Алматының 5 вирусы

Қалай брат? Не хауар? Нестеватсың? Аманшылық па? Сен енді мектеп бітіріп жатқан шығарсың, дә? ЕНТ тапсырып болып дегендей.

Жалпы, енді, біз де барлық екі аяғы бар, көзі бар, аузы бар адамбар секілді БҰТ……. ойбай……. ҰБТ дегенім ғой… Сол ҰБТ деген бәлені тапсырғанбыз. Сосын Алматыға келіп “жыртамыз, жасаймыз” деп ойладық. Былайша айтқанда, “универ оқимыз, қоғамдық өмірге араласамыз, өйтеміз, сөйтеміз, ойыыыбааааай, в общем тесеміз” – деп келіп қалдық қо Алматы деген мега-мега полиске.

Сен енді өзің қазір ауылда отқан шығарсың. Братаныңның үйінде немесе бір дворовый интернет клубтың ішінде бір компьютердің түбінде гастиь етіп…)) Білмейсің ғо сен Алматыны! Келіп көрген жоқсың бұрын соңды! Солай ма? Системасын білесің ба, по понятием а? – деп қусаң ә? ))

Жарайд, енді, көп созбай саған әңгіменің төтесін айтайын. Конкурстан өтіп, Алматыға келіп қаларсың енді жақын арада. Кел-кел, күтіп аламыз.

Келгесін жатаққа орналасасың ғо енді. Ну жігіттермен танысасың, сынасып сөйлелесіңдер бір-біріңді. Қатайып жүред кейбіреулері: “мен ауылдың жындысымын, маған тимеңдер, айырам бәріңді” – деп…) Соның бәрін көресің ғо. Біреулер біреуге сеніп дікеңдеп жүред… )) Бәрі тарқайд оның, уақытша ғо. “Первоначальный мода көрсету” дейд оны…))

Бәрің сөйтіп 1-2 апта мода көрсетіп болғасын, барлығы өз қалыптарына түсіп, жақын достарын таңдап, адамдар арасында сортировка жүре бастайд. Кто с кем тусует деген сияқты…)

Бұл өтпелі кезеңнен өткеннен кейін…., міне осы жерде бауырым, саған Алматы деген алып-aлып шаһарда безілдеп, сайрандап жүрген небір-небір вирустар аяңдап жақындай бастайд. Сені сол вирустармен таныстырып өтейін енді, рұқсат берсең. Рұқсат па? Жақсы онда кеттк…

Вирус №1. Сен перваш болып келгенде объязательно, міндетті түрде, саған “гоп стопщиктер“…, ну “гопстоп” болғанда қалай, комнатаңа келіп қонақ болатын “Құдайы гопстопщиктер” келіп қалуы мүмкін. Обычно, бұлар басқа универдікі болад. Технично перваштардың комнатасын қайсы деп іздеп келед те: “Бауырым шығып кетші, өйтіп кетші, бүйтп кетші” деп ақыры: “соткаңды бере тұрш соғып жібірейін” дей та, “давай енді баса бер боссың” деп қарап тұрад.

Біріншіден, сотка сұраса берме, бере қалған күннің өзінде жаңағыдай әңгіме айтып тұрса, жіберме үйтіп. Жабылып кетсең де бірдеңе қыл.

Екіншіден, серьезный адам сотка шешіп жүрмейді ғо енді бала құсап.

Өзіңді де бұлай отпускать етпе. Бұл деген сенің бейшаралығың. Ауылдан келгенде тап-таза болып келген жүрегіңді кірлеткендігің. Жігіттігіңнен айырылып, қатын болғандығың. Бұл жігіттікке жатпайд.

Вирус №2. Желілік маркетинг. Ауызекі тілде – “сетевой” немесе “сетевой маркетинг”. “Орифлейм”, “Мэри Кэй”, “Түген инвест”, “Пәлен Инвест”, тағы не ед құрсын……………а біреуі бар анандай тас сататын, емдік қасиеті бар деп…. Көп енді келгесін өзің көреpсің….

Бұның не зияны бар дейсің бе?

Бұл жүйеден ақша таппайсың емес, табасың, керек десең шылқыған бай болып, дүниені төңкеріп отыруға да болад. Бірақ бұл орта келгеніңнің өзі сені көп нәрседен айырaд.

Біріншіден, бұндай компаниялардың басты мақсаты, сенің бай болып әлемді төңкеретіндай қалыпқа түскендігің емес, – өздерінің продукциясын өткізу.

Сауданың жақсы болуы үшін, сендерді жұмыс істетуге мотивировать ету үшін – түрлі-түрлі семинар-тренингтер, кездесулер өткізіп миыңды пудрить етед.

Айтып отырған әңгімелерінің ауаны жалпы дұрыс болса да, бұндай семинардан шыққанан кейін өміріңнің мәні ақша табу болып, жатсаң да тұрсаң да, күндіз де түнде де есіл дертің ақша болып, соның көтінен қуыыыыып жүрген роботқа айналғаныңды байқамай қаласың.

Былайша айтқанда, сен сол компанияның жұмыс істейтін роботы боласың, в прямоом смысле. Сені анда-санда тренингтерге шақырып, миллионерлерді айтып басыңды қатырып, программаңды “обновиить” етіп отырад. Сен болсаң өзім үшін деп ойласаң да, біреу үшін пахать етіп жатқаның аңғармайсың.

Екіншіден, сенің ішкі рухани жан-дүниеңе, жүректегі процесстерге олардың түкіргені бар. Сенің жұмыс істегенің керек оларға. Анда-санда для приличия “дело не в деньгах”, “өмірдің мәні ақша емес” деп айтып қойса да, сенбе. Сол туралы жөндеп түсіндірмегесін, қайта-қайта ақша туралы айта беретін болса, өмірдің мәні туралы әңгімелері кімге керек? Одан көтін сүрте берсін сонымен.

Бауырым шын айтам, солардың ортасында 1-2 жыл жүрдің ба біттің сен! Әбден вирусталасың.

Сен айтасың: “Ну и что, әңгімелері нормально, ақша табудың жолын айтад, ақша керек емес пе? Ақша болмаса қалай өмір сүресің? Бала шағаңды қалай асырайсың?” – деп.

Әлбетте, ақша керек емес емес, керек! Қазіргі заманда сыртқа бір шығып келуің үшін 500 теңгең болмаса тырп ете алмай жататынымыз рас.

Бар әңгіме – ақшаға деген қарым-қатынасыңда жөндеуде. Оға көңіліңді байламауда. Дистанция сақтауда. Тіпті миллион ақшаңнан айырылып қалсаң да, жүрегің міз бақпай баяғы соғысынан айнымайтын күйде болуда.

Рухани азып, өтірік әңгімелерін тыңдап бай болғанша, сол жүйеге жоламай, өзің де сондай ақша таба аласың. Мәселен, сен егер, “свежевыжатый сок” сататын болсаң, жақсы жерде, бір күндік кіріс ең кемі – 15 000 теңге болад. Ойластыр одан да өз ісіңді. Мозго*бтардың құлы болма.

Вирус №3. КВН. КВН болғанда қалай? Бұрын КВН деген бәлені жек көретінмін. Әсіресе ЕСАҒА-ның КВН-щиктері бар ғо… Жыным ұстайд қарап отырып. Ана приколдарға 5 жасар бала да күлмейтін шығар. Таңым бар, бірақ, жиырмадан асып, бір-бір ауылдың төресі болып отыратын жігіттер соған кәдімгідей мәз болад. Білмейм енді түсіне алмадым. Орысшасын көруге болад енді бірдеңе қылып…))

Бірақ соңғы кезде шығып жүрген Мәссағанның жігіттері, баяғы Астана командасы өзіме ұнайд. Уровень бар енді оларда…))

Айтайын дегенім, әдемі әзілге икемің жоқ болса, КВН-ге жоламай-ақ қой. Жеңіл әзіл айтып, сайқымазақ болғанша, көлеңкеде қалғаның әлдеқайда абырой әперед деп ойлайм.

Вирус №4. Дін. Алдыңғы жазбамда айтып едім. Шатақ діннің шырмауына түсіп, жер-жерде жарылып жатқан қазақтың атпалдай жігіттері туралы. Есіңде болсын! Біреу келіп саған: “Әулие дейсің ба? Әулие деген кім ол? Кім берд оған ондай атақты? Ол да шіріп жатыр жер астында, қабір азабында. (Құдай сақтасын) Cаған қалай көмектесед? Олар да біз сияқты адам. Құдайға шығу үшін бізге маклер керек емес” – деп әңгімесін айта бастаса, тұра қаш сол жерден.

Себебі конечный пункт – Ислам үшін, Құдай үшін деп өз-өзіңді жару! Жер бетіндегі ешкімді мойындатпай, ақыры “мен керіммін” деген тәкәппарлыққа ұрындыру арқылы, псевдо джиһадқа үндеп, елдегі берекені бұзу – еврейлердің ықпалымен қолданылатын психологиялық құрал.

Сен сұрауың мүмкін: “Қалай сонда? Талай жігітті көрдік қой. Тәп тәуір. Керек десең, зиялы ақын, әнші, биші, күйші, саясаткер ағаларымыздың өзі осы идеологияда жүрген жоқ па? Олардан ешқандай жамандық көріп отырғаным жоқ. Айтатындары ұлт, қазақ. Сені қалай түсінеміз Ереке?” – деп.

Расында, кейбір адамдар шын жан жүрегімен елдегі тыныштықты қалауы мүмкін. Дегенмен сол идеологияны қолдап, емеурін танытқанының өзі елге жасалған қастандық. Олардың тарапынан фундентализм, терроризмге қарсы анық, қарымды жұмыстың жасалмауы нені білдіреді? Неге жүйелі жұмыстар жоқ осы проблемаға байланысты? Бұнда астар бар ма?

“Ешқандай астар жоқ” деп, саяси ходтарды былай қойған күннің өзінде, сол идеологияның дұрыс еместігін дәлелдейтін теолог мамандар жетіп артылад. Әңгіме әулиелерді мойындатуда емес, әңгіме зымияндардың саясатын көре білуде. Қай жаққа апара жатқандығын аңғара білуде.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының

Көрсеткен әр бір түрлі нышананы,
Кереметпен білдірген ишараны.
«Әулие өлік емес, тірік» деген,
Қолдай гөр біздей кәріп бейшараны – деген сөзінен, немесе Ақтамберді жыраудың:

Бала берсе тезінен,
Пірлердің бітсе демінен
Шілтеннің тиіп шылауы
Артылып туса өзімнен -дегенінен талай әңгіме шығаруға болады.

Теологиялық, тарихи тұрғыдан әңгіме қозғар болсақ, ұзаққа кетеміз, осы жерден тоқтап, бұл туралы әңгімені келесі жазбалардың біріне қалдырайық.

Тек бір нәрсені ескер. Қазіргі кезде дін мәселесі қатты өршіп тұр. Бұл да дінге қатысы жоқ, билікті алығысы келіп жүрген ағаларымыздың саяси ойыны болуы да мүмкін. Сондықтан не болып кетсе де тек тыныш отыр. Қоғамдағы берекені алма. Ереуіл, митинг дегендерге жолама! Алыстан қаш!

Вирус №5. Дебат. Сен айтуың мүмкін: “Ереке, енді, бұл жерде сен қатты кеттің. Дебатың не? Өз ойыңды еркін білдіріп, ойыңды жеткізе алып, шешен болғандықтың не жаманы бар? Дебаттан қорлық көрді деген адамды естігенім жоқ. Қайта бір-бір жерде саясаткер, маман болып отырған жоқ па шешендігінің арқасында” – деп.

Рас айтасың, тіл безей білу, орынды жерінде әңгіме айтып, ойыңды дұрыс жеткізе білу үлкен өнер.

Бірақ дебатпен қатты кетіп айналысып жатсаң сенің бойыңнан түрлі-түрлі ақаулар, дерттер пайда бола бастауы мүмкін.

Біріншіден, дебатқа үйір болған адам, аталы сөзге тоқтау деген асыл қасиетін жоғалта бастайд. Дебаттың қызығы сол, позицияң сенің еркіңнен тыс анықталып, айтып отырған сөзіңді өзің қолдасаң да, қолдамасаң да дәлелдеуге міндеттісің. Осылайша бара-бара, уақыттың өтуімен бойыңда, орайы келсе де келмесе де, дұрыс сөзге тоқтамай, көлгірсіп сөйлей беретін қасиет пайда болады. Тіпті сені мойындап дұрыс деп тапқан күннің өзінде, бірақ мына жағы бар анау мынау деп ығңыға толығымен жығыла қоятын, сынық адамды табу оңай емес дебатердардың арасынан.

Екіншіден, егер сен қыз болсаң, дебатқа жолай көрме. Себебі дебатқа қатты үйір болған адамның бойында болуы мүмкін тағы бір қасиет – ұрысқақтық. Яғни не болса соған сөз таластыруға бейім тұрушылық. Егер сен қыз болып, дебаттан тәлім алып, байға тиіп жатсаң, нағыз ерімен сөз таластырып, айтақтасатын өнеріңнің қалай пайда болғанын түсінбей дал боласың.

Менің ойымша қыз позициясын дәлелдеуімен сүйкімді емес, орай келген жерінде үндемей, тіпті айтқаны дұрыс болса да, еріне мойынсұнуда.

Сен айтуың мүмкін: “Қойш, сол да сөз болып па? Дебатта ешкім байыңмен ұрыс демейді ғой. На то пошло өз қолыңда емес пе өз сөзің өз мінезің” – деп.

Қазақта:

Жаманнан жақсы туса да,

Жақсыдан жаман туса да,

Тартпай қоймас негізге – деген әдемі сөз бар.

Отбасылықтың бастапқы кезінде барлығы жақсы болғанымен, бытовой проблемалармен бетпе-бет келіп, маскалар шешіліп, ыстық-суық тарқаған кезде сүйекке сіңіп қалған сол бір қасиет күшіне еніп, басқартпай кетуі мүмкін. Мысалы сен ашулы болсаң өзіңді басқара аласың ба? Арыңа да, махаббатыңа да түкіргенім бар деп тұра шабасың ғой. Сол сияқты өзіңді билеуің қиын болып, өмірдің соққылары әбден есіңнен тандырғанда, сүйегіңе сіңіп қалған пасық қасиеттер оянуы мүмкін.

Дұрысы, жолап қайтесің. Ой өрісті, тілді, шешендікті дамытудың басқа тәсілдері бар ғой. Одан да кітап оқы, пікір талас клубтары емес, пікір алмасу клубтарына баратын болсаң, талай білмеген нәрсеңді біліп, шешенлігіңді де арттырып, жаңа достар табар едің.

Сонымен мен болдым. Бір жеріңе түйіп жүрерсің. Қателіктеріміз болса, түзеп, күзеп отырарсың. Керсен алдыңда, кездік қолыңда! )) Тәмәм…))

oitaza.wordpress.com
Бөлісу:

93 пікір

Gastarbaiter
Ай сау бол бауырым! 5 нәрседен қашық бол -дың заманауи римейкін жасап жіберіпсің.
Енді бес нәрсеге асық бол деп бір позитив жазбаны ұрып жіберсең))
Gastarbaiter
Мына балаға тамсанудан шаршамайтын шығармын, жазғаныңның біразын қалқанқұлақ абитуриент емес, 8 жыл Алматыда тұрған менің өзіме әсері бар десем артық айтам ба?
konvict
Өлтіржіверіпсің. Бірақ дінге жақындама деп өзің дін туралы айтып кеткен екенсің.
VKM
Абитуриенттердің қойын кітапшасы
omarbirat
Опшым, сабағыңды біл дейсің ғой. Дұрыс, дұрыс.
Аталғандардың ішінен біріншісіне мерзімінен бұрын кезігіп алғанмын. Қалаға жаңадан келген кезімде (13 жасымда) бір студенттерден таяқ жеп, қалтадағы ақшамды алдырып қойғанмын. Содан бір ай өтер-өтпестен братаным екеуміз тағы бір толпаның тепкісінің астында қалдық. Содан бері өзім мектеп бітіргенше қазақша сөйлейтін студенттерден, жатақханалардың кез келген түрлерінен аулақ жүретін болғанмын. Қалаға келе салғанда, орыс тілді ортада қазақша сөйлейтіндер жылы ұшырайтын еді, бірінші таяқ жегенде оңбай қателескенімді білдім ғой
Ал екінші, бесінші вирустардан сәпсім аман қалыппын )
meirzhan
Түмінбедім. Қазақ қазаққа жау ма сонда?
omarbirat
«Сен де қазақсың, мен де қазақпын, қазақ — қазаққа дос» деп тепкілеп кетпеген шығар енді )))
meirzhan
Сен айтқан вирустарды татып көріппін. Бірақ ең соңғысын 5 жыл татып келемін. Және оған өкінбеймін.
Шығыстың жекпе-жек пәлсапасында мынадай даналық бар:
Жауынгердің 3 сатысы бар дейді:
1 — саты: Ит. Яғни ит-жауынгер барлығына өзінің мықты екенін, дәлелдегісі келіп жүреді. «Лезет нарожон» былайша айтқанда.
2-саты: Тигр-жауынгер, ақыл тоқтатқанымен, ара-кідік өзгелерге өзінің мықты екенін дәлелдегісі келіп кетеді.
3-саты: Дракон-жауынгер. Ол өзінің басқадан мықты екенін дәлелдеудің қажеті жоқ деп санайды. Бейбітшілікті ұстанады.
Бұл сатыларды дебатқа қатысты да айтуға болатын шығар. Мәселен 1-ші курс пікір-сайысшысы дебатпен алғаш кездескендіктен түрлі дебати дерттерді жұқтырып алады. Өзінен үлкендермен ұрысып, мұғалімдермен пікір-сайыстырып, кейде салғыласып, адамдармен ұрысады, өз пікірін ғана дұрыс деп санап, қырсықтық танытады. Кейін пікір-сайысқа еті үйрене келе, мұның барлығының ақымақтық екенін түсінеді. Енді ол орынсыз жерде пікір-сайыстырмайды. Дегенмен де менмендік сақталады. Жалпы дебаттың өзі адамның индивидуалист болуын дамытады, өзімшіл қылады.
4-5 жыл дебатқа қатысқан пікір-сайысшы дебат әлеміндегі ақ пен қараны айыра алатын деңгейге жетеді. Мақсат — жеңу, қарсыласты тұқырту емес, логикалық, аналитикалық, сыни ойлауды дамыту екендігін түсінеді. Дебатта ең бастысы — ұшқыр ой мен шешендік.
Шешендікті — спикерлік қабілет деп атайды. Өзім үшін дебат наркотик іспеттес. Маған салса күнде ойнаушы едім.
Сондықтан да басқа-басқа, ал дебатты толыққанды вирустар қатарына жатқызбас ем. Себебі дебаттың + тері — тарынан көбірек. Және минустарын көп қатысу арқылы, уақыт өте келе жоюға да болады.
Ал пост үшін саған респект. Мадес
Gastarbaiter
Енді қалған төрт вирустың құрбандарын тыңдасақ.
Gastarbaiter
Жатақхананың жақсы жағын ғана көрдім. Бәлкім бізде әр жігітке 6 қыздан келетін болғанс оң шығар.
omarbirat
Үшінші вирустың да дәмін таттық. Бірақ факультетаралықтан ары асқан жоқпыз. Декан «сабақтарыңды біліңдер, КВН сендерге кейін тамақ болмайды» дегесін амал бар ма?  Дене шынықтырудан үш семестр косячник болып жүрдім. Сессия басталарда отработкадан-отработка. Физрадан соңғы зачетымды КВНде жүргенімнің арқасында автоматпен алып кеттім  Мамандығына қатысы аздау болатын біраз сабақтан емтихан тапсырғанда пайдасы тиді. Маған керегі де сол болатын.
Gastarbaiter
Мен «Жүз теңге» деген командаға шақырды. Бір шуткада алқаштың рөлін ойнайсың деді. Арасында бір квн-щик менің көтімнен тебетін жері ұнамады да шығып кеттім, қанша дегенмен менің группам көреді, масқара болғанша "қатыспаймын" деп.
omarbirat
«Жүз теңгеге» бізді де шақырып еді. Өзімізше біраз әулие боп жүрдік. Кейін деканның өзі желаниені мүлдем басып тастады ғой
konvict
Бірінші вирус қана бастан өтіпті.
Gastarbaiter
Екінші вирус менің тасымнан өтті. Орифлэйм емес, бірақ Кирби пылесостарын сатудың тренингіне үш күн қатыстым да тәуір жұмыс тауып «нуинақ» дедім.
Сосын Орифлэймге кірші деп артымнан қалмай қойған бір қызға ғашық боп, сол қызбен күнде кездескенде «ертең кірем» деп жүрдім уақытты созып. Ақыры ол қыз берген жоқ, мен де кірген жоқпын.
patick
Ақыры ол қыз берген жоқ, мен де кірген жоқпын.
meirzhan
2-ші вирусты да көрдім. Бір қыз керекті ақпарат білесіңдер деп бір офиске шақырды. Барсам чето біртүрлі екен, секта ма деп ойладым. Бақсам маған біреулер ақша туралы лечить етіп жатыр. Нағыз дебатер дейсің. Сайрап тұр. Сөздердің барлығы жаттанды. Сөзін бөліп кетіп қалуға ыңғайсыздандым. Бітісімен бірден шығып кеттім. Зая кеткен 30 минутым-ай.
Gastarbaiter
Зая кеткен 30 минутым-ай.
Құнды тәжірибе алдың. Енді олай жасамайсың
Aizhantabyn
Ағатайды жазуынан танитын болдым)) тамаша!
Abilakim
Ағатайдың жазбалары қызықты.Мойындаймын. Блогына кіріп жаңа жазбаларын үзбей оқып тұрамын. Бірақ ауызекі тілде осылай сөйледім екен деп жазбаны шұбарлаудың керегі жоқ.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы
Ол -ақынның білімсіз бейшарасы
-деп Абай атамыз жазып кеткен екен.Бұны тек ақындарға ғана айтып отыр деп ойламауымыз керек.Ағатай, бауырым, блогыңда да ескертіп едім ғой. Қазақтың тілі бай тіл екенін дәлелдеп қажеті жоқ. Ойтаза болу үшін жүректаза болу керек. Бұл екеуі таза болса тіліңді тазарту оңай болар деп ойлаймын. Сенің жазбаларың жүрекке қонымды.Тіліңді тазартуға тырысшы. Саған «мына блогты оқышы қандай қызықты жазбалары бар. Бірақ, тілі шұбарланбапты» деп көлгірсіп сілтемелер бермей-ақ қояйын. Ақылсыз жігіт емес секілдісің. Айналып келгенде илегеніміз бір терінің пұшпағы ғой. Жалпы заманауи сөздерді (бірақ бұл сөздер заманауи деп айтуғада келмейді) жастардың «жаргондарымен» жазба жазып оқырман көбейтем деп мақсат қойсаң онда таусылған жерің.
alisha
жастардың «жаргондарымен» жазба жазып оқырман көбейтем деп мақсат қойсаң онда таусылған жерің.


Егер дәл осы жазба сен айтқан нормаланған әдеби тілде жазылар болса, дәл мұндай шынайы шықпайтын еді ғой! Жазбаның жаны «жаргондарда» тұр емес пе?
Abilakim
Мен оның көп жазбаларын оқи жүріп айтқаным.мұны басқалайда әдемі жеткізтуге болады. минусыма ренжи қоймас деп ойлаймын
Gastarbaiter
Айта беред менің құрдасым. Әйтпесе елдің бәрі Нұрғиса болса қызық емес. Өзіндік стилің өзіңе жарасады. Сауаттылықтан кетіп жатса бір жерің, сын жөні бір басқа. Арго тілін публицистикада, одан қалды блог тұғырында пайдаланудың еш сөкеттігі болмаған.
Әрине, оқып ізденудің кемдігі жоқ бұл жағында ағаңның айтып отырғанына қосылам.
Janasil
Керек жазба!!! Әлгі кіттай жүрегі қайда тізімге қосып қоятын!
Erke
Базар жок быратан!
nurjanbay
көлемі үлкен болған соң оқуға ерініп әуелі кәменттерді оқыдым. содан қызығып кетіп оқып шықтым. жақсы жазылған.
«тойшылдар» мен «көңілділер» вирусқа жата ма жатпай ма деп ойланып отырмын
serjan
№1 Бастан өткен жоқ КазГУ де біреуде біреудің қақысы жоқ.
№2 Маркетинг Универді бітіргеннен кейін бір танысым ұсыныс жасаған, мен оған: «сен мені көндіре алмасаң басқаларды қалай көндірмексің, тіл байлығыңды арттыр» деп жынды қылам.Соңғы кезде телефон шалуды қойды ақырында.
№3 КВН мұндайға ебім жоқ.
№4 мұндайлар көп кездесті, сөз бастамай жатып із суытам. Алланы адам өз санасымен тани білу керек меніңше.
№4 дебат мұндай ұсыныс болған жоқ.
qisyq
Рысбек, @Agatay. Есіме өзімнің алғашқы студенттік кездерім түсіп кетті.
e_zhalgas
Тааак, мен ешқашан жатақта (бізде солай айтатын) тұрып көрмегем, оның «спецификалық ерекшеліктерін» естігенім болмаса, бастан өткізіп көрмеген екенмін. ал, вирустық маркетинг мені таң қалдырып көрмепті. КВН дегенді туғанымнан жек көрем! Қандай формада болмасын қазақша квн көре алмаймын, орысшасын да сирек көремін. Анау дін туралысы, енді, бәрінің басынан өткен шығар. Маған «тозаққа түсесің» дей берген соң, наққа жібергем, шыны керек. Мені дін, діни ағымдар деген нәрсе ең соңғы кезекте қызықтыратын.

Ал, дебатқа мен де қатысқанмын. Анау жасанды таңдалатын позициялар туралы ойыңмен келісемін. Бірақ, маған ол ұнайтын еді. Әркім әрқалай қабылдайтын шығар. Дебат маған алғашында ұнайтын. Кейін, приоритеттер өзгерді деген сияқты.  

Ал жазу стиліңе әңгіме жоқ, «всплеск эмоции на каждой строке» дей ма? Бірақ, мен қазақша сәтті аударуға болатын слэнгті қазақшаға аударып, оны сіңдіру жағының жақтасымын
asaubota
көптен бері мұндай ұзын, бірақ қызық пост оқымаппын. рахмет!
alisha
Дебатер қыз — ұрысқақ. Точно! Құдай сақтап, күйеуім салмақты, әйтпегенде… Дебаттың пайдасы көп қой негізі. Өз басым бұл өмірде кішкене болса да бір табысқа жеткен болсам, мұнда дебаттың да үлесі бар деп білемін! Жазба ұнады!
Beytanis
Күйеуіңізге Құдай сабыр берсін!
alisha
Онсызда сабырлы! Сізге берсін сол сабырды! Сіз сынды біреу болып, мен "ә" десем, ол «мә» деп отырсақ, оңбас па ек!
Abilakim
Иә, ол жағынан жолыңыз бопты.Сіз құралпылас кейбір дебатшы қыздардың алды екі байдан қайтып кеп отыр
alisha
Құдай сақтасын! Әдетте дебатқа ақылды қыз-жігіттер жиналушы еді ғой!
Abilakim
кей ауыз ақылдан бұрын сөйлейді ғой
alisha
Аузымды ақылыма бағындырмаған күнім болмапты, әйтпесе баяғыда -ақ күлім көкке ұшатын еді! «Басқа пәле — тілден» деп не үшін айтты дейсіз? Менің ең құнды пікірім — ішімде қалған пікірім!
Abilakim
«Он пәленің тоғызы тілден, біреуі жыныстық мүшеден» деп айтып отыратын Бекең марқұм…
alisha
Менің бір жеңгем бар, тентектеу кісі өзі. Баласына «Екі жағың мен екі бұтыңның арасындағыға ие болып жүр» деп ұрсып отырады.
meirzhan
Бұл сөздерді уағызда естуші ем.
Уақытыңыз немесе ниетіңіз (желание) болса дебаттың үлесін тарқатыпп айтып берсеңіз.
Beytanis
Онсызда сабырлы! Сізге берсін сол сабырды! Сіз сынды біреу болып, мен "ә" десем, ол «мә» деп отырсақ, оңбас па ек!

Мен келіншегіме "ә" дегізбеймін. Менің қабағыма қарап әрекет етеді.
alisha
Менің қабағыма қарап әрекет етеді.
Қорқатын шығар қабағыңа қараса. Мен де "ә" демеймін, қабағына қарамаймын, сыйлаймын тек!
Beytanis
Міне, аззззззаматша! Сыйласып өмір сүрген кайф!
alisha
Сенің тактикаң маған бес саусағымдай белгілі! Өйтсіп "өлтіріп" сыбап аласың да, кейін мадақтауға көшесің. Осы жерден қоя қояйық!
Beytanis
Саған тиіспеймін ғой. Сен аздап дұрыс түсінбей қалып жатасың. Ол маңызды емес, маңыздысы екеуміздің сәл де болса түсініскеніміз. Әй, десе де азззззаматшасың, ә!
alisha
біреудің тым жақсы постының астында отношение выяснять еткеніміз ұят болды
qisyq
Өте ұят болды. Қараптан-қарап біз қара бет болдық.
Beytanis
Вирусқа байланысты ой бөлісу ғой. Меніңше, флуд жоқ бұнда.
asaubota
қазақша КВН туралы жақсы айтылған, имхо
gulka_a90
№1 вирустың қыздарға қатысы жоқ сияқты
meirzhan
Посттың өзі былай басталған-тұғын:
Қалай брат? Не хауар? Нестеватсың?
konvict
Сендер Ағатайдың бір пікір жазғанын көрдіңдер ме?
Agatay
хехе, жазам ғо, уақытым жоқ отыратын...))
meirzhan
Мен көрдім. Көбіне мынадайларын: ")))".
asaubota
@Agatay Ақтау жақтансың ба?
Agatay
Иә, Ақтауданмын
meirzhan
Ақтау жақта Албан руы тұра ма не
Agatay
Неге олай дедіңіз @meirzhan? Жоқтың қасы, пәшти жоқ деуге де болад
meirzhan
а-а. Wordpress-те айтып едіңіз ғой. Руым Албан деп. Содан сұрап отырмын.
Agatay
Жоқ Албан емес, Беріш қой, шатастырып отырған боларсыз...))
meirzhan
Мені «мынауың мылжың екен деп ойлап қалма» бірақ мына жердегі мына блокада албанцев деген сөздің мағынасы не?
Agatay
Екі жағымдағы қыз Албан ғой. Екі Албан ортағ алып қысып жатыр деген типа прикол...))(((
meirzhan
хе-хе. прикол түсінбейтінімді көрсетіп қалдым.
е-е ондай блокадалар жақсы ғо, шіркін
meirzhan
флудтамау үшін жеке жаздым
Beytanis
Екеуара әңгімелеріңе жөнсіз араласқаныма алдын ала кешірім өтінемін, бірақ руы аса маңызды ма?
meirzhan
жоқ, мүлде маңызды емес.
Agatay
журфак, 3 курс па? Сені таним ау дим
rakisheva
Супер  Мына постнды окып озінмен вертуалды емес реально сойлескендей болдым го, жарайсын ағатай
Пікір түзетілген: 22 тамыз 2011, 20:27
boztorgai
cөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел ©
patick
Оқуға түскелі жатқан братішкеме оқыту керек!
TERISKEY
тууу, @Nurgisa ағам тағы да күлетін болды-ау. Мына постты енді ғана көрвотрым. Ағатай маладес, маладес. Өзіне тән жазуы, өзіне тән ойы бар екен. Ырзамын, сәттілік болсын. Мына жазылғандардың ешқайсысына да үйір болып көрмеппін.
sammita
Мына жазылғандардың ешқайсысына да үйір болып көрмеппін
сенің пенде екеніңе сенуден қалғалы қашааааан
Gulistan
Теріскей, сен бұл пост жазылып, талқыға түсіп жатқанда Түркияда болған сияқтысың.
TERISKEY
бәсе деймін-ау, шото оқымаған сияқты болғам.
araika
Жақында ғана тауып алған інім бар еді (перваш), ендігі үйге келгенінде мына вирустардан сақтану үшін вакцина егу керек болды ғой
meirzhan
Қайғы дәрігер боп өмірден мүлде түңілдіріп жүрме.
araika
Қайғы дәрігер
мына сөздерді байланыстыра алмаудамын… Түңілдіретіндей түгі жоқ, вирус №1-ді жұқтырғанына да күмәнданбаймын. Қалған төртеуі менен екеу боп жетеді, қысқа-нұсқа
Marationok
Вирус №1-ді жұқтырса полицияға арыз жазу керек қой, вирусшіл бұзақыларды абықтыға жауып жібереді.
araika
Ол үшін алдымен абақтының аумағын кеңейту керек болар
Marationok
біраз кеңейіп қалды ғой, неше түрлі адамдар бостандық алды ғой
araika
Сонда да ұтарымыз аз.
Қызылордалықсыз ба, "ғой-ғой"-ыңыздан таныдым
Marationok
ұтарыңыз бар, әділдік орнар
Ғой деген жалпы қазақтікі емес пе? Сіз қайдан боласыз?
Rafaello
КВН туралы дұрыс жазыпты
asaubota
осыны биылғы абитуриенттер оқысын
Marco
Биылғы талапкерлер де оқысын деп
rakisheva
Ооо, жақсы болды ғой! Ойтазаның вордпресстегі парақшасына кіріп, оның осы жазбасын таппай жүр едім  Мерееееееееееей MERmukhanov мен саған алдында айтқан бесінші вирус осы ғооооой
qonyrbai
Ал, мектеп бітіруші түлектерді құттықтаймын. Осы жазбаны оқысын, әнестің!