Мен көрген Астана

  • Автор
Астана
Астана тамаша, ғажап. Әдемі ғимараттар. Зулаған шетелдік көліктер. Бәрі жақсы, бәрі керемет.
БІРАҚ…
Мен көрген Астана бөлек. Кемшіліктерін айтқым келіп тұр ғой:
1) Мешіттің санынан шіркеудің саны көп. Бұл өзі Ресей ме әлде Қазақ елі ме? Әлде мен жүрген жер шіркеудік жаны болды ма екен?! Шіркеу неткен көп еді деп іштей ызаланып келе жатсам анадайдан менмұндалап синагога тұр. О Құдай, бұ қалай болды?! Әйтеуір мен білетін мешіттер Нұр Астана, Артемнің қасында Ғылмани атындағы бір мешіт және Шұбардағы мешіт, одан басқа қандай мешіт бар? Тағы бір байқағаным бұ жақта Алматыға қарағанда хиджабтағылар аз екен. Бәлкім, орамал таққан әпке-қарындастарымыз үйлерінде отырған шығар деп жақсы ойлап қояйық!
2) Қазақ тілінің халі мүшкіл екен. Қай облыс орталығына барсаң да орысша сөйлейтіндерді көріп үйренгенбіз ғой. Алматыда да солай. Бірақ Алматыда орысша сөйлейтіндер мен қазақша сөйлейтіндерді түріне қарап-ақ байқауға болады ғой қайсысы қай тілде сөйлейтіні. Ал мына жақта түріне қарасаң ауылдың қап-қара қазақтың баласы, бірақ бірауыз қазақша білмейді, таң қалдым. Қайдан екенін сұрасаң, солтүстік жақтан екенін аңғартады. Қайда-а-ам, қанша уақыттан кейін барлық жерде қазақша болатынын. А мен қырсықпын, Астанаға келіп осы қырсықтығым одан сайын шыңдалды: БӘРІНЕ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН, ТҮСІНСЕҢ ДЕ, ТҮСІНБЕСЕҢ ДЕ!!!

Ahi

    Ұқсас посттар

    45 пікір

    meirzhan
    Тақырыптарыңның ауысқаны қуантады. Өміріңдегі өзгерістерге, көргеніңе байланысты басқа қызығушылықтар пайда болған сияқты.

    Мешіттің санынан шіркеудің саны көп.
    Конституция, заңға қайшы емес.
    Қазақ тілінің халі мүшкіл екен.
    Қайта Целиноград Астана болғалы тілдік жағдай жақсарды. 10-15 жыл бұрынғымен салыстырғанда. Дәл осы аймаққа астана салудың себептерінің бірі де осы ғой. қазақыландыру.
    Janasil
    Астанаға қош келдің!!!
    araika
    БӘРІНЕ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН, ТҮСІНСЕҢ ДЕ, ТҮСІНБЕСЕҢ ДЕ!!!
    Байқа бала, небір дәл осындай позицияны ұстанып, Астанаға аяқ басқандардың халі жақсы боп кетті деу қиын. Қырсықтық-жақсы қасиет емес
    saken
    дәл осындай қырсықтарымыз көбейе берсін деп тілейік!
    asaubota
    Астанаға уақытша келіп жатсың ба әлде тұрақты ма? не болса да қош келдің!
    Ahi
    Тұрақты деп ойлап жүрмін, лезде уақытша боп кетпесе)
    xawgim
    jaraysing, jahsi jazilgan
    AKY
    хиджабтағылар аз екен
    қиын болыпты.
    Ақтөбеге келсейші, хиджаб тұрмақ, көзінен басқа барлық жерін тұмшалап алғандарды көресің.
    satibaldi
    Ашуланбаш енді.
    AKY
    тәлібтерден қорқам, фобияссс
    adilet88
    Таблиғ деңіз
    Gastarbaiter
    Тәліп пен Тәблиғдың айрымашылығы орта есепті "әбдрәзаққа" Ренуа мен Вангогтың айырмашылығындай…
    adilet88
    "Әбдразақ" деген кім
    adilet88
    неге минустап тастағансыздар. Озім жаңадан қосылсам
    VKM
    Ал маған Астана ұнады!)
    satibaldi
    Мх-бхм-хыхха-ха-ха-ха-хаа)))))
    VKM
    не деген сөз, аударып жверш))
    satibaldi
    Сен ұнатамын деп жазбасаң да, маған сен жазған сондай каменттер автоматический елестей беред.
    rauka
    Ия, Астана керемет, ғажап!!! Маған әсіресе көщшелерінің біраз қазақшаланғаны ұнады, Сығанақ, Түркістан т.б. ескі атаулармен аталғаны мені кәдімгідей марқайтып тастады. Менің де барғым келеді, бірақ… суығынан қорқам…
    satibaldi
    Адамдар бары рас па?
    rauka
    Адамдар… мммм
    Ahi
    Иә, көшедегі қазақша аударғандары өзіме қатты ұнады. Подъезд дегенді кіреберіс деп аударғанын шынымды айтсам осы Астанаға келіп білдім.
    Ahi
    Сығанақ, Түркістан т.б

    Обаған деген де көше бар) Айтпақшылай, шынымен Обаған деген не немесе кім?
    nurbergen_makym
    Обаған оңбаған өзен бір…
    Aramza
    Қайда-а-ам,
    боқатам!!!!
    Aramza
    оны қайтесің?
    Aldeken
    Не ғо, мешіттен шіркеу көп деп жыланғанға көңілім қалатынды шығардым…
    Неге дейсіңдер ме? себебін айтайын.
    Біріншіден, қай мешіт, шіркеу мемлекеттің заказымен салынды екен. Менің білетінім бір шіркеу, ол Ақтөбедегі «Нұр-Ғасыр» мешітімен қатар салынған шіркеу, бірақ, онда да екі құрылысқа да жергілікті әкімшілік бастамашы болғанымен, құрылысты қаржыландыру ерікті түрде арнайы қорларға жинақталған ақшалар есебінен жүргізілді.
    Бір қызығы, жаңағы Ақтөбедегі мешіт пен шіркеудің салынуына байланысты бір мезгілде екі арнайы қор құрылды. Содан біздің қазекеңдер газет, телефизорға сұхбат беріп, «Алла жолындағы құрылысқа ырым қылдым» деп, 7, 77, 777, 7777, 77 777, 777 777, 7 777 777 теңгеден аударып жатқанда, христиандар барды да, үн-түнсіз 100 миллиондап құйып тастап, құрылысын бастап жіберді. енді болмағанда мешіттің құрылысын енді бастап, ішіндегі туалет саны қанша болу керектігі туралы облыстық деңгейдегі даулы сұрақты шешеміз дегенше, Шіркеудің төбесі жабылып, Ресейде арнайы құйылған қоңыраулары келіп те қалды. Енді мешіттің құрылысы шіркеуден кеш болатын болды деген наразылықтар туа бастағасын облыстың Бегалыдан шыққан әкімі іске араласып, шіркеудің тітейін деп тұрған құрылысы тоқтатылып, мешіттің құрылысы қуып жетуіне мүмкіндік тудырған еді, мешіт құрылсына жетпей тұрған қаражат, облыстың маңдайалды кәсіпорындарына (мұсылман, қазақ, шүршіт, пұтқа, буддаға сиынатынына қарамастан жаппай бәріне) бөлініп, жедел түрдже қорға аударылуы міндеттелген еді… Бұндай мәселе көп жерлерде болды десем қателеспеспін.
    Ал, сонда мешітке қарағанда шіркеудің көп болғанына кім кінәлі?
    Онда кешегі мемлекеттік мекемелердегі намазханаларды жаптырып тастаған заңға да бір норма кіргізетін адамсыңдар ғой, мемлекет ел ішіндегі мешіттердің санының шіркеу санынан көп болуын қадағалайды деген, толеранттықтарыңдыссс.

    Пы.сы. Алдын-ала ұзақ пікір үшін кешірім сұраймын.
    Арнайы Сатыбалды Кербабаев үшін: Көвәріп Технолоджидің бұл жазбаға қатысы жоқ…
    nurbergen_makym
    Осы Қазақстандағы шіркеулер қай епархиатқа қарайды?
    Aldeken
    Архиепископ Астанайский деген біреуді еститінмін радиодан, содан сұрап көрсең анығын білерсің деп ойлаймын…
    patick
    Бәрібір Жоғарғы әкейлерді Мәскеу тағайындап отырады.
    satvaldo
    Кирилл әкей жібереді жолдамамен…
    patick
    Сөзіңде жан бар, негізі.
    Beytanis
    Мешіттің санынан шіркеудің саны көп

    ҚАТЕ ПІКІР, САУДА ҮЙЛЕРІ КӨП, УӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘ!!!
    bazuka
    онда да екі құрылысқа да жергілікті әкімшілік бастамашы болғанымен, құрылысты қаржыландыру ерікті түрде арнайы қорларға жинақталған ақшалар есебінен жүргізілді.
    еріксіз түрде де жүргізілді бұл жұмыс)) мен жасаған мекемеде расчетный бухгалтерді талайлар келіп қарғап кеткен сол ұстап жатқандай ақшаларын)))
    satvaldo
    актиф мұсылмандардың, яғни намазхандардың 100-де 70-і (бұрын 90 пайыздан астам еді) қарапайым тұрмыстық нәрселерден хабары жоқ. яғни дүнияуи сауатсыз (кертартпа кесапат десем артық кеткен болмаспын) дер едім. дінді үйренуде заһиріне (көрінісіне) жүгінеді, батынына (асыл болмысы, көбіне көзбен көрінбесі) бойламайды. осыдан барып жалпы өлкеміздегі діни ахуалды бағамдай берсең болады.
    asaubota
    егер Астанаға тұрақты келіп жатсаң қазірден бастап негатив қарауға тырыспа. иә, түсінемін алғаш келген кезде адам жаңа жерге үйрене алмай, жатырқап, өз үйін сағынып, кеткісі келіп тұрады. психологиялық тұрғыда бұл қалыпты нәрсе. негатив көзқарастан арылып, позитив қарауға, қаланы ұнатуға тырыс. олай істей алмасаң ең дұрысы кету. бәрібір бір жұмысты жақсы көрмесең ол жұмысты жасай алмайсың, бір қаланы жақсы көрмесең ол қалада тұра алмайсың, бір әйелді жақсы көрмесең онымен бірге өмір сүру азап. сондықтан егер өз қалауыңмен келген болсаң көнесің, шыдайсың, ұнатасың.
    User
    Хиджаб қазақтың киімі емес бауереем)
    salta
    келісемін, үйде отырғандарына қуанатыныңызды түсінуге тырысармыз, бірақ алдымен олар қазақ болып алуға тырысқандары да дұрыс шығар
    salta
    мен Астанада тұратыныма биыл 13 жыл болыпты. мен қаланы жақсы көремін,әрбір салынған үй көз алдында көтеріліп, тарихқа куә болып жүргендердің бірімін. мен алғаш келгенде дүкеннен нанды орысша сұрамасаң бетіңе бажырайып тұрып алатын жергілікті тұрғындар. аяғым ауыр кезде орыстың кемпірімен автобуста төбелесуге дейін барғанмын. әлгі орыс мені аяғы ауыр екен ау деп тұрған жоқ, ұрғысы келіп тұрды. сондағы менің жазығым, студенческаяға барады ма деп сұрағанда кондуктор ол аялдаманы білмеді, мен сосын оған қазір олай аталмайды, қазір ол Абылай хан көшесі дегенмін, сонда ана кемпір айғайлап ала жөнелді, менің сендердің тарихтарыңа түкіргенім бар. жай уақытта мінезімді жинай алмайтын адам, кеттіііім ашуға булығып, автобус ішіндегі қазақтар тоқтатпағанда әлгі кемпір мені таяғымен сабағалы тұрған. не ғоо, қуып кеттім негізі… шүкір деу керек, мешіт көбейсе мың да бір шүкіршілік дейміз, тек адамдардың санасын таза ғып берсін дейміз, шіркеудің көптігі қазақтардық мешіт салуға асықпайтындығында емес, 50 жылдан бері тұратын өзге ұлт өкілдерінің көптігі. қазақ астанасының іргесі қаланғанына 13 жыл болды, аларымыз әлі алда. Астанаға бәрібір еш қала жетпейді. Қош келдің, бауырым! Аршаттың айтқаны дұрыс, ең алдымен жүрекпен қабылдай білу керек.кереметтер айтар ем, езіп кетті шешессс… деп жүрерсіздер
    saken
    қандай болса да ол біздің Астанамыз ғой. Ұнамайтын жерін ұнайтындай қылып жасау өз қолымызда.

    пЫсЫ: ол жақта біраз Қазалылықтар жиналып қалды деп еді, жалғызсыратпайды деген үміттемін.
    Zhanka
    Ал мен жек көремін Астанаңды. Атыраудың адамына астанаға үйрену тозаққа үйренгеннен де жаман. Кілең ёжиктер (оңтүстіктің қарақтары). Кетейін десем, кете алмай, жүріп жатқан.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.