Контентті қорғаудың маңызы

Егер бір адам сайтында (блогында) жариялайтын жеке (бірыңғай) контенттерін қорғамаса не болады? деген сауалға жауап іздеп көрейік.

Автордың шығармашылық белсенділігі төмендейді. Бұны жыл сайын егін егетін, бірақ егінін жыл сайын шегіртке жеп қоятын шаруамен салыстыра отырып түсіндіруге болады. БІрнеше рет қатарынан немесе бір рет-ақ шегірткеге «таланған» шаруаның егін егуге деген қызығушылығы төмендеп, шаруасы тоқтайды немесе басқа гаруа көзін табады. Сол сияқты өзінің шығармашылық еңбегін (бұл жерде мақала, блогтағы жазба туралы) басқаларға ұрлатқан адамның шығармашылық белсенділігі төмендейді. Еткен еңбегіңіздің рахатын басқа біреу көріп жатса, адал еңбекпен жеткен жетістігіңіз бір күн де басқалардың қолында кетсе, сізді жолда қалдырып кетсе, сонда шаруаның басындағы жағдайды түсінесіз.

Әділетсіздік. Кейбір сайт иелері сайттарындағы өз контенттері үшін қаржы, уақыт және зияткерлік еңбектерін жұмсайды. Дайын болған уақытта жарты жолдан арамтамақтар келіп, әлгі сайттың материалдарын көшіріп алады да, өздерін сайттарына қояды. Сілтемесін қойса да бір сайттың біраз мақаласын көшіріп алу деген не сұмдық? Бұндай әрекет ақша, шығармашылық еңбек, уақыт жұмсалған дайын сайтты көшіріп алушылардың ісінде қалайша әділдік болады? Біреулердің жылдап еңбектеніп, көп ақша жұмсап жеткен еңбектерінің нәтижесіне басқа адамдар еш ақша жұмсамай, ондаған сағат уақыт жұмсап-ақ жетсе, алғашқы сайттың трафигін өздеріне «бұрып (тартып)» алса да, ҚОҒАМ ҮШІН ПАЙДАЛЫ БОЛАДЫ деу нағыз ақымақтық, біреудің еңбегін қанағандардың сөзін сөйлеу деп білемін. Іздеген адам керек материалын негізгі (түпнұсқа) сайттан-ақ тауып алып оқиды. Бұл әриине, жаңалықтарға қатысты емес.

Бұған дейін болған Арулар.кз
Арулар (www.arular.kz) атты нәзікжандыларға арналған сайт болыпты деседі бүгінгі ҚазНеттің қолданушылары. Ол сайт қазір де бар, бірақ сөз болғалы тұрған сайт бұрынғы нұсқасы болмақ.
Арулар сайтының контенті ерікті Интернет-қолданушылардың араласуымен толтырылып отырған. Бір күні ақсақ журналистикамыздың топас әрі арсыз журиксымақтары сол сайтта жарияланған мақалаларға қол сала бастаған (ұралаған). Оны білген авторлардың көңілдері толмай, еңбектерінің нанын қайдағы біреулердің, шығармашылығы НӨЛ сорлы, аянышты халдегі журиктердің жеп жүргеніне наразы болады. Солай жалғаса бергеннен соң сайттың контентін жасап жатқан аруларымыздың шығармашылық белсенділіктері төмендеп, қызығушылықтары жоғалып, сайт тоқырауға ұшыраған. Бұл бір ғана тірі мысал. Егер біыңғай контентіңізді ірі көлемде ұрлық жасайтын шығармашылықтан жұрдан ұрылардан қорғамасаңыз, келесі тоқырауға ұшырайтын сайттың орнында сіздің немесе сіз үшін маңызды сайттың біреуі болуы мүмкін.
фото: noobpreneur.com
Келесі жазба "Контентті қорғау жолдары" тықырыбында болады.
Бөлісу:

1 пікір

just19
Шынымен де. Арулар.қз сайтына кіргенмін кезінде. Кейіннен мақалаларымызды ұрлады деген пікірлерді де көргенмін. Мүмкін, нағыз газетке жарайтын туындылары болған соң, сондай жағдайға түскен.

Бірде гуглден мақала іздеп жүріп, қытай доменіндегі бір сайтқа (форум) түстім. Іздегенім алдымнан шықты, текстін копи пастеге ұрайын десем, беті әйнекке ұқсаған ба, выделить етілмейді оЧм.

Тағы бірде БЕУдің текстін ала кетейін десем, копи+пастеден қорғалған деп шықты. Осындай дүниелер жақсы екен.