Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
Астана — еліміздің елордасы, саяси орталығы қазір рухани, мәдени, экономикалық діңгегіне де айналып келеді. Әлем картасында ойып тұрып орын алған шаһар Орта Азия, Азия, Еуразия, тіпті дүние жүзіне таңсық фактілерге ие. Ендеше, Астананың 20 әлемдік қырын ашып көрейік.
Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
Әлемдегі екінші суық астана
Астана Ұлан-Батырдан кейінгі салқын астана болып табылады. Оған ұйытқыған желдің қарқынын қосыңыз. Жалпы, қаладағы температураның ең төменгі көрсеткіші −51,6 °C 1893 жылдың 5 қаңтарында тіркелген.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
Хан шатыр — әлемдегі шатыр тектес ең үлкен ғимарат
Норман Фостердің туындысы Гиннестің рекордтар кітабына енген. Әрине, алып ғимарат Мәскеудегі Патша-қоңырау немесе Патша-зеңбірек секілді «Шатырлардың ішіндегі ханы» деген мағына білдіреді.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
Рекордтық көлемдегі ет асылды
2015 жылы Астанада салмағы 736,5 килограмдық ет тағамы әзірленді. Гиннестің рекордтар кітабына енген бұл ұлттық асқа 800 кг ет, 14 қап пияз, 300 кг қамыр кетті.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
Мұхиттан ең алыс орналасқан океанариум
«Думан» ойын-сауық кешеніндегі океанариумнан ең жақын мұхитқа дейінгі қашықтық 3000 километрді құрайды. Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. 3 миллион л көлем суда 2000 мақұлық тіршілік етеді.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
Пирамидадағы лифтілер қиыс қозғалады
Бейбітшілік және келісім сарайындағы лифтілер қабырғасы сияқты қиыс қозғалады. Тігінен емес, 60 градус диагональ көтерілетін бұл лифтілер Эйфель мұнарасы мен Лас-Вегастағы «Люксор» қонақ үйінің лифтілеріне парапар.


Ұлттық бидің ең ауқымды флешмобы
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап, 2012 жылдың 16 желтоқсанында жастар флешмобы өтті. Халықаралық және отандық бақылаушыдар ұлттық биді бір уақытта ең көп адам билеген шараға куә болды. Лондондағы штаб-пәтерге берілген өтінім мақұлданып, рекорд тіркелді.


Чемпиондар лигасы тарихындағы ең ұзақ қашықтыққа ұшу
«Астана» ФК УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы екеуара матч өткізуге кеткен ең ұзақ жол жүрудің бірі бойынша есте қалды. Мысалы, Шотландиялық «Селтикпен» ойын кезінде Глазгоға барып-қайту 10000 км-ді құрады.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
Астана — өз статусын атауымен білдіретін қос қаланың бірі
Елдің тілінен аударғанда «Астана» деген мағына беретін әлемде екі-ақ қала бар. Олар — Оңтүстік Кореяның бас қаласы Сеул («Соуль») және біздің елорда. Кейбір әлемдік астаналар бағдарлы тіркестерге ие, мысалы, Бейжің мен Токио «Солтүстік астана» немесе «Шығыс астана» деген мағына білдіреді.


Орталық Азиядағы қос ірі мешіттің бірі — «Хазірет Сұлтан»
Түркіменстандағы «Түркіменбашы рухы» мешітімен қатар бұл діни орда Орта Азияда теңдессіз болып отыр. Аумағы 11 гектар мешіт 10 мың адамға дейін сыйдыра алады. Сопылықтың басты өкілдерінің бірі Қожа Ахмет Яссауидің құрметіне аталған, ұлттық нақыштағы ғимараттың биіктігі — 51 м, минареті — 77 м.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
Астананың 23 бауырлас қаласы бар
Астана әлемнің 18 елінің 23 қаласымен бауырласы болып келеді. Мысалы, ең алғашқы бауырласқан қаланың бірі Гданьскпен 1996 жылы ресми келісілді. Жалпы, астанамызға Анкара, Стамбул, Ізмір, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Амман, Рига, Ташкент, Гданьск, Варшава, Киев, Сеул, Дубай, Бейжің, Манила, Тбилиси, Бішкек, Ханой, Ницца, Оулу, Белград, Уфа қалалары бауырлас.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
«Астананың құрметті азаматы» атанған 4 ел басшысы бар
Бұл атаққа елбасы Н.Ә.Назарбаевпен бірге Грекия Республикасының экс-президенті Константинос Стефанопулос, Кореяның бұрынғы басшысы Ли Мен Бак және Молдова Республикасының Петру Лучински ие.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
Астана паркіндегі терек ғасырдан ұзақ өсіп тұр
Астанадағы ең кәрі ағаш — 120 жылдық терек. Климаттық ерекшеліктерге сай, ыстық белдеуде көп өспейтін ағаш — азиядағы ең кәрі теректің бірі.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
Бадди аюлары келген 16-ыншы қала
2010 жылы Астанаға әйгілі қонжықтар әкелінді. 2010 жылы «Германия Қазақстанда» бағдарламасы аясында «United Buddy Bears» («Аюлар достастығы» экспозициясы Астанаға қойылды. Әлемнің жұзден астам елдерінің мінез-құлқын сипаттайтын қонжықтар ірі қалаларды әлі де аралап келеді.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
Кәріс аспаздары 157,8-метрлік кимбап роллын дайындады

2011 жылы 160 адам еңбектенген бұл рекорд «Сүйікті қалаға — аспаздар шеберлігі» фестивалі аясында тіркелді. Ескі алаңда қыдырып жүрген барлық қонақ тегін асқа қарық болғаны да рас.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
Әлемдегі ең ұзын әкімшілік ғимараттың бірі орналасқан
Әрине, бұл — министрліктер үйі. Оның ұзындығы 1,5 км-ді құрайды.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
«Астана Опера» — Орталық Азияның ең үлкен театры
Театрдың бас залы 1250 орынға арналған. Акустикасын келтіруге Еуропаның маңдайалды мамандары қатысты.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
Көлемі өзгеретін ғимарат
Тағы да пирамида. Бейбітшілік және келсім сарайының ені ауа температурасының өзгерісіне байланысты өзгеріп отырады. Қаланың шүғыл континенттік климатына сай, архитектор Фостер ғимарат діңгегін сырғанайтын тірекке орналастырған, сондықтан болат қаңқасы қозғалмалы: қыста қысылып, жазда кеңейеді. Айырмашылық 6 см-ге дейін болуы мүмкін.

Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
111-метрлік мемлекеттік ту көтерілген
Алғаш рет ту 2012 жылы Мемлекеттік рәміздер күні көтерілді. Жалауының ауданы 450 кшаршы метрді құрайды. Қаланың көп жерінен оңай көруге болады.


Әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат
«ЭКСПО-2017» көрмесінің сәулеттік символы саналған ғимарат – «Нұр Әлем» павильоны. Бұл ғимараттың диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метр, ал жалпы ауданы 22000 шаршы метр. Көрем кезінде еліміздің тарихы, мәдениеті, көрікті жерлері, соңғы жетістіктерімен таныстырған бұл айрықша нысан энергия түрлерін паш еткен ғылыми нүктеге де айналды. «Нұр Әлемді» салуға 13 000 тонна металл пайдаланылды, ал шардың беті 2 800 шыны панельмен қапталған.
Жалпы, EXPO-2017 көрмесі өткен 3 айда әлемнің 178 елінен 4 млн адам келіп қатысты. Барлық павильондардфы қарап шығу үшін 96 сағат керек еді.


Блог - MERmukhanov: Астана - әлем картасында: таңғаларлық 20 дерек
5 жылда — 30 үздік қалаға
2003 жылы, яғни елорда болғаннан 5 жыл кейін астанамыз Moody’s Investors Service әлемдік рейтингілік агенттіктің нұсқасы бойынша, дүние жүзінің ең үздік 30 қаласының қатарына енді.
Әлемге таңсық боларлық біз жинаған 20 факті осы. Бұл да елорданың ерекше 20 қыры. Ал сен астанамыз туралы қандай ерекше, көпшілікке беймәлім дерек білесің, оқырман?

MERmukhanov

Қазақтың баласы

    Ұқсас посттар

    0 пікір

    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.