Сәуірдің үші. "Сайлау" спектакльі

Апыр-топыр… адам түсінбейді. Алдымен референдум деп “ реңіміз” кіріп қалып еді, қаңтардың 31-інен бері алдын ала сайлау деп алаөкпе болып жатырмыз.Сайлау болатыны белгілі болған сағатта оппозиция қатарындағы ойлы азаматтың бірі өкінішін білдірді. “ Референдуму нет” деген жазу басылған 10 мың дана күнтізбе мен төсбелгілер дымға жарамай қалатын болды деп жыларман болды. “ Енді басқа жазу жазса болмай ма?” десем, болмайды екен…
Ал мына жақта 5 млн 16 мың адамның референдумды қолдаймыз деген қолы бар қағаздары жатыр. Құдай-ау, сонда ешкімнің ештеңесі кеткен жоқ, тек есіл қағаз ысырап болды да… Құрысын, біздің Парламент арбаға жегілген пар аттай пысылдап, “ Конституцияға енгізілетін толықтырулар туралы” заңды отандық жылнамада болмаған жылдамдықпен қабылдап тастады. Басында 7 минут, бүгін міне, Мәжіліс 39 минутын, ал Сенат бар жоғы 25 минутын жұмсап, алдын ала сайлаудың құқықтық негізін қамдап, ау-бауын түгендеп тастады. Қимылы шалт, сөз аздау, қолды көтереді, қолды түсіреді… Елбасы дап-дайын заңды шолып, шиырлап қолын қойды. Датасы – 3 ақпан.
Сәйкесінше, тура екі айдан соң, 3 сәуірде сайлау болады деген сөз. Бұйырса. Сөйтіп, “ сайлау” деген бөтен де таныс спектакльдің шымылдығы түріліп, бас кейіпкерлердің сұлбасы қарауыта бастады. Ол кейіпкерлердің кім екендігіне болжамды келесі сериядан, тойыс жазбадан оқисыздар!


Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/02/03/%d1%81%d3%99%d1%83%d1%96%d1%80%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d2%af%d1%88%d1%96-%d1%81%d0%b0%d0%b9%d0%bb%d0%b0%d1%83-%d1%81%d0%bf%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b0%d0%ba%d0%bb%d1%8c%d1%96/
Бөлісу:

2 пікір

Abilakim
Бұл кісінікі "Қыс азығын жаз сайланың" кебі ғой
sammita
5 млн 16 мың адамның қолы бар қағаздардың көзін бәлен уақыттың ішінде құртамыз деп отыр. Құрттың не құртпадың не, есіл ақша, уақыт, тозған жүйке, шынымен.