Ішкі жеке толғаныс

  • Автор
Көп болды керек жаққа кірмегелі,
Флуды көп посттарды ілмегелі.
Ассалаумағалейкум ағайын-жұрт,
Улап-шулап отырған іргедегі.

Мына бала не деп кетті демеңіздер
Ақтарайын жиналғанын көңілдегі.
Плюс қою, минус қою болса дағы,
Нысанағы ілмеңдер енді мені.

Сайытымыз бірер күн жабылып қап
Басталып ед керекшілер дүрбелеңі.
Админ ағай Аршаттың арқасында
Сайтқа қайта бәрі кірген еді.

Алайда айта кетер бір нәсе бар
Айтудың да уақыты келді енді.
Қолданушы этикасын айта-айта,
Аршаттың шыдамы да біткен еді.

ҚазНет деп еңіреген сол ағамыз
Керек-айтыс жасауға уәделеді.
Әкімдерші сөздері желге ұшты ма?
Сағат жылжып, апталар өткен еді.(Айхай-ахоооуу! Аааа-ииии!)
konvict

Флуд жасау ісінің шебері!

Ұқсас посттар

23 пікір

blackbeard
Өй де! Көп жаса, очкиің буланбасын шырағым!
konvict
Әу деп жібер сен де
meirzhan
Өлең құрауға мастер болсаң тіркелмедің бе,
Өзің атсалысып көрмедің бе,
Как раз кісілер жетпей жатыр деп айтып еді,
Табылды ғой айтыстың жас өрені.
blackbeard
Oppaa! 1 adam kaldy degen edi!
meirzhan
Конвикт қатыссын ба?
Менікі ережесіз айтыс қой
konvict
Табылды деп айтыстың жас өрені
Ақындардың бір парасы деме мені.
Керекте бұлайша сөз сөйлер болсам
Бұл да бір бейшараның сергелдеңі.
meirzhan
Біз үшін сөз сөйлегін ақтарылып,
Жастардың үмітін ақта жанып,
Бейшараға теңемегін өзіңді,
Қаларсың муза шешеймен құтқарылып.

Akon-дей ақтарсаң сен жырларыңды,
Эминемдер қоймайды тамсануды.
Әділ қазы Доктор Дрэ, Снуп догтарың,
Қояр саған бағаны ең жоғары.
konvict
Сіз үшін сөз сөйлесем ақтарылып,
Аллаһым берген шығар бақ дарытып.
Бола алмаспыз Акондай, Эминемдей.
Алғанменен сендерден мақтатылып.

Және де бола алмаспын Снуп Догтай
Эминемдей бола алмаспын жанып, оттай.
Алайда тіліміз бар сала құлаш
Қыздыратын барлығын қызыл шоқтай
Gamk
Ал жүйріктер, не тұрыс олай болса,
Шапқын өрге көңілге қолай болса.
Ақтарыңдар жүректен ақ жырларды,
Қосыламыз жырауларға орай болса.
AKA
Армысыңдар ағайын!
Мен де әуенге салайын.
Керектегі ақындар
Шаң қаптырады талайын.
Келтіріп айтыс шырайын,
Қолдау білдіріп тұрайын.
Шын мықтының жеңуін
Жаратқаннан сұрайын.
Lyaila
Айтыс деген — сара із!
Тосудамыз сіз бен біз
Бастап кетсе тездетіп
Қол соғуға жарармыз
satibaldi
Ең болмаса табытта жатқанын көріп үлгірем бе, а?
konvict
Үлгере алмайсың бе деп қорқамын. Артынан барып інжіл бағыштап тұрарсың.
Beytanis
оффтоп: конвикт дос, неге аваңа гүл қойып қойғансың???
VKM
Гүлдей болып құлпырып отыр деген мағнада шығар))))
manfan
ұйқастырып жазындаршы а өлеңді… өтініш сіздерден
meirzhan
Өлеңді ұйқастыру керек пе не
meirzhan
менікі өлең емес. жай фрикол ғой.
LemonadeJoe
vawe prikol sait bez b...)))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.