Көлсай туралы


«Көлсай — армандарымның бірі» деген постты оқып едім бүгін. Мен сол Көлсайдың дәл жанында Саты деген ауылда туып-өстім. Суын ішіп, форелін жеп, шөбін неғып… шауып дегенім ғой. Әкем сол Көлсайда лесничий.(Қазақшасын аудара алмадым.Лесник-орманшы, лесничий- білмедім). Так что сол Көлсайдың бел баласымыз десең ба. Қалжың, не ғой, жоғарыдағы «Көлсай — армандарымның бірі» деген постта Көлсай туралы ақпарат таппадым депті.Мына постты былтыр блогыма жазған едім.Көлсай туралы аз-маз ақпарат болсын.
Айтпақшы Көлсайдың қасында Қайыңды деген көл де бар.Сұлулығы Көлсайдан кем емес.Очм бәрі жазбада.(Ескерту: былтыр жазылған.Түпнұсқа мында azanbekov.wordpress.com/2010/05/28/көлсай-туралы/)

Жаз басталысымен қайда барып демаламыз деген сауал туындайды.Бұл ретте алдымен отандық демалыс орындары ойға оралады. Алакөл, Балқаш, Көлсай… Бірақ демалушылар бұлардағы сервистің, барар жолдың нашарлығын айтып, шет елдік демалыс орындарына баруды жөн көріп жатады. Бүгін Көлсай туралы Есенгүл Кәпқызының блогынан оқыдым.Онда да мен жоғарыда айтқан жол, сервисті мәселені айтады. Мен өзім сол Көлсайда туып-өскендіктен ол жаққа қалай бару керек, қалай демалуға болады деген ойыммен бөліскім келді. Сонымен, Көлсай Алматы облысы, Райымбек ауданы, Саты ауылдық округіне қарасты аумақта орналасқан. Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтықта. Көлсайға жету үшін Алматыдан Құлжа трассасы арқылы, Шелек-Көкпек жолдары арқылы жүресіз. Одан әрі Аласа асуынан өткен соң жол екіге жарылады. Тура жол Кеген, Нарынқол бағытына, оңға бұрылсаңыз Көлсайға бет аласыз. Бұдан әрі Көлсай бағытындағы жолмен 20 шақырымдай жүрген соң қызықтың көкесі басталады. Жалаңаш ауылына дейін жол кедір-бұдыр. Сондықтан Алматыдан асты биік, жол талғамайтын көлікпен шыққаныңыз жөн. Болмаса көлігіңізді майлап, сайлап «ходовкасын»бір тексеріп, басы артық дөңгелек алыңыз. Жолдың нашарлығынан тез жарылуы мүмкін. Ал дөңгелек жасайтын жер тек Жалаңаш ауылында ғана бар. Жолда қалсаңыз Алматыға жеткзу әжептеуір шығын екенін ұмытпаңыз. Жалаңаштан әрі Кіші Жалаңаш, Қарабұлақ, Саты ауылдары бар. Бұл ауылдардың арасындағы жолдың да оңып тұрғаны шамалы. Жалпы алғанда Көлсайға дейінгі жолдың 100 шақырымы маңдайыңды таңдайыңа түсіреді. Бару жағына келсек, Жалпы өз көлігіңізбен барған дұрыс.Немесе сенбі, жексенбі күндері 2 күнге баратын болсаңыз турфирмалар арқылы баруға болады. Бірақ ол қымбатқа түседі. Мәселен: «Компас» фирмасы арқылы бару бір адам үшін тәулігіне 13 мың теңге.Кем дегенде 2 тәулікке барасыз. 26 мың+ қымыз, айран, құрт аласыз, атқа мінесіз 30 мыңнан асады.Қолайлысы, апарып-алып келу, жатын орын, тамақ солардың мойнында. Бұл болмаса күнде таңғы 6-30-ға дейін Саяхат автобекетінен Саты ауылына дейін автобус жүреді. Жолақысы бір бағытқа 1500 теңге. Сатыдан ары Көлсайға дейін 15 шақырымды жаяу болмаса жол-жөнекей көлікпен жетуге болады. (Сатыда жеке үйлер туристер қабылдайды). Бұлай жүру Көлсай арқылы Ыстықкөлге асқысы келгендерге қолайлы. Өз көлігіңізбен баратын болсаңыз, онда 3-4 күн жатуға дайындалып барғаныңыз дұрыс. Өзіңіз елестетіңіз 300 шақырымдық жол, оның 100 шақырымы жолсыз, таңертең 6-да шықсаңыз 10-12 шамасында (жүрісіңізге байланысты) Көлсайға жетесіз. Суға (егер күн жылы болса, ол жақта суықтау. сондықтан жылы киім алыңыз), суретке түсіп, қайыққа мініп, кешкісін қонып, ертеңіне түсте жолға шығасыз. Бұдан демалғандай болмайсыз. Тек шаршап қайтасыз.(Есенгүл апайдың тәжірибесінен көруге болады. Блогында жазылған) Сондықтан өз көлігіңізбен шығыңыз, шатырыңызды, азық-түлігіңізді, жылы киіміңізді, фотаппаратыңызды алыңыз. Көлсай тек бір көлден ғана құралмаған. Ол 3 көлден тұрады. Оның біріншісіне ғана машина жол салынған. Сондықтан ел-жұрт Көлсай көлі біреу-ақ екен деп ойлайды.Бірінші көлге өз көлігіңізбен жетіп, сонда қойып, алаңсыз, осы үш көлді де жаяу аралып, көріп қайтыңыз. Әрқайсысында 1 күннен болсаңыз, таза ауа, тамаша табиғатта кәдімгідей миыңыз тынығып, демалып қаласыз. Қалған екі көлге атпен ( атты 1-ші көлден жалдап алуға болады. 2-ші көлге бару құры 3 мың-5 мың теңге аралығында немесе келіскеніңізге байланысты) немесе жаяу баруға тура келеді. Екінші көлдің көлемі бірінші көлге қарағанда үлкендеу, жағасында шатыр тігіп, жазық алаңқайда футбол ойнауға болады. Бірінші көлмен екінші көлдің арасы жаяу жүрген адамға 1,5 сағаттық жол. Одан әрі жүрсеңіз үшінші көлге жетесіз. Оның көлемі кішірек. Бұл екеуінің арасы 30-40 минуттық жол. Одан әрі 1 сағаттай жүрсеңіз Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы асуға, шекара сызығына жетесіз. Одан әрі Ыстықкөл көрініп жатыр.Егер шекараны бұзбаймын десеңіз асуда тұрып суретке түсіп, ең таза ауаны жұтып кері оралуға болады.3 көлдің әсемдігін ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Егер уақытыңыз болса Саты ауылына жетпей Қайыңды деген көл бар.Бұның да сұлулығы Көлсайдан кем емес. Бұнда 2 көл бар. Бірі шағын, екіншісінің көлемі үлкен (Ортасында қарағайлар өсіп тұрған көлді тв-дан жиі көрсетеді. JSC тобының «Сұлулық» деген бейнебаяны осында түсірілген). Бұнда жергілікті орманшылардың үйлері бар. Солармен келісіп сонда жатуға болады, болмаса өзіңіздің шатырыңыз жетіп жатыр. Қайыңдыда тамыз айында малина теруге болады. Мұнда таудың бір беті түгел малина. Қарақат та бар. Сонымен Қайыңдыда болсаңыз малина, қарақат тересіз, суға түсесіз, суретке түсесіз. Мұнда Көлсайға қарағанда адам аздау. Сондықтан емін-еркін ойнап, «ыршылап-секіруге» болады. Егер барып жатсаңыз бұл көлдер «Көлсай көлдері» ұлтық табиғи паркі аумағында орналасқанын ұмытпаңыз. Көлдегі форель балығын ұстаймын, деп қармақ салсаңыз айыппұл төлеуге тура келеді. Бұл жақта аң-құстың барлық түрі бар деуге болады. Егер Қайыңдыға барып, таудың басына дейін (ең биігіне дегенім ғой) өрмелесеңіз аюмен кездесіп қалуыңыз әбден мүмкін. (бірақ бұл өте сирек жағдай. Соңғы 10 жылда аюға кездесіпті дегенді естімедім. Бірақ бары рас). Айыппұл төлемеймін десеңіз барлық ісіңізді жергілікті орманшылармен немесе мемлекетік инспекторлармен келісіп алыңыз. Ол сізге не істеуге болатынын, не істеуге болмайтынын түсіндіреді. Осылай Көлсайға саяхаттап, демалуға болады. Өкінішке орай сервис жоқтың қасы. Сондықтан тамаша табиғатта демалысты сәтті өткізу өзіңізге байланысты. Сервис алдағы уақыта жақсарар деген үмітім бар. Өйткені былтырдан бері жергілікті тұрғындар үйлерін қонақ үйлерге айналдырып, жабдықтауда.Биыл байқағаным былтырғыдан сәл жақсарып қалғандай. Әйтсе де Көлсай көлдерін туризм орталығы ретінде дамытудың үлкен жобасы керек-ақ. Бұл жоба аясында жол жасалып, жергілікті тұрғындар туристерге қызмет көрсетуге оқытылып, жаңа заманға сай туристік кешен бой көтеріп, ойын-сауық орталығы ашылуы тиіс шағын болса да, қыста шаңғы орталығы салынса бұл өңір қыста да туризм орталығы болар еді. Өкінші ке орай бұны ойға алып отырған ешкім жоқ. Ал жол мәселесіне келер болсақ келер жылы жасалар деген үміттемін. Өйткені жақында Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовпен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Осы жол туралы сұрағанымда келер жылға 9 миллиард теңге бөлінеді дегенді айтты. (9 миллиард теңгеге автобан салуға болатын шығар) Тым сенбейтін жұртқа диктофонымдағы жазбаны тыңдата аламын. Сонымен бәрі түсінікті деп ойлаймын достар. Қазірше барымен базар, Көлсайға барып дем алғыңыз келсе мен айтқан жолдарды пайдалансаңыздар болады. Ең оңайы мені шақырыңыздар ))). Кеңестерім керектеріңізге жарар деген үміттемін. Сұрақ болса блогқа, болмаса сотка арқылы құлаққа жеткізіп, жауап ала-аласыздар.)
Төмендегі үш сурет Қайыңды көлі.1.Қайыңдыға барар жол. 2.Үлкен Қайыңды көлі 3.Кіші Қайыңды.Көлсаймен арасы 20 шақырым. Қайыңды Саты ауылының кіре берісінде, Көлсай Сатыдан 15 шақырым әрі.


Бөлісу:

25 пікір

omarbirat
Джиппен ғана барған дұрыс шығар? Әлде жеңіл мәшинелер бара бере ма?
Erbol
Жеңіл мәшинелер бара береді. Барып жүрміз. Бірақ джип сенімдірек болады.
balzaminka
Мынадай табиғаты бар жерде туып-өскен Сізде арман жоқ шығар
Erbol
)))))) арман жарықтық қанша керемет жерде туып-өссең де бола береді екен ғой
Abilakim
Жусанның арасындағы біздің арманды айтсаңызшы…
VKM
Осы кезеңге сай қылып демалыс базасын ұйымдастырса, туристерден талай миллиондаған табыс табатын еді ғой еліміз ...Әдддемі жер екен)
satibaldi
Келатыр аха саған турист, қапшығыңды кеңірек ашып қой…
balzaminka
Жарнамасы жақсы болса неге бармас? Лас, сасық, кедей деген Индияға қаншама турист келеді жылына, оның қасында біздің ел жер жәннаты ғой.
Бірақ, өз басым ағылған туристтерді көргім келмес еді, егер құрал-саймандарымыз жоғарғы деңгейде болмаса, құр босқа ластанып қалады көліміз
patick
қазақтар үнділер секілді қолын жүрегіне қойып шын пейілмен қарсы алмайды ғой. бетіңе тіке айтады: "Ұнамай ма, таксимен жүр".
balzaminka
Осы өзімізді түсіруді қашан қояды екенбіз?!
Сервис көрсету жағынан тек қана өзбектер мен кавказдықтар ғана алда шығар «дороғой» деп іш-бауырға кіретін, ал қалған ұлт өкілдері сол өзіміз сияқты.
Егер, индустардың сервисі жоғары деп ойласаңыз өте қатты қателесесіз. Болады, қымбат дүкенге (мейрамхана) барасыз, сөз жоқ сізді жоғарғы разрядпен обслуживать етеді, өйткені тәртіп сондай, ол жағдай бізде де бар.
Жәй мысал, аялдамада тұрасың автобус күтіп, әрбір бос кетіп бара жатқан рикша қасыңа тоқтай қалып, ызыңдап тұрып алады. Сен оны тоқтаттың ба, тоқтатпадың ба, қарамайды. Болмаса, көшеде кетіп бара жатасың жөніңмен, опять сол рикшалар жол бермейді ызыңдап, керек емес дегенді ваще қабылдамайды. Оған жүйке кете ме? Кетеді. Болмаса, қымбат емес дүкен-мейрамханаларда сағызша созылыыыыыыыыыыыыыып жүрген қызметкерді кездестіресіз. :)
omarbirat
ол жағдай бізде де бар.
Жәй мысал, аялдамада тұрасың автобус күтіп, әрбір бос кетіп бара жатқан рикша қасыңа тоқтай қалып, ызыңдап тұрып алады. Сен оны тоқтаттың ба, тоқтатпадың ба, қарамайды.

Иә-иә, біздің Қазақстанда да сондай. Аптобыс аялдамасының жанында тұрсаң, әрбір бос кетіп бара жатқан мәшине жүрісін баяулатып, оң жаққа қарай тоқтауға ыңғайлана бастайды. Біреуі тоқтаса, артынан бірнешеуі бір-ақ тоқтайды :))
balzaminka
Бізде қол көтергенде ғана солай еді :)(Астанада, Кызылордада)
omarbirat
Бірақ қол көтеріп қала ма деп оң жақ қатарда жүреді ғой? :)
balzaminka
хгмм, ондайды байқамаппын (аңғармадым)
Erbol
Менде күшті жоба бар, инвестор керек.Атап айтқанда Көлсайдың форельін өсіретін,«Көлсай форелі», «Көлсай суы» ол жақтың суы да Сарағаштың суымен бірдей. Сосын «Көлсай балы» деген брендермен деп қоясың ба, атаулармен өнім шығаратын, туристерді күтетін ферма ашуға болады.Мен тарапынан-ферма құрылып жатыр, балық өсіретін тоған бар. Ара бағуды бастап кеттік.(Ол туралы мына жерде azanbekov.wordpress.com/2011/04/25/made-in-көлсай/) Жер бар. Ол жерге киіз үй тігіп, туристерді күтетін орталық жасауға болады.Очм, біршама тірлік жасауға болады. Қазір мүмкіндік бар.Инвестор керек. Миллиондаған демеймін. Аз ғана сумма.Мынау жаңағы ара өнімдерінің этикеткасы, деп өз жобаларыңа біраз жарнама жасап алсаң. (949.38 Kb, 3347x2454)
urimtal
түһ, ертерек айтпадың ба, Ереке! Шетелден қыдырып келген таныстарымды қайда апарарымды білмей жүрсем. Есте болатын екен!
Erbol
Бұйырса, болашақта апарсақ ноу проблем Асеке.
KILYZAMAN
Инвесторды қызықтыра алатындай ТЭН барма Ереке?
Қазір мүмкіндік бар.Инвестор керек. Миллиондаған демеймін. Аз ғана сумма.
Erbol
Жалпы нобайы бар.Қызығып жасап, жүгіргем жоқ.Негізі өзіміздің күшке сеніп жүргем.Біртіндеп жүзеге асырармын деп.Бірақ Астанадан бастап көз салушылар көп, 1-2 жылда айырылып қалатын сияқтымыз. Сосын ғой инвестор болса деп отырғаным.
KILYZAMAN
Ереке, тез қимылдамау керекау өзі… Біреулердің айтуынша — Көлсайды боққарын көкелер жекелеп алыпты деген қаусетте жоқ емес
Erbol
Көлсайдың өзі мемлекеттік парк аумағында.Бірақ дәл жағасында Жібек жолы компаниясының коттедждері бар. Былтыр парк басшылары соттасын ала алмады.Көлсайға сәл жетпей бір бизнесмендердің турбазалары, сосын бір депутат көкеміздің коттедждері бар.Бірақ олар парк құрылмай тұрып алғанбыз, кейбірі паркт аумағында емес, ауылдық округ аумағында деп күшке салып жер иеленіп отырған. Кейінірек келгендерге парк басшылары бермей отырған.Жақында мемлекеттік парктер аумағынан жерді арендаға 45 жылға беру туралы заң шықты.Бұған сүйеніп Көлсайдың маңын итше талайтын дәулер көбейюі мүмкін.Солар келсе менің ойлағандарым жүзеге аспай қалуы мүмкін.Бұрын жәбарақат жүр едім, енді ойлана бастадым.Сауатты ТЭН, бизнес-жоспар болса, инвестор табыла ма?Қалай ойлайсыңдар?
KILYZAMAN
Табылады… Мен біреусін білетін сияқтымын.
balzaminka
Ербол, жақында құрбым туризм мамандығы бойынша Швейцариядан оқу оқып келді. Сол кісіге осы Көлсай жайлы айтқан едім, біраз жобалары барын айтты. Егер қаласаңыз, сөйлесіп көрсеңіз болады
Altygradus
бізде дәл солай болған, дөңгелегіміз бірақ Жалаңаш емес жолдан соққан Шарында жарылды. Сосын оны Жалаңашқа қалдырып кеттік те, ертесінде алып қайттық қайтарда
Erbol
Иа, сондай қиындықтар болып тұрады.Бәрі жолдың нашарлығынан зардап шегеді. Елден ұят апаруға. Туризмнің дамымай отырғаны да сондықтан ғой. бірзе бәрі ауызбен туризм дамуы керек деп оттайды. Нақты іс жоқ. Дамытқыш болса құры қағазға сурет салмай нақты іске кіріспей ма? Көлсайдың жолын былтыр Үмбетовпен Қызылағашта сұхбаттасып қалып, айтып едім, ақша бөлеміз деп еді. Артынша ақша бөлініпті, жол жасалады екен деп жатқан. Үмбетов ауысып кетті, жаңа әкім көңіл бөле ма білмеймін.Естуімше биыл басталған екен, аудан әкімі Мұқағали ағамыздың тойына жібердік, биыл да жол жасалмайды депті.Бірақ бұл өсек естігенім. Өсек болса да рас сияқты. Өйткені мамыр болды, жол жасап жатқан жан жоқ. Біреулер Жалаңаш ауылына дейін жасалады. Ары қарай келер жылға қалды депті әкім деп жүр. Былтыр қызылағашқа бөлініп кетті дегенді естіп Үмбетовпен сұхбаттың арасына қойып қалып едім.Жаңа әкімге хат жазу керек па білмеймін.Тұрарбек Асанов деген депутат та көтеріп жүрген.Одан да нәтиже шықпады -ау деймін.Блогшылар бір шулап, Мұрат аға мен Бекболат аға арқылы бір дуылдатып алсақ па екен.Қалай ойлайсыңдар? Айтпақшы жаңадан тағайындалған туризм және спорт министрі Ермегияев Жалаңаштың жігіті.Сым-кәстөм киіп, шашты гельдеп тарап, алдынан бір-ақ шығам ғой деймін.Аға ауылыңыздың жолын жасатсаңыз деп.