3 сағаттық жұмыс немесе I love KEREKINFO!!!

Барлықтарыңызға сәлем! Бұл жазбамда сіздерге өз қолымнан шыққан шағын ғана туындыны таныстырмақпын. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп бастадым, ал кеттік онда!
Өзім негізінен сурет салып, қолөнер жұмыстарымен айналысқанды жақсы көремін. Кеше үйден бос жатқан, ескі рамканы тауып алдым. Оны тазалап, әсемдеп, әспеттеп жаңашаламақ болдым. 1 — қадам.

Рамкаға ақ матаны қағып, жиектерін гуашьпен боядым. 2 — қадам.

Соңғы кездері суретті қағазға емес, матаға салып жүрмін. Оңай дей алмаймын әрине, бірақ өте қызықты жұмыс. Енді бұл матаға "қандай сурет саламын?" деген ой келді. Біраз ойлана келе  бір ойға келдім. 3 — қадам.

Міне, бары осы! 4 — қадам.

Жақында ғана қосылдым, мені осында жетектеп әкелген бір кісіге мың да бір алғыс, Аллаһ разы болсын! Осындай керемет қазақша сайттың барына ризашылығымды білдіргім келді. Рахмет саған, KEREKINFO!!!

Пы.Сы. Ысмайликтердің де қосылуымен тұспа-тұс келіпті жазбам кеше жазамын деп ойлағам негізі. Ондай керемет суретші емеспін, қателіктер де болады әрине. Жазбаны да асығыс жазып отырмын, тәтті-пәтті пісіріп жүрмін үйде) шалалықтарымды дұрыс қабылдарсыздар деп ойлаймын. РАХМЕТ!!!
Бөлісу:

28 пікір

Altygradus
шалалықтарымды дұрыс қабылдарсыздар деп ойлаймын
Ниет қой бастысы  Креатифф!
AKA
 Рахмет!!! Басқалары да болады жақында, ИншАллаһ!
ushkin
Cені мына жаққа жетектеп әкелген адам кім болды екен?))) Өте әдемі шығыпты…
AKA
 Рахмет!!! Ол — КЕРЕКИНФО сайтына сүбелі үлес қосып жүрген, сөзге шешен, тілі өткір, әзілқой, білімі мол ақылды, өнерлі жігіт, бір сөзбен айтқанда класаффчик  қой! біраз мақтадым енді, бірақ есімі жарияланбауын  қалайды
Maya
Жақсы екен, ең бастысы шын жүрекпен салынған дүние ғой… Таныса отырайық, аты-жөнің, қайдан боласың??? дегендей…
19852407
Махаббатың берік болсын!
madlen
Смайликтерің сұлу екен
AKA
 Рахмет!!! Сіз де сұлусыз!!!
satibaldi
Қорс-қорс жльадъм. Ел іші — өнер кеніші.
Arhun
ниетіңе бір рахмет!!!
Админге, осы суретті сайттың бір жеріне естелік ретінде іліп қойса жақсы болар еді…
Erlan
Сайттың 1 жылдығына тарту етер
Gastarbaiter
+4! Коллективке жаңа қосылғанда бір бөтелке арағымен келетіндерге риза боп кетесің ше. Ештеңе түсіндіріп қажеті жоқ.
meirzhan
Автоматты түрде плюс қойып жіберіппін. дұрыс оқымай-ақ
бір бөтелке арағымен
Неге міндетті түрде осы плоскостьта қарастыру керек?
Жалпы ойың түсінікті, әрі қолдайтындай. Бірақ неге «арақ»?
alisha
Өнер мен қиял қайда жатыр десеңші?! Күшті екен!
AKA
 Рахмет әпке!!!
Dzhuli
Шын жүрекпен, таза ниетпен жасалғаны сөзсіз анық
@AKA, өнерлі маладес!
AKA
 Ваууу, рахмет!!!
KILYZAMAN
Шын пейіл мен пәктіктің, тазалықтың тамаша үлгісі болдың, алғашқы Керекке жасаған қадамыңда. РАХМЕТ! Тазалық бәрін жеңеді…
AKA
 Сізге үлкен рахмет, ризамын!!!
TERISKEI
Шын пейіл мен пәктіктің, тазалықтың тамаша үлгісі болдың, алғашқы Керекке жасаған қадамыңда. -ық-ық)))))))))))))))))))))))
Rozatai
AKA саған жауап жазам деп отырғанымда, маған жазған хатың тұрған терезе жоғалып кетті. танысқаныма қуаныштымын өте!