Орташа есеппен қазақ бухгалтері

  • Автор
1. Жұмысшылар – оның сорына жаратылған мақұлықтар. Оның ойынша, барлығы – арамтамақ, айлықты текке алып жүрген ептібайымайттар.
2. Ол, өзінің жер бетінде қандай да бір миссиямен келгеніне сенімді. «Әйтпесе, Құдай маған осынша жұмысшыларды берер ме еді?» деген топас риторикалары болады. Сондықтан, көбіне жұмысшыларға пайғамбарсып: «құрттыңдар ғой», «шаршаттыңдар осы!» деп сөйлейді. Және оның ойынша, жаратылыстанудың альфасы мен омегасы – баланс шығару.
3. Аванс беруді – садақа беру деп қарайды. Бұл жерде аванстың айлық есебінен шегерілетінін ескермейді, құдайға бергісіз понт қуады.
4. Экономикадан жұрдай келеді. Оның ойынша – қазір компьютер мен ксерокс және қағаз турайтын аппараттар сатып алып, болашақта мекеменің бланкілерін және т.б. қажетттіліктерін өз бетінше басу – жастардың қитұрқы фантазиясының өнімі. Капитал салу деген ОЕҚБ-ға – тек телевизорда айтылатын нәрсе.
5. Іссапарда болып келген жұмысшының қонақ үйден әкелген шоттары – ресми құжат болып табылмайды. Оның ойынша – жұмысшы, мекеменің ақшасын шашу үшін ең қымбат қонақ үйге тоқтап, ең қымбат кафелерден тамақ ішкен. “Ақша жету керек еді ғой, вокзалдағы демалыс бөлмесіне қона салмадың ба?” деген сықылды ашу айтады. Сенің :“ау, апа, ядролық бомбаның схемасымен қалай вокзалға түнеймін?” деген уәжіңе құлақ аспайды. Бірақ, СаянҮштің денсаулығымен ант етейін: өзі іссапарға барғанда люкс қонақ бөлмелерде жатып, қара уылдырық жейтініне күмәніңіз болмасын, нақтың!
6. Жұмысшылармен субординацияны бастықтан бетер сақтайды. ОЕҚБ ешқашан қоғамдық көлікке мінбейді, себебі ел қатарлы қорланып, көлікте тұрып тұрғанымды жұмысшылар көріп қалса, беделім түсіп кетеді деп санайды. Магазинде де олардың кір сабын, иіс сабын және шампунь алып жатқанын көрмейсіз. Ал қымбат бутиктерде сұмдық бәлекеттерді тамашалап жүргенін көруге болады. Қорықпай-ақ қой: ол сен кетіп қалғаннан кейін, оны алмай кетеді.
7. 40-45 жасқа дейінгілерінің есімдері әдетте Айнұр, Айгүл, Динара, Элеонора болса, 45-60 арасындағылары әдетте Жәмила, Күнімай, Зылиқа, Бәтес, Гүлзипа, Әзима болады. Оның үстіне Серік, Абзал сияқты, әдетте ер адамның аты болатын еімдерге ие болатын көбінесе осы ОЕҚБ-лар. Қыс айларында соңғыларын түйе шархатсыз және қосымша жылыту агрегатынсыз елестету мүмкін емес.
8. Жұмысшылар әкесінен әрі лақытырып жіберуге апара жатқан Сталин уақытынан қалған шкафты жарты жолдан тоқтатып алып, “есігінен тақта жасауға болмай ма, нақтар кілең!”, «шуруптарын ағытып алмадыңдар ма, енесстер!» деп, қанды ішеді. Алайда өзінің үйіне қолданыста болған тұтқа салып көр, әжеңнің түбіне жетеді.
9. Денсаулығын мықты күтеді. Әсіресе дәрілік шөптер, пайдалы массаждар туралы әңгіме айта алатын адаммен қарым-қатынасы жақсы болады. Ондайлар көбіне қазақ болмағандықтан, неліктен осы біздің бұғалтыр кәріс-орыс-неміске үйір деп, түсіне алмай жүресің.
10. Мекеме ішіндегі қаржылық жаңалықтарды өтірік ақымақтанып, бірінші рет сенен естіген сияқты болып тұрады. Бұғалтырды таң қалдырдым деп өсек айтуға асықпай тұра тұр: ол жаңа тәртіп бойынша есептерді осыдан бір апта бұрын шығарып тастаған!
11. Мекемедегі жаңа мебель алу, жаңа терезе салу, кондиор қою сияқты жаңалықтар бірінші ОЕҚБ кабинетінен басталады.
12. Ешқандай да саяси көзқарасы болмайды!!! Оның саяси көзқарасы – ағымдағы жүйенің есеп-қисаптарын дұрыс жүргізіп, финконтроль мен финполдан аман алып шығу – бітті! Ендеше, небір төңкеріс болып, мекеме басшылығына ультрасолшыл сексуал-террористтер келсе де, жалғыз орнында қалатын кадр – осы ОРТАША ЕСЕППЕН ҚАЗАҚ БУХГАЛТЕРІ болмақ.
Жалпы айтқанда, енессс дегеннен басқа эпитет келмей тұр бұл жандарға байланысты, әнасстың.

© satibaldi
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

68 пікір

qisyq
Браво! Браво!!!
bazuka
айбыййй бишара бухгалтерлер ай))
alisha
Дөп айтылған! Бәрі бір-біріне ұқсас келеді екен ғой…
alisha
Өмірден көргенім жоғарыдағымен сәйкес кеп жатса осылай деуіме негіз бар шығар. Біреудің шымбайына батып кетіпті не де болса…
a63a1
Аршат мына тақырыбың барлық қазақ бухгалтерлеріне арналған ба?
alisha
Айлық жалақының орташа есебіне қарап барлық жұмысшы осындай жалақы алады деген ой туа ма сізде?
asaubota
бүгінгі жазылғандардың бәрі орташа есеппен деп жазылған.
a63a1
Бір мысалмен барлығын бір жіптің бойына тізіп шығу қателік
alisha
Орташа есеппен 
деп тұр ғой!
a63a1
орташа есеппен нақтырақ қалай түсінсе 100 дің 50 ме?
a63a1
Дөп айтылған! Бәрі бір-біріне ұқсас келеді екен ғой…
барлығын меңзеп отырсызғой
alisha
Бұл жерде «сіздікі де біздікі сияқты екен ғой» деген мағынада ғой…
meirzhan
Өз пікір болған қашан да дұрыс.
sigma
Бухгалтерлер минутаватыр!

-Админ 1C білуі міндетті
bazuka
мен емес)))) нанымды бухгалтерлік жұмыспен тауып жүрсемде келісемін постпен))))
a63a1
мен ол не болды ақталып,?
a63a1
бірақ мен есепші емеспін
bazuka
аалпысүшабір ештеме емес
Aikona
ма*ма тура біздікіне келеді екен  кеше водительінің машинасына отырсам алдыңғы сиденяларға ескерту қыстырып қойыпты: сиденядан ұстама, ручка анда тұр деп, ал кабинетінде есік жауып кір, қолың сынық болмаса деп жазып қойған наҚ.
Арасында кабинетке келіп ап компыңа қарап тұрады да не істеп отсың деп сұрайды
alisha
Арасында кабинетке келіп ап компыңа қарап тұрады да не істеп отсың деп сұрайды
Дәл! Соған не керек десейші, біреудің не істеп отырғаны…
meirzhan
ЕнД білгісі келген шығар.
Gamk
Қхы-қхы бұғалтырницалардың бетпердесін сыпырыпсың админ аға. Бірақ, жақсылары да бар сирек болса да.
a63a1
Бірақ, жақсылары да бар сирек болса да
бар ондайлар
asaubota
жазған Сатыбалды, 2009 жылы.
Dzhuli
келісуіме тура келеді, шынымен де бухгалтерлер осы баяндалғандай дәстүрлі болады
a63a1
бастарыңа берсін деп тілеймін
AKY
Бірдеңеге заявка жазылса «мен қай ақшамнан төлеймін?» деп қақшаңдай кетеді. Тура бір өз ақшасы секілді.
Gamk
«Кесіртке құмнан шығады,
Бұғалтыр сұмнан шығады нақ!» деп соғып жіберсем ия? )))
a63a1
очым бұл тақырып нашар бұғалтірлер туралы екен, бекерден бекер жүйке тоздырудың қажеті жоғын түсіндім ше
Aikona
ну дұрыс айтасың шаршатпа өзіңді. Ішінде жақсылары да бар…
a63a1
минусыңдысс құтты бір атасының кегін алғандай қойыпты, арт жақта тағы пікірлерім бар соларды ұмытпаңдыр
Zilola
өләәәәәәәә, өткен жолы карточкамның қызмет ету мерзімі өтіп кетіп, өзіміздің кассадан алған едім жалақыны, желкемнен шығарды ғо. Ақша санау, жалақы беру соның міндеті ғо, тегі ((
AKY
Айтпақшы, қашан барсаң да шәй ішіп отырад.
Zilola
айтпашь, өткенде бәріміз қызу жұмыс істеп отырмыз, олар 7 майды тойлатып қызыл шарап ішіп ақсүйек болып тойлатып жатыр. Ой қаным басыма шапты ғо, сосын ерлерді құтықтап біткен соң әйелдер еще шкафтың артына барып өсек соғып шәй ішті
AKY

Ия, шайды просто так іше салмайды, дастарханды гүлдей жайнатып тұрып ішеді)))))))))))
Gamk
Бір кездері жұмыс істеген мекемемнің бір бұғалтірінің қасында қаладилнік тұратын. Ішін ашсаң, шалқаңнан құлай жаздайсың. «Шәй ішейікші» десең, «200 теңгеден жинайық» дейді да.
Zilola
ол ол ма?
наурызда ше, ващще әлі жыным келеді сол есіме түссе.
Еее, жалақымды, еее отпускнойымды түсірмеген ғо күйдіргілер, вицеге барып шаңдарын қақтырып алып едім, неге бірдеңе болса басшылыққа барасыңдар деп ренжіп қояды.
8 наурыздың мейрам қарсаңында жындарына жақсылап тиіп алдым )))
satibaldi
   Zilola, столды қолмен ұр да, болғасын осы жерге "Ұрдым!" деп жазшы.
qisyq
Тіпә, тіпә, тіл-көзім тасқа, өзіміздің бухгалтерге ешкім жетпейді, әйтеуір
patick
онда ол жарты ставкадағы приходящий бухгалтер болғаны
edige
Аванс беруді – садақа беру деп қарайды
Міндет қылатынына өлейін ба тағы…
saken
кезіндегі жұмыс істеген жерімде өзге ұлттың бұқалтырлары да осындай етін. Соған қарағанда ұлт таңдамайтын «кәсібиауру» сияқты. )

Қазіргі компаниямдағы негізгі бұқалтырлары ауылда. Бұл жақтағысымен жақсы қарым-қатынаста сияқтымын.
madlen
бір құжатты оларға берерден алдын өзіме көшірмесін жасап алам. Көргем жоқ, білгем жоқ деп отыра береді кей кезде
VKM
мяя, сонда бухгалтерлер офиста ең жек көретін адамдар ма?
AKY
Айлық не стипендияны қашан түсіресіздер деген сұраққа "Әзір емес" деп жауап береді. Бірақ көп жағдайда 1-2 күндікте ақша түсіп тұрады.
balzaminka
негізі оларға жаным ашиды, екі жақтан (1 жағынан басшылар, 1 жағынан қызметкерлер) жүйкені жұқартатындар баршылық қо. Өзімізге бір күнде бір сұрақты он рет қойса жынданып кете жаздаймыз (Аршаттың google тақырыбындағы жазбасында ғо дим осы жайында айтылғаны), ал, олар…
Arnur
«5. Іссапарда болып келген жұмысшының қонақ үйден әкелген шоттары – ресми құжат болып табылмайды. Оның ойынша – жұмысшы, мекеменің ақшасын шашу үшін ең қымбат қонақ үйге тоқтап, ең қымбат кафелерден тамақ ішкен.»
Бір ай бұрын дәл осы оқиға басымнан өтті.
meirzhan
Олар өз қызметтерін асырай пайдаланып, ақша жасайды. Сол үшін командировочныйды да аз қылып береді.
Gamk
«Жұмыста жоқ болған күндеріңді жазып жіберейін, ақшасын бөлісейік» дейтіндерді де естігем. Бұндай бүгәлтірлер әрине жеке компанияларда болады.
meirzhan
Оларға да бір қаржылық жаза табылатын шығар.
Aikona
Бүгін бухгалтерлар күні, тақырыпты көтеріп қояйық та
qisyq
Көтерсек көтеріп қояйық.
asaubota
қап, білмей қалыппын. мана бухгалтерияға барып А4 алғам. сол кезде зарплатаны сұрағам, қашан деп. бастықты қолы керек деді. біз сияқты түк қиналыс жоқ жүздерінде
Aikona
қайта барыңыз шокалад көтеріп, мүмкін бастықтың қолы қойылып кетер
serjan
Ұжым болып «сұрайтын сұрақтарымыз бар»- деп шақыртсаң келмейді, вечерге шақырсаң жетіп келеді.
Janasil
Ақшаны өз қалтасынан беріп жатқандай қиналатындарын қәйтесін!!!
sammita
дөп айтылған.
VKM
Құтты болсын мейрам.Бізде кім есепші??? Кілең ITщник, журик, аудармашылар ғой дим)))
asaubota
айызым қаып қалды тағы да
asaubota
осыны жіберген бойда SMS келді премия туралы

қашан тастайды екен деп, осы жазбаны есіме алып оқып болып отыр едім.
sammita
осыны көшіріп таратқам жұмыстағыларға, күліп рахаттанып қалды «тошны ғо» деп.
edige
“ау, апа, ядролық бомбаның схемасымен қалай вокзалға түнеймін?” деген уәжіңе құлақ аспайды.
бір қайталап оқып күліп алдым....
Rafaello
Ешқашан олардан «Айлық қашан болады?» деп сұрама. Рахаттанады.
asaubota
мынандай хат келді:

сәлеметсиз бе? қалай өз бухгалтеріңіздің қылығын барлық бухгалтерге жаба аласыз??? бес саусақ бірдей емес ко, атқаратын қызметі бірдей болсада… егер оған дәлелдемелеріңіз болса неге сол бухгалтердің үстінен арнайы бухгалтер тексеретін сот үкіміне жүгінбейсіз? көңіліңіз толмаса неге барлық сол мамандықты сонша жыл оқыған сол орына жету үшінде талай еңбек еткен өзіміздің қазақ жастарын солай өкпелісіз???? жалақыңызды бермей жатса, үстінен арыз жызыңыз)))) сонша жаман атпен қазақ бухгалтерлерін қарайтпаңыз…
сізде өз құқығыңызды біліңіз!

орташа есеппен сөзін көпшілік түсінбейтін сияқты.
Sebastian
Счет-фактураларды тез төлеп тастауларына не кедергі болып тұрады екен? Әсіресе мейрам және демалыс күндеріне қарай ақша аудармаудан кайф алатын сияқты бухтар
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.