Құранға ой жүгірту



Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!


Еш күдіксіз, Аллаһ Тағала Құранды әр нәрсеге түсіндірме ретінде түсірген, ал елші (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) оны анық түсіндірумен баяндап кеткен. Аллаһ және Оның елшісі (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) осы Құранда баяндаған ең ұлы нәрсе – таухид (бірқұдайшылық) пен ширк (көпқұдайшылық) мәселесі. Өйткені, таухид – Ислам дінінің негізі болып табылады. Бүкіл амалдар оған құралады. Ал ширк сол негізді бұзып, қиратады да, мүлдем жойып жібереді. Себебі, олар – өзара қарама-қайшы, бір-біріні қарсы нәрселер. Олар ешқашан бірге жиналмайды. Сондықтан, Аллаһ осы негізді Өзінің кітабында – Құранның барлық жерінде түсіндіреді. Таухид пен ширк мәселесі аталмаған бірде-бір сүре жоқ дерлік десек те болады.
Адамдар осы Құранды оқиды, қайталайды. Алайда, олардың ішінде осы түсіндірмеге назар аударатындары тым аз. Сол үшін сіз Құранды оқи тұрып, Аллаһ серік қосатын және таухидын құртатын көптеген адамдарды көре аласыз. Бірақ, Аллаһтың кітабында және елшінің (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде бұл мәселе анық, ашық айтылған ғой. Сонда да, адамдар халықтарында қалыптасқан салт-дәстүрмен, ата-бабалары мен машайықтары қалдырып кеткен жолмен ғана жүреді. Олардың негізі – бұл әкелері және ел тұрғындарын неде тапса, соны мықтап ұстану. Алайда, оларда күндердің бір күнінде ойланып қалып, Құранға ақыл жүгіртіп, адамдардың қазіргі жағдайы дұрыс па, жоқ па деп өз-өзіне сұрақ қою арқылы салыстырып көру мүлдем байқалмайды.
Оларды әкелері мен аталарының жолына соқыр ілесу дерті баурап алды. Құран тек береке тілеу үшін немесе сауапқа ие болу үшін ғана оқылыды деп есепдейді екен сол кісілер. Бірақ, мағыналарына ой жүгірту, оған сай амал ету мақсатымен Аллаһтың Қасиетті Кітабын оқитындар жоқтың қасы. Көбісі тек береке алу үшін, қаридың (Құранды жатқа білетін кісі) даусымен ләззаттану үшін, әндетіп жүру үшін, науқастарға дем салу үшін ғана тиләуәт етеді.
Ал Құранға сай амал жасау, оның үкімдерін жүзеге асыру және адамдардың жағдайы мен Құранда айталғандарды салыстырып көру туралы айтар болсақ, бұны аз ғана адамның бойынан таба аламыз. Ондай адамдар жоқ демейміз, алайда бар, өкінішке орай, олардың өте аз екенін айтпақшымыз. Сол үшін қазір Құранды бір ойпатта, ал кейбір кісілердің амалдары мүлдем басқа ойпатта екенін байқау қиынға соқпас. Олар өзгеруді, түзелуді қаламайды ғой. Тіпті ол адамдарға дін жаңартушысы немесе Аллаһқа шақырушы келіп, оларды оңғаруға әрекет жасаса, түсінбейтін халық оған қарсы шығып, адасу және дінге қарсы шығушылықта айыптап, жаңа дін әкелді деп жала жабады.
Бірақ та, бұл тура жолға шақыратын кісіге зиян тигізбейді. Бұл бұрыннан таныс болған нәрсе ғой. Аллаһтан өзгеге құлшылық етіп жүрген қауымдарын түзеткісі келген пайғамбарларға бұдан да асқан жаманшылықтар айтылған еді. Олар неше түрлі сөздер естіді. Ал енді ғалымдар мен да`уатшылар туралы не айтуға болады?! Мұнда таңқалатын ештеңе жоқ. Сондай-ақ, адамдардың осындай реакциясы ғалымдар мен шақырушылардың сауабын кемітпейді, керісінше Аллаһ Тағаланың алдындағы игіліктерін арттыра түседі.
Бұның барлығы айыптаушылардың өздеріне қарсы айналады. Ал ықыласты ғалымдар мен Аллаһқа шақырушыларға қарай бағытталған жаладан зиян көрмейді. Керісінше, игіліктері мен дәрежелері жоғарлайды. Олар елшілерден үлгі алу қажет. Аллаһ Тағала пайғамбарына (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Саған, тек сенен бұрынғы елшілерге айтылған сөздер ғана айтылады. Расында, Раббың – кешірім және ұлы азап Иесі» (Фуссиләт сүресі, 43-аят).
Яғни, адамдар Құранды жиі оқып жүрсе де, оны хатым жасап, жатап алса да, оның дұрыс оқылуына және мәдд, идғам, ғунна, иқләб, изһар, ихфа сияқты тәжуид ережелеріне қатты көңіл бөлсе де – бұл керемет нәрсе, алайда соған қарамастан олар ең маңызды мақсатты ұмытты, ол – Аллаһтың кітабының мағынасына ой жүгірту, оны үйрену, әрі адамдардың амалдарын Құранға сәйкес не сәйкес емесін салыстыру.
Біздің міндетіміз: ахуалымызды дұрыстау, адамдардың қатесін көрсетіп атақты болу үшін немесе олардан үлес алу үшін емес, бірақ түзету мақсатымен және насихат ретінде ескерту.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше