Гүлге тапсырыс беру қаншалықты оңай?



Гүлдер тақырыбына қайта оралайық. Қателеспесем, гүлдер сатылымда екі түрлі формада кездеседі:
дәнекті жане клубень. Басқа жақтардан жаңа гүл сорттарына тапсырыс жасап көрсе, дәнегін ешқандай қиындықсыз салып жібереді. Ал клубеньге келгенде – проблема. Ресейден алдыртатын болсақ, арнайы маусымды күту керек, күз болсын, жаз болсын деп созып алады, себебі – клубеньдер кез-келген уақытта тасымалдауға жарай бермейді.Онда да сапасын сапар соңына дейін жоғалтпайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Дегенмен онымен айналысатындар көп.
Амстердам аэропортында Шипхолда гүлдің түр-түрі бар, ой,қарасаң көз тұнады.
Оларды әрі-бері өткенде еш қиындықсыз алуға болады. Бірақ аэропорттарда ұшақпен
клубень тасымалдатпайтыны ойландырып тастады.Себебін білмейсіздер ме?
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше