Вашингтонның ресми иістері

  • Автор
(817.1 Kb, 1920x1080)

Баскентіндеміз. Штаттардан құралған Американың. Жан-жақтан әрқайсымыз түрлі уақытта кеп бас тіредік Georgetown suites қонақүйіне. Қайсымыз 20, қайсымыз 36 сағат құртыппыз мұхит асу машақатына.

Кеше кешкісін әуежайдан Бангладештік Мұхаммед атты таксист әкеліп тастады. Халал табысым осы дейді. Үйленген, екі баласы олар Вашигнтонның орталығынан қашығырақта 1500 долларға пәтер жалдайды екен. Қаржысызды, табысы төменді ығыстыратын кент дейді ашына. Бірақ, еңбек етемін деп талпынамын дегенге мүмкіншілік көп дейді. Мұхаммедтің дәл осы сөзін тек Вашингтон емес, басқа да бірқатар қалаларға телуге болады-ау. Екі қолға бір күрек, есектің артын жусаң да пұл таптың кері, таяқты қайда тастама.

Бүгінгі күн тәртібі ерте басталды: таңертеңгілікке жетілерде түсіп, үйлестіруші J.B. Leedy уағдаласқан жеті жарымға дейін оразамызды ашып алдық. Қызық екен, ас үйдегі бөлек дастархандарға жайғасқан біздер Лиди келгесін ғана, соның жанында топтасып, бір-бірімізбен визиткаларымызбен алмаса бастадық. Дені мұсылмандыққа бойұсынған қыз-жігіттер. Португалия, Қытай мен Африка құрлығының екі-үш азаматын есепке алмағанда. Үйлестірушілердің ә дегеннен алуанмәдениетті ортада емін-еркін аураны қалыптастыра білуде машықтанып қалғанын байқадым. Әйтеуір, бізге арнайы бекітілген Лиди мен Николь жүріп-тұру, күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша қажетті көмектің түгелін көрсетіп бағуда.

Блоггерлерде қобалжу байқалады.Міз бақпайды, дегенмен.

Ылғалдылығы шыдатпастай екен. Бірден көзіме түскен ерекшеліктерінен жүгіру мен велосипедпен жұмысқа барып қайту ұлттық идея санатында екенін айтайын. Көп жүгіреді екен, көбісі жүгіреді… Бірақ, рациондарынан біздің дәстүрлі астарымызды күту орынсыздау ма, әйтеуір жақсы шәй мен етті тамаққа зәру күй кештік. Шеке тырысып, асқазан азар да безер боп кетпесе де, бұл кішігірім қолайсыздықты еңсеру біраз әрлі-берлі сабылысты керек етті. Таптық сосын керек етті.

Алтын жалатылған ешнәрсе жоқ. Қарапайым ғана нәрселер, бірақ әр не өз бабымен, өз парқымен кәдеге жаратылуы Американы Америка қылып отыр-ау осы деген тұжырым туғансыды. Дегенмен, қазсаң, кілтипандары да аз емес. Әзірге екіұдай әсерлер бір-бірімен айқасып жатыр. Бір білгенім, АҚШ турист ретінде қыдырып келетін жер емес. Ол айызды қандыру үшін Түркия бар, Дубай бар, басқасы бар… Кинодан көргендермен салыстыруға тырысасың, біраз ұқсастықтар тауып, кейбір тұстардың бізге әсіре абаттандырыла тәпсірленетінін түйінесің.

Айтқандай, әр адамның өзіне физиологиялық дене бітіміне тән иіс болатыны сияқты, АҚШ-тың да өз иісі бар тәрізді. Климаттық, тұрмыстағы ұстанымдарына байланысты факторларға байланысты шығар, әйтеуір бір исі кетпей қойды иісті сезе қойғыш айналайынымыздан.

Алда АҚШ үкіметінің қазіргі заман медиясына жауапты ресми өкілдерімен кездесу. Жолшылықтан кейінгі шаршаудың мәнісін тауып, жайлануға мұқтажбыз. Атлант мұхитының үстімен қалықтап бара жатып, борттың артқы шебіндегі терезеден қарай қойған едік, бір түрлі болып қалдық… Көп қалай қорқытанына мысал көп, тереңнің батыратынын мысалсыз-ақ елестетіп көрдік. Елестетуіміз бекер екен. Қайтарда сол елес, сол үрейлер бойды билеп алмаса игі. Пендеміз ғой.

Кейде алдағы болашақтардан молырақ оң әсер алу мақсатында алдын-ала өзіңді қайрай отыруды жатырқаудың керегі жоқ дегенді естуге болады. Үлкен кездесулер алдында қайрақ өз ісіне кіріскен бе деп қалдым…

Ұқсас посттар

26 пікір

Arhun
cугретті кішкене кішрейтсе…
omarbirat
Елтанудан сабақ берген апайымыз: «Вашингтонда өзіне тән бір иіс болады. Ол қалада негрлер көп болады. Жаңағы иіс дегеніміз солардан шығады екен» деген еді. Рас екен ғой ))))
Nurgisa
Шын, бір исі бар. Спецификалды…
Кофені сіміргенде жанын шығарады екен. Шайды онша мойындамайтын тәрізді. Бұларды баппен қайнаған самауырдың шайына отырғызу керек, келіп, Шымкенттіктер саудалап, соңыра өзіміздікілерді тартатын… Ұшы қиыры жоқ тың нарық, несі бар…
Gastarbaiter
Кофені жейді енді. Өзімізде жұмыс жасап жүрген экспаттардан білем. Сосын cofee-breath -деген ұғым бар. Кофе іше бергеннен ауыздан пезнес бір сасық иіс шығады.
Daniar-Alan
Шымкенттіктер саудалап, соңыра өзіміздікілерді тартатын…

 Бүкіл әлем шымкенттіктері! Бірігіңдер!
asaubota
суреттер күтеміз енді
Galym
bul sapardyn maksaty ne edi Nurgisa? otkende aytkanymday, uakyt bolsa bizge de kirip ket.
Nurgisa
US Department of State Foreign Press Center ұйымдастырған блоггерліктегі саяси және әлеуметтік бағыттағы өзгерістердің барысымен дұрыс жұмыс істеу жөнінде пікір алмасу форумы ғой. Нью Йоркқа қол тимейтін сияқты, ертең түс ауа Миннеаполиске шыққалы жатырмыз. Сүлеймен жігітке және мамасына үлкен сәлемімізді жеткізерсіз!
Galym
Tabysty, paydaly otsin. Kazakhstan atynan senen baska bloggerler bar ma? Suleymen Gauharga salemindi aytamyn.
Nurgisa
Жиырма елден жиырма блогшы алдыртыпты. Ұзамай азын аулақ видеокәде болып қала ма деймін, құдай қаласа.
Nurgisa
Керекинфоға жалпы, әрбіріңізне жеке рақмет, замандастар! Оқитын, бөлісетін өздеріңіз болмасаңыздар түн жарымға дейін отырып нем бар. Құдай қаласа суреттер мен видеомен бөлісуге тырысамын.
yerbol89
Асыға күтеміз ағасы! Аааа ол жақта қазір түн екен гой! )))  тәккк што келесі жылы малазияға баратын болсам анг. жақсылап меңгеру керек болды гой.
direct
Екі қолға бір күрек
Екі қолында швабрысы бар біздің әріптестердің жағдайынан хабардар етсеңіз, плеасе. Жағдайлары жақсы болса, менде сол жаққа кетем деген иіс келіп жатыр)
omarbirat
Студент болып барған жақсы дейді бір досым. Былтыр келген еді, қайтадан барғысы келіп жүр. Әттең, студент емес бірақ… )
direct
Былай, майда шүйде курстарды оқуға да баруға болмайдымекен?
Білдей диплом беретін оқуды оқуға шама жоқ бізде))
omarbirat
Muskie's сияқты бір жылдық бағдарламалар бар. Соростың қорының жанында да болушы еді. Сосын, ACCELS (http://www.americancouncils.org/) деген ұйым бар еді. Бұлардың қазір Қазақстанда бар-жоғынан бейхабар екенмін.
Gulistan
Шынымен, АҚШ жай қыдырып бара салатын жер емес…
direct
Барсаң СЕРИОЗНА қыдырып бар дейсізғой?))))))
chimaq
saparyngyzgha sattilik !!))
TOTY
@Nurgisa… Нұрекең суретінде ойға шомып кеткен бе...әлде Керекинфоны сағынды ма екен...???
Janasil
Нұреке сәттілік!!! Қазақ блогшыларына тың шабыт алып келіңіз!!
Aizhantabyn
Маған АҚШтың шығыс жағалауы тұзды бір иіспен есіме түседі, ал оңтүстік батыс жағалауы кофе, қымбат әтір және ерекше бір дәмдеуіштің иісімен ассоцироваться етеді.)))

сапарыңыз сәтті болсын…
gaukhar
salem Nurgisa, USA'ga kosh keldin

" АҚШ турист ретінде қыдырып келетін жер емес." degenmen kelispeymin, Koretin, baratin jer kop. Meninshe ol bizdin (nemese kop adamdardin) mentalitet, kidiru degendi tenizben (plyazh) baylanistirudi. Degenmen DC'den algan aserin solai bolui mumkin. Menshe de DC'de koretin jer kop emes, arine eger muzeylerge (Capitol Hill'dan bastalip eki jaginda uzunnan jatkan koshe boyindagi muzeyler), eski gimarattarga kizikpasan.
Nurgisa
Басында шаршағандық болғасын ба екен, ә дегеннн тіміскелеп, сауық құрып, қыдырыстауға зауқымыз соға қоймады. Бір-екі күн есті жиып ап, ой араладық қой Капитолияның ар жақ, бер жағын. Мұражайлар ұнады, әсіресе «Newseum» мен ұшақтар орналастырылған нәп-нән мұражай. Бір жақсысы, кіру барлық жерде тегін екен. Біз барғанда түрлі штаттардан келген оқушылар да серуен құрып жүрді, олармен жағаласып біз де…
monti
тақырыптағы ресми иіс деген сөзді түсіне алмай дал болдым)))
мүмкін 3.22 уақытта оқығанан болар деп бүт посты оқып шықтым
Nurgisa
иә, кейде месседжті толық ұғынбаққа толық оқымақ шарт-дүр. әйтеуір, бір нәрсенің исі барса болыпты да
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.