi бар адамга жаткыза алмаймын :(
Armanjan
Zilola кетші-әй сен, өнердің исі алдымен мұрныңа барып алсын, қазан-ошақтың басында талқан жеп отырып, өзіңнен бәлен саты жоғары тұрған адамды сынағаныңа жол болсын. Мәрт Пелинге айтушы еді, әр айтатын сөзіңді ойланып барып айт деп. Кішкене ойланып барып нетси…
Zilola
ол ендi сенiн жеке пiкiрiн
konvict
Мерт әлде Мәрт
Мен білетін түріктерде ә әрпі жоқ еді
saken
«Сол бір қыз» деген әні ұнайды.
AKA
Осы әнге және "Әриайдай" әніне түсірілген бейнебаяндары да тамаша!
Dinara
мынау ғой :) көңілді күшті!
AKA
Рахмет әпке! Көңілді әрі күлкілі бейнебаян, қыз сондай сүйкімді! :)
Abilakim
Қаһарман қыз ғой
sammita
Нұрланның сахнадан алыстап кету себебін жақында білдім.
Тамара мен үшін бейтарап әншілердің бірі, себебін білмеймін.
TERISKEY
бейтарап демек?
sammita
а?
TERISKEY
бейтарап не демек? дегенім ғо.
sammita
бейтарап не демек
«егер бейтарап деген не?» десең, мен үшін жақсы да жаман да емес әнші дегенім.
janarbek
Тамара Асардың орндауында әндерді тыңдап жұрем
Даусы жақсы сосын қатты ізденісте жұретін әншілерміздің бірі әрі жаңашыл көңілге қонымды жаңалықтарды қорықпай қабылдай алады.Оның дәлелі Ұлтық арнадағы «екі жұлдыз» сайсында Ақылбек екеуі заманауй сайстардан қалыспайтынын дәлелдеп шықты.Қатты разы болдым.
Тамарға шағырмашылық шабыт тілеик.
Gulistan
Жанарбек, Дублиндемісің?
janarbek
Дублиндемісің?
Ол не ???
Gulistan
Мен Жанарбек мАтай ма деп отырсам. олай емес пе?
aza
Серік, Тамаралармен бірге әбет ішіп, бірге жүрген адам ретінде айтып жіберейін, «Жорға» Тамараның жеке би ұжымы болып саналады. Кез келген концертте, кез келген бағытта Тамара ән айтса, Серік соған сай би қояды. Астанаға барған сапарда «Жорға» тек жартылай құраммен барды. Соның өзі Арқада төңкеріс жасауға әбден жеткілікті бопты ғой… Серік бала кезден билеп өскен, ауылдың баласы. Үнді билері, шығыс билері жанына жақын. Қыз мінезді, досқа адал жігіт. Тамара да адам таниды ғой, қаптаған ұжымнан таңдау «Жорғаға», СМС ке (Серік Мұхамбеткәрімұлы Сариев) түсуі көп жайдан хабар берсе керек!
ПыСы: Ақтауда, Жаңаөзенде аншлагпен өтті аталмыш кеш. Кеш басталарда оқылған сөз менікі деп мақтанып қоюға рұқсат етіңіздер!
ПыПыСы: СМС ті биылғы өнер мен Мәдениеттегі «Жыл адамына» ұсынғанымды да ешкім білмейді сіздерден басқа, Құрметті Керекинфо!!!
sammita
күшті екен бәрі
әлгі… уәде… асықпай жазам деп едің ғой.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.