Бауырымның қуанышын бөлісіп

  • Автор
(61 Kb, 600x450)
(48 Kb, 600x450)
Жүрген жерімде суреттерін іліп, жарысқа барғанын мақтанып жазып жүретін інім бар (Аллаға шүкір!).
Титтей күнінде «тезірек мектепке барсам екен» дейтін, білімге аса құштарлығы жоқ екенін біліп «неге» десең, «мектепке барсам насыбай атамын» дейтін. Сол бала насыбай атты ма, атпады ма білмедім, бүгін ол ер жетіп, 2011 жылдың түлегі болды.
6-шы маусымда нім ҰБТ тапсырып 97 балл жинапты. Спортпен айналысып, сабаққа қарамай кеткен балаға 97 деген жақсы көрсеткіш. Тіпті 30 балл алса да ұрыспаймын деп отырғанмын, аман жүргеніне шүкір деп. Сөйтсем көпжасағыр, балапаным бәрінен озды, репетитормен дайындалғаны да зая кетпеді.
Оның әрбір жетістігіне қуанып, әрбір жеңілісіне жылауға дейін бармын. Ол қиналса менің жүрегім ауырады, ол қуанса менің қуанышымда шек болмайды.
Арманындағы оқуына ешбір сүрінбестен түсуіне таза көңіліммен тілектеспін. Болашағынан үміт күттіріп отырған, маңдайымызға біткен жұлдызымыз осы. Қап-қара бала болса да мен үшін ол әппақ балапан!

Ұқсас посттар

43 пікір

alisha
Жолы болсын аппақ бауырыңның!
satibaldi
Спортпен айналысып, сабаққа қарамай кеткен балаға 97 деген жақсы көрсеткіш.
Күндіз-түні сабаққа барып, мектептен тек кешкісін вахтер қуып шығатын әлжуаз-әшкәрикке де тамаш көрсеткіш!!! Құты болсын!!!
omarbirat
Әңгіме жоқ! Құтты болсын!
Beytanis
Шын жүректен құттықтаймын. Дайындалған бала түседі, насыбай атса ата берсін, аман болсын, адам болсын!
Zilola
негізі мінезі қыздай бала, оның үстіне спорт мектебіндегі бапкері де қатал болғандықтан насыбай, темекі, арақ дегеннен алыстау.
Beytanis
Ләйім, өмір сәттілігін бұйыртсын, жас өренге!
Arhun
Тфай- тфай, оған көз тимесін…
qisyq
Ұзағынан сүйіндірсін, ханымым.
izbasar
Нағыз ел қорғайтын азамат болсын!
balzaminka
Жолы даңғыл болсын ініңнің, тек қана қуаныш сыйласын сендерге (осы жерде стакан смайлик жетіспей тұрғаны), армандарына жетуіне тілектеспін!!!
satibaldi
осы жерде стакан смайлик жетіспей тұрғаны
Оның ішіне құятының да жоқ қой, компресске алып қойғаныңды ішіп қоймасаң?
qisyq
Оны өткенді туған күнде бітірдік емес пе?
balzaminka
Қисеке, бітпеді, бар әлі
balzaminka
не ғой, Сатекесі, Сіз айтсаңыз табылады ғой, БМ-діктер
Zilola
БМ деген әлі бар ма?
balzaminka
өля, ол жоқ па еді?
Zilola
сенің де үйіңдегі сандықтан шыққан шығар бұл БМ ))
Zilola
Аумин!
Рахмет Бальзаминка
VKM
Мақпал,ініңе сәттілік! Өз жолын тапсын өмірден!
satibaldi
Сенің тілегің белгілі ғой енді, жазбасаңыз да болатын еді. Бұ дүниеде* Сіз қолдамайтын шара, құбылыс бар ма өзі?



* — бұ дүние екені рас болса, әлі де дәлелдеуді қажет етеді.
Erkekyz
Зизи, ініңнің жетістігі құтты болсын! Осы жақсы жолдан таймай, дені сау болып, сендерді тек қуанышқа бөлей берсін.
Altygradus
Зилол құтты болсы. Қалаған оқуына түсіп кетсін
Zilola
Аумин, айтқаның келсін!
AKY
Құтты болсын! Мадес, өзіңе тартқан
Zilola
Рахмет!!!
Інім спорт шеберіне кандидат (КМС) болды!!!
Тойдың көкесі бізде болайын деп тұр
AKY
Құдай-ау, ішу керек қо
Zilola
Алматыға кел тезірек, ішеміз
Lyaila
Ооо, құтты болсын! Дәйім, қуанта берсін!
TERISKEY
Әпке деймін! «Оның әрбір жетістігіне қуанып, әрбір жеңілісіне жылауға дейін бармын. Ол қиналса менің жүрегім ауырады, ол қуанса менің қуанышымда шек болмайды» — неткен бауырмал адам едіңіз! Разы болып қалдым! Ініміздің алар асулары көп болғай! Аман болсын!
Zilola
Menin balapanym okuga tusti, bizdin aulet toilatyp jatyr
Tanerten okuga tuskenin estidim, tuske taman jalaky aldym, keshke juamyn ))
Gulistan
Түсуін түсер-ау, бірақ грантқа ілікті ме? Не де болса, құтты болсын!
Атырауда «жуатын» болдық
Zilola
Arine grant, akyly bolsa bayagyda juyp tastar edik go
Kelesi apta seisenbide Atyrauda bolamyn, juamyz jaksylap, ishpeimin dep syzylatyndardy jatkyzyp koiyp ishkizemiz ))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.