Көлсайға барайық.

Құрметті керекшілер, блогшылар мына жақта мынандай ұсыныс түсіп жатыр, бәріміз жиналып Көлсайға демалуға барсақ қайтеді деген?
Автобус жалдасақ, тамағымызды алсақ. Ол жақта ұйықтайтын орын бар, тамақ жасап беретін кісілерде бар. Ол жаққа екі күн кетеді.
Балзаминка жазғандай жеке демалып қайтсақ деген ой ғой.
Сонымен пікірлеріңізді айта кетсеңіздер.
Бөлісу:

56 пікір

KILYZAMAN
Кемпірім жібермейді :-( (Саған не жорық, деп домалап жатқандарды елестетіп әлекпін… :-) )
urimtal
@Erbol кеттік пе?
Erbol
Кеттік, бірақ маусымның аяғы, шілденің басы дұрыс шығар.Қазір сәл суықтау. Маусым, шілде нағыз… кез.Мен дайын.
urimtal
@Erbol маусымның соңында «Мінбердің» Астанадағы тренингі аяқталған соң барсақ болады екен онда.
Erbol
Иа, тура сол кез "құланның қасынуына" тура келеді.
Gastarbaiter
Шілде түскенде болады баруға.
Zilola
мен екі қолыммен де «за» :)
patick
атқа отырғым келіп жүр, барсақ барайық
Abilakim
ат саған ағаш па еді отыратын))) атқа мінгім кеп жүр десей))) Жұрттар түрмеде отырады
patick
мен тірі атты айтты деп кім айтты?
Erbol
))))))) жаттым, қатырасың Әбілақын.Рыспек.
Aikona
давайте онда бір күнді белгілеп, бәріміз жиналып барайық.
Zilola
Әуелі айды белгідеп алайық, сосын күнін. Көп кісілердің жоспарлары бар шығар. Мысалы мен Көлсай үшін 25 мамырда болатын 10 жылдыққа бармауға болады деп шештім :)
Aikona
Мәссаған көлсай үшін құрбандық жасадың ба :) 25- мамыр средаға түседі кен.
Оданда 28-29 мамырға шығайық. Сол күнді белгілесек қайтеді?
Zilola
көпшілік не десе, соған келісемін :)
қыздар не дейді екен? жауабын күтейік
satibaldi
Бармаған жерің қалмады-ау…
Zilola
қойши, әрі ойна
satibaldi
Бізге де аяқ сұғып кет. Тек аяқ…
Zilola
Дариус Холгенге ма? Айтпақшы, мен ол жаққа барсам «на совсем» барамын, так что біліп қойың
VKM
уа-ча)))Мақпал, барма ол жаққа....ұнамайд:)))
satibaldi
Тәлібтің, қыз бен жігіт болып отыра қояйын десең, титан татыған біреулер келіп…
VKM
satibaldi, мяя,қандайсың? Мен сені бензин не керосин сасыған демедім ғой(
satibaldi
Менің Отанымда түк шықпайд. Ал сендер туралы естігенім: Уськаманские мужики до того строгие, что их дети носят титановые шляпы.
VKM
сөзім жоқ, эмоция ғана(((көрсең ғой, сол эмоцияны
madlen
men de bargym kevatyr.
baraik
satibaldi
көпшілік не десе, соған келісемін :)
Көпшілік: «ындыққа барайық» десе де ме?
Zilola
тақырыптың шырқын бұзбаңызшы мырзам
satibaldi
Мырзам деген кезде быт-шыт болып, мал боп кетем ғой ше. Қайдан ғана үйреніп алғансың адамның ішек-бауырына кіріп, мұрнынан шығуды: таң қалам.
balzaminka
Өкінішке орай, Алматыда бір-екі күн ғана бола аламын :(, сондықтан, Сіздермен бара алмайды екенмін, өкінішті
Zilola
өте өкінішті, онда шабаданымды жинап 10 жылдыққа кетіп жатсам қапа бомаң :)
Aikona
Онда сіз келетін уақытқа ыңғайлайықта :).
balzaminka
мен, Құдай қаласа, 22.05-де боламын Алматыда, бұл жексенбі, сол күні-ақ жолға шыққым бар :)
Aikona
21 күні келсеңіз күшті боп кетер еді тура сол күні шығып кететіндей :)
balzaminka
ия, жақсы-ақ болар еді, бірақ эйрастана менің дегеніммен жүрмейді ғой, жүрмейді ((
Aikona
одан бір күн ерте келсеңіз болмай ма? :) наглая дейд :)
balzaminka
Сіздер нақты қай күнге жобалап отырсыздар?
Делиден ұшақ дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі ғана ұшады. Мен сол сенбілік ұшаққа отырмақпын, ал ол жексенбі келеді Алматыға :(
Aikona
Бізге тиімдісі демалыс күндері ғой. Бәрміз демалатын күндері. Біз сіздің келуіңізге қарай ұйымдасайық деп отырмыз. Өйткені ол жаққа 2 күн кетеді. Сол сіз алматыда суббота, воскресенье болатындай болсаңыз :)
balzaminka
Айкона, рахмет көп-көп Сіздерге. Бір апта қалып, келесі сенбіге дейін қалайын ба деп ойласам, Мінбердің семинарына тап келеді, Сіздер сол жақта болатын шығарсыздар, тағы да болмай жатыр :(
AKY
Мынауың қызық екен, елдің бәрін оталдырып алып)))
Zilola
айдалада тұрып саған не жорық? :)))
AKY
Ішім күйіп барад)))
Aikona
Келсей 2 күнге.
AKY
Барамын, барамын. Кейінірек…
balzaminka
оталып жатса, менсіз барса да қуанышты боламын керекшілер үшін. Ал, өзім басындағыдай жеке барып-ақ қайта саламын. Сатыға жетсем болды екен ғо :)
Zilola
Сәтекең ақыры көндірді-ау "өзің ғана бар, жалғыз өзің ғана бар" деп :)))
Altygradus
@Aikona,@balzaminka,@patick,@urimtal,@madlen,@Zilola
керемет бастама екен. Бірақ қазір ерте баруға. Себебі кешкі уақытта қатты салқын болады. Сосын тағы бір нәрсе қазір кене бар. Біз барғанда бірнеше қызды кене шағып алған. Бір қыздың мүлдім ішіне кіріп кете жаздаған, түнде кіргенен ол таңертең бірақ байқап, оны сол жерді қарап жүретін бір жігіттер ішін біраз тіліп жіберіп, кенені шығарып алып, қанын сорып, артынан Алматыға келгесін ол уколдар алып, оЧым біраз әуре болған. Біз маусымның бас жағы ма орта кезінде барғанбыз айтпақшы, оның өзі ерте, бірақ әйтеуір олар ауру кенелер емес болғаны шүкір болды.Ал қаз тем более кенелердің улы кезеңі ғой, сондықтан қауіпті.
Сол шілде сосын тамыз басы ең баратын кезең.
Zilola
рахмет ақпаратқа, жұмыста да естігендер ол жер әлі суық, күн жылығанда барыңдар деп жатыр.
Altygradus
сендер енді үйде түнейміз десеңдер ерте кеші жоқ негізінде. Көлге шомылатын емес, шілденің өзінде тастай суық, аптап ыстық кезінде де морж біреу болмаса шомылатын:). Бірақ кене деген өте қауіпті, Құдай сақтасын энцефалит болып қалса, оған уже ешқандай керемет медицина көмектесе алмайды.
Мен Алматыға қашан баратыным белгісіз боп отыр, әйтпесе қатты қатты қатты қызығып отырмын мына бастамаға :)
Erbol
О, жақтың кенелері мені таниды.Сендерді танымаған соң шабуыл жасаған ғой.Айтпадыңдар ма Ерболды танимыз деп.
VKM
Тағы қай жақтың кенелері таниды сізді?:)))
Erbol
Ары қарай қалжыңдасқым келмей қалды.
sammita
@Aikona,@balzaminka,@patick,@urimtal,@madlen,@Zilola
қалғандары, Қилызаман, Гасталар бара берсін бе:))
KILYZAMAN
Мені үйдегі кенем(кемпірім) жібермейді деген сияқты едім :-)
Altygradus
олар бәрібір Алматыда тұратын адам емес, сол үшін