Авторлық құқық туралы заңға қандай өзгерістер енгізу керек?

  • Автор
"ҚР Авторлық және сабақтас құқықтар туралы" Заңына алдағы уақытта өзгерістер мен толықтырулар енгелі жатыр. Себебі еліміздегі ең көне, ескі, «не в тему» заңдардың көш басшысы осы АжСҚТ заңы болып тұр. Ол заңда Интернет, Интернет-ресурс, блог, электронды басылым (БАҚ) немесе онлайн-газет-журнал деген сөздер жоқ. Сөз болмағаннан соң түсіндірмесінің болмайтыны да түсінікті болар.

Енді мәселеге көшсек. Қазір аталған заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты орыстілді Интернет белсенділері әрекет етіп, өз ұсыныстарын тықпалап жатыр. Олардың арасында "ҚИА" "Үш рет шерту" тактикасын ұсынып еді, соның салдарынан ассоциациялары айтарлықтай ыдырап, құрамындағы ықпалды Интернет-ресурстар шығып кетті. Шықпаса, одан ары дейміз. Себебі Қазақ Интернетіне пайдасы шамалы ассоциацияның мәселелеріне неге бас ауырту керекпіз?
Біз, Қазақ Интернетінің белсенділер (блогшылар, Интернет-сайттардың иелері, Интернет-журналистикада жүрген адамдар), Авторлық құқық туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланыстыөзіміздің ұсыныстарымызды, идеяларымызды ұсыну керекпіз. Егер біз белсенділік танытпасақ, ол заң қабылданып кетсе, онда тағы жүреміз «Мақаламды ұрлап кетті :(» деп. Белсенділік танытқанда ұтатынымыз бұл ғана емес. Қазақ Интернетінің болашағын орыстілділер ойламайды.

Егер белсенді болып, депутаттарға заңға байланысты өзіміздің ұсыныстарымызды жолдайтын болсақ, бұл ұсыныстарды БАҚ арқылы көпшілікке таныстыратын болсақ, қазақтілді Интернеттің бар екендігін және оның қазанында қайнап жүргендердің де қолдарынан іс келетіндігін, әрекет ететіндігімізді және бірдеңе болатын болса, тек орыстілділермен ғана емесе, бізбен де санасу керек екендіктерін ұқтырамыз.

Соынмен, осы жазылғандарды оқып отырғандардан ұсыныстар болатын болса, соны талқылайық, бірігіп пішілген тонның келте болмайтынындай, депутаттарға талқыланып, «піскен» ұсыныстарымызды жолдайық. Әзірше мынадай ұсыныстар бар:

Тіркеуден өткен Интернет-ресурстарға БАҚ-тың мәртебесін беру
Интернет-газет-журналдар (сайттар) да дәстүрлі БАҚ-қа теңестірілген заң бар. Оған сәйкес, біздер заң алдында жазғанымыз үшін жауап береміз, міндеттіміз, алайда БАҚ-қа берілген құқықтар (артықшылықтар) Интернет-ресурстарға берілмеген. Мысалы, бір мекемеге «мынадай Интернет-порталданмын. Мына мәселеге байланысты жауаптарыңыз керек еді» десеңіз, сізді бір ж(н)аққа жібере салуы оп-оңай, өйткені сізде заң бойынша «Журналист» деген мәртебе жоқ. Осыны ескере келе, тіреуден өткен Интернет-ресурстарға «Электронды БАҚ» мәртебесі беріліп, дәстүрлі БАҚ-тың құқықтық мүмкіншіліктері де берілсе екен;

Интернет-ресурстарға да БАҚ деп тану
"ҚР Авторлық және сабақтас құқықтар туралы" Заңында Интернет-ресурстарды (тіркеуден өткендерін) дәстүрлі БАҚ-пен қатар мәртебеге жеткізсе. Егер солай болатын болса, Интернет-ресурстарда жарияланатын мақалалар мен фото-видео материалдарға байланысты авторлық құқық бұзылса, сотта өз құқықмызды қорғап, еш күмәнсіз жеңіске жетуге болар еді. Қазіргі қолданыста жүрген заң Интернет сайттарда мақала жазатын авторлардың құқықтарын қорғамайды;



«Тіркелудің қажеті не?» деген сұрақ тууы мүмкін. Жауап: тіркелмей газет-журнал шығарған адамның құқын ешкім қорғамайды. сол сияқты, тіркелмеген Интернет-ресурстың құқын ешкім қорғамайды. Сотқа талап-арыз жазғанда «Сайттарың қайда тіркелген, құжаты қайда?» деп сұрайды.
Zako

Аз білсең, тыныш ұйықтайсың!

Ұқсас посттар

11 пікір

Zako
Адамдар, еш ұсыныс жоқ па? Мұншалықты енжар болғандарыңызға таң қалып отырмын. Заңға өз ұсыныстарымызды ендіру мүмкіндігі бола тұра үндемей қалғанымыз жарамас.
Орыстілділер өз ұсыныстарын айтып жатыр, солар ғана көзге көрініп жатыр. Ертең олар тағы грант алып, мемлекеттен қолдау алып жатса, күндес қатынша отырамыз ғой "Қазақтарды қолдаймайды, бізге көмектеспейді" деп. Әрекет етейік. Белсенді болайық.
e_zhalgas
оның мәтінімен таныс болмай жатып, бірдеңе айту ыңғайсыз ғой
Zako
Жалғас, қайдағы мәтін? Ол бар заңға өзгеріс енгізу ғана ғой. Сол өзгерістердің ақндай болғаны дұрыс болар еді деген сауал менікі. Ертеі заң қабылданып кетсе, отырамыз ба тағы 10-15 жыл күтіп?
e_zhalgas
сол мәтіндегі спорлы моменттермен таныс емес екенмін, жалпы заңдық мәтінді оқу әдетімде жоқ екен
Zako
Ескі заңды қарап шығуға кеңес беремін.
Aldarkose
Ақымақтар, Шымкенттік журналистерді жеп отырған нандарынан айырып, балаларына қиянат жасамақсыңдарма? Ұяттарың қайда? ©7серік баспасы )
blackbeard
Мықты журналист болғың келе ме? Интернеттен үйрен де ұрла © ШымкентИАКPRINTUnitedPicturesCorporationHolding баспа үйі
Zako
Өткенде адвокаттарға барғанда «Мақалалардың сендерге тиесілі екендігін дәлелдейтін қолжазбаларың бар ма?» дейді. Ал мен: Апатай-ау, компьютердің пернетақтасы тұрғанда қайдағы қолжазба? Бір жұмысты екі жұмыс қылып керегі не?! дедім. Заңға байланысты ұсыныстар қатарына осы қолжазба туралы ережелерді де енгізуге болады. Интернет-ресурстарда қолжазба деген түсінік жоқ. Есесіне, электронды хат алмасу бар.
satibaldi
Өткенде адвокаттарға барғанда «Мақалалардың сендерге тиесілі екендігін дәлелдейтін қолжазбаларың бар ма?» дейді.
Лібә, адвокаттардыкі дұрыс нақ, осыны о баста айтқанда айтақтап науқанға қойып кеттіңдер, енді алдарыңнан шықты.
Есесіне, электронды хат алмасу бар.
Заң бойынша сандық (digital) форматтағы нәрсе, оны қолдан жасау оңай болғандықтан — дәлел бола алмайды. Мысалы, мен саған қазір Инеттегі қойдан көп сервистердің бірін пайдаланып, president@akorda.kz поштасынан хат жібере аламын, сонда мен сен үшін ендігәрі — Елбасы болам ба?
Zako
Лібә, адвокаттардыкі дұрыс нақ, осыны о баста айтқанда айтақтап науқанға қойып кеттіңдер, енді алдарыңнан шықты.
Интернетте қандай қолжазба? Тікелей жазудың орнына алдымен қағазға қолмен жазып, кейін оны теріп жүру ақылға сыймайды. Заңның «соқырлығының» бірі осындай бәлелерді талап етуінде.
Заң бойынша сандық (digital) форматтағы нәрсе, оны қолдан жасау оңай болғандықтан — дәлел бола алмайды. Мысалы, мен саған қазір Инеттегі қойдан көп сервистердің бірін пайдаланып, president@akorda.kz поштасынан хат жібере аламын, сонда мен сен үшін ендігәрі — Елбасы болам ба?
 Бұл мысал мүлдем бөлек.
Zako
Біздің қазекем үнсіз жатқанда, орыстілділердің ұсынысы Мәжілісте қаралып кетті :(
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.