Қияли ой №1

  • Автор
Бас қатып, ми ағып отырмын міне. Неге деймісің?! Онда қағып ал:
Шексіздіктің шегі барма? Мың емес, шамамен 500 реттей ойланып 156 рет толғанудың нәтижесінде мындай шешімге келдім: Меніңше жоқ!!!

Бізде сол бір шексіздіктің бір бөлшегі іспеттіміз. «Сен», «мен», «ол» — бәріміз адамбыз. Солай екеніне бәрің кәміл сенесіңдер, БІРАҚ ол олай емес, біз адам емеспіз ыхххх!!!

Адам деген дене бітімімізге қарай бір типке бөліп, қалған жан-жануарлармен, өсімдік, құрт-құмырсқалардан бөлудің амалы. Мысалы: лібәттің бас қатып отыр… Мен жеке бір бөлшекпін (мен адам емеспін, мен x-бөлшекпін), мен бұл ғаламда жалғыз ғана экземплярмын, «сенде» «олда» сондай. Түсініктірек болу үшін бір қарапайым мысалға зебралар туралы мәліметтерді өздерің тауып алыңдар.
Осы тұжырымыма байланысты біз адам емеспіз, біз шексіздіктің бір бөлшегіміз. ОО әкесінің баласы не болып кетті?!!!
Шексіздікпен х-бөлшекті неге қатар айтып отырғанымның себебі: Егер х-бөлшектің аумайтын түп нұсқасын жасағанмен де оның бәрібір бір «түгі» х-бөлшектен кем болады, егер түгі де түгел болса онда сол түктің ішіндегі бір атом кем болады, ал ол атомның ішінде талай шексіздіктер жатыр, микро шексіздіктер… Ой КЕч бас қатты не жазғаным өзіме мәлім. Мына сұмырай ой басыма қайдан келіп еді
Ғафу етіңіздер тағы бір мысал басыма соғылып былш ете қалды: Мен ойланып отырмын ия? Енді осы не ойлағаным туралы ойланып отырмын, осылай кете береді. (Сәтсіз мысал)

Ұқсас посттар

47 пікір

araika
500 реттей ойланып 156 рет толғанудың нәтижесінде
зая кеткен уақыт-ай :)
Aramza
зая кеткен жоқ, патент алайын деп жатырмын
e_zhalgas
әуреленбе саған дейін антик философтар бұл тақырыпқа талай басын қатырған :)
KILYZAMAN
Шексіздіктің шегіне басыңды ауыртқанша оның ішегіне назар аударсайшы… Қосу мен алу(азайту) амалдары және көбейту мен бөлуде үлкен мән бар емеспе өзі?
asaubota
өткенде түнде далада темекі тартып тұрып менде ми қинадым шамалап. Жерді үлкен пластилинге ұқсаттым. Жердің көлемі өспейді ғой, иә? мысалы үлкен үйлер т.б нәрселер саламыз, соларды салу үшін материал алу үшін жерді қазамыз, орны шұңқыр болып қалады. домалақ пластилин сияқты ғой иә? бір жерінен бөлшек алсаң сол жер азайып қалады, басқа жері өсіп шығады. Жер де миллиондаған жыл бұрын қандай, қазір де сондай ғой, иә?

Арамза, кейде шеккім келіп кетеді. сен ше?
Aya
Жер де миллиондаған жыл бұрын қандай, қазір де сондай ғой, иә?
… сондай, сондай… тек жердің үстіндегі миллиондаған жылдар бойғы заттар көкке ұшып кетпейді ғой, сол жердің өзіне көміле береді, көміле береді.
daugozhek
сол жердің өзіне көміле береді, көміле береді.
онда неге жердің формасы өзгермейді?
Aldeken
Сапалы темекіге тап болғансың ау, шамасы…
Aramza
Лібәә)))) Шегіп алып ужас на глубине 9 мильді көргеннен кейін келген ойғой) Дәріптеп отқаным жоқ. Әр адамның өзінің ермегі болады кейде
sammita
Жер де миллиондаған жыл бұрын қандай, қазір де сондай ғой, иә?
көлемін айтсаң, өзгеретін сияқты. Адам, аң-құс, малдар пайда болады, ол жерге бөлшек болып қосылады ғой кейін…
Aramza
шіру процессі!
sammita
бәрі бір мезгілде шірімейтінін ескерсек ше
Aramza
бас қорытпай қалды тағы! ойланбасам
asaubota
ох, епты… мұны ойламаппын. демек ауырлап бара жатырмыз, онда Жер бір күні құлауы керек. таааак қайда құлайды? демек құлайтын тағы бір жер бар, Жер сол жерге барып құлайды. йооооооп!!! біттік!
qisyq
Онда ол жер де ауырлайды ғой. Егер ол жердің салмағы үлкен болса, оған бі барып құласақ, жаңағы жермен қослыпы үшінші жерге барып құлайтын шығармыз деген ойдамын.
madlen
Бүкіләлемдік тартылыс заңы қайда кетті?
Aramza
бүкіл әлемдік тартылыс күшін, бүкіл әлемдік тартылыс күші тартып тұрғой)
asaubota
ох, елки! шынымен де солай екен ғой. енді не істейміз? шегіп келейін, мүмкін ой келіп қалар…

әлде қажеті жоқ неше түрлі малдар, адамдар, құрт-құмырсқа, қоңыз, аңдарды жинап космосқа лақтырсақ па екен?

бірақ, олар кейін бізге құлауы мүмкін ғой, елки…
qisyq
Маржан дұрыс айтады, тартылыс күші бар, оларды Аргентина ма, Австралия ма, очм сол жердің төменгі жағынан лақтыру керек, сонда олар бізге емес, төменге құлайды. Ал Қазақстаннанлақтырсақ қайтіп үстімізге түсіп, сосын сырғып Өзбекстан, Қырғызстанды сыпырып, Пәкістан, Үндістанның бір жақ шетін жырып кетуі мүмкін. Қой нақ.
madlen
Қандай күшпен лақтыруға тура келеді )))))
qisyq
Жоқ, енді, төмен жаққа барсаң, еш күштің керегі жоқ, и так басыңмен салбырап тұрасың, сосын аналарды алып, ақырын ғана аяғынан көтеріп жібересің.
madlen
Қандай қатігездік, ужс! )))))
madlen
Сосын ғарышта мәңгілік айналып, айналып, шаршап кетсе ше? Үйлерін қайдан табады?
Aramza
Өшітім мен!!!!!:)))))))))))))))))))))))))))))))))))
qisyq
Қумашы, Маржан, ғарышта қандай үй, олар жерліктер ғой.
madlen
Үстінен тесейік жерді, астына дейін барғанша ))))
asaubota
таптым! басқа галактикаға лақтыру керек бірдеме қылып.

бірақ ол галактика ауырлап біздің галактикаға құлауы мүмкін.
qisyq
Онда астымыздағы галактикаға лақтырайық!!! Сонда бізге емес, төменге құлайды!
Aramza
Қазір тоқырауға ұшырайсыңдар ахахахаха)))) Ой таусылады
asaubota
кім, Қисық, не ғо, асты-үсті деген жоқ бұл жерде. ауада қалқып тұр барлық денелер. космыс қо бұл космыс.
qisyq
Лібә, сонда аргетиналықтар, жаңа зеландиялықтар басымен төмен қарап жүрмей ме, не???
asaubota
жоқ, жүрмейді. негізі барып көрген жоқпын әрине. бізге солай үйретті. негізі өз ойымды айтатын болсам меніңше олар қисайып жүреді немесе еңкейіп жерді ұстап.
madlen
Қой, шаштарын гельдеп жүру керек болады ғой онда вечно. Төменге салбырап тұрса, прическалары ужс болады ғой.
asaubota
тым жақсы қазақтың жас қызысың, шегесің еще, ұят-ұят!
madlen
Қыздар вообще юбка кимейтін шығар!!!
qisyq
қой, киеді, мен тв-дан көргем. Просто бірдеңе қылып жапсырып алатын болар.
Marco
Кеш те болса айтайын. Жерде өзгеріс бар. Өйткені метеориттер құлап ғарышқа жіберілген спутниктер қалып қойып жатыр.
Aya
Рухтың өсуі шексіз…
Aramza
шексіздіктің нақты белгісін таптым!!! Ол саусақтағы сызықтар!!!
a63a1
Мен ойланып отырмын ия? Енді осы не ойлағаным туралы ойланып отырмын, осылай кете береді
жынданып кетуге болады
Zhan
Өткенде ғана Малиновкадағы частьқа барып бір сарбаздан сұхбат алдым. Сонда сол солдат маған: «Бізге ештеңе ойлаудың қажеті жоқ. Біз үшін бәрі ойлап қойылған. Біз тек Отан алдындағы борышымызды атқарсақ болды» дейді. Онша-мұншаға таңырқай бермейтін басым, сонда мен өзімнің миымды босқа түтіп жүрмін бе деп…
Кейде әрдеңені бір ойлап кеткен кезде осыншама ойдың шексіздігінен адам жынданып кете жаздайды екен. Демек біздің миымыз шектеулі ғана памяты бар флэшка сияқты. Ал Алла тағаланың памяты… Е мое, қалай шаршамайды и осы Құдай" деп құдайдың құдіретіне тағы да таң қалып. Өзім кейде аздап осылай қуалап қоям, айып етпе…
a63a1
қуалаған жақсығой, шектен шықпай)))
daugozhek
ЛІБӘӘӘ қай қайдағы түсіп еске, қой құрсын
ken
Қияли ой №2 болды ма?
Daniar-Alan
біраз гон болыптығүӘ Одмин мен Қисықтың арасында ))
daugozhek
Кеше түнде қауешегімді ақтарып, ми қыртыстарына біраз саяхат жасаппын.

Біз ойлаймыз, біз өмірді өзіміз үшін сүріп жатырмыз деп. Жоооқ, қате пікір.
Біз көлік тәріздіміз, басымыз кабина, ал кабинада былжырап былқ-былқ еткен бір тіршілік отыр, ол «МИ». Тізгінді ұстап неше түрлі команда беріп отырады бізге. ал ол берген командалар біздің іс әрекетімізге тікелей байланысты. Кез келген әрекет есеп, жайғана есеп емес қаншама формулалардан құралады. Қолды көтеру үшін ми қаншама есеп шығарып тастайды.
Сонда деймін де, миымыз білген формулаларды неге біз білмейміз? Айта салса бірдеңесі кетеме?

ПыСЫ: Әлемде «адамдар» емес «милар» өмір сүріп жатыр, ал біз жай мидың құралымыз, тойыс бізге автомашина қандай, бізде «ми»-ға сондай қызмет атқарамыз ғық ғық ғық.

ПыСы-ның ПыСысы: Кеше қағазға түсіріп алғаным қалай жақсы болған)))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.