Шарапхана ауылына жолайырық керек

  • Автор
Республикалық маңызы бар «Алматы-Термез» автожолының Қазығұрт ауданындағы Шарапхана ауылы тұсынан Жаңабазар ауылына бұрылатын үлкен жолайырық (развязка дорог) керек.

Блог - saken-d: Шарапхана ауылына жолайырық керек

Аталған автожолға Шарапхана тұсынан қосылатын облыстық маңызы бар «Шарапхана-Бірінші мамыр» автожолы бағытында (Шарапхана, Қарабау, Алтынтөбе, Жаңабазар, Көкібел, Жігерген ауыл округтерінде жалпы) шамамен 60-70 мың халық тұрады. Осыншама халықты және олардан шығатын көлік нөпірін ескеріп бірде-бір жолайырық салынбаған. Бұл – үлкен проблема. Әсіресе, Шарапхана ауылы жағынан республикалық маңызы бар жолға көліктердің Ташкент пен Қазығұрт бағытына шығуына және Шымкент бағытынан келген көліктердің Шарапханаға кіруіне дұрыс мүмкіндік қарастырылмаған (немесе, елді-мекен ішімен кемінде 5-6 шақырым артық жол жүруді талап етеді). Бұл – өз кезегінде, жолаушыларға да, елді-мекен тұрғындарына да қиындық туғызады.

Қазіргі таңда мұндай жолайырық қызметін Шарапхана ауылы тұрғындарына арналған мал айдау өткелі атқарып отыр. Көлік нөпірі тар мал айдау өткелінен кезектесіп өтуге мәжбүр.
Блог - saken-d: Шарапхана ауылына жолайырық керек
Блог - saken-d: Шарапхана ауылына жолайырық керек

Осыған байланысты, аталған проблеманы шешу үшін Шарапхана ауылы тұсынан, «Шарапхана-Бірінші мамыр» автожолын «Алматы-Термез» автожолына (754-ші шақырым) жалғайтын үлкен жолайырық салуды ұсынамыз. Бұл жоба – Шарапхана ауылының ішкі жолдарындағы көлік нөпірін азайтып, елді-мекен тұрғындарына да, жолаушыларға да қолайлы болмақ.
Блог - saken-d: Шарапхана ауылына жолайырық керек

6 пікір

MERmukhanov
ауылдың атына базар жоқ
MERmukhanov
WhatsApp қосымшасында «Қазақавтожол» ЖШС диспетчерлік қызметінің +7 771 7444 777 жазшы осыны.

+
saken-d
Көрсеткен нөміріне жолданды. Рахмет!
MERmukhanov
сосын Ұлттық оператордың мынаусына жаз:

www.kazautozhol.kz/index.php/ru/2016-01-02-09-56-14/vnesi-svoe-predlozhenie
saken-d
Бұған кетпейді. Суреттер қабылдамайды. Өтірік сияқты
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.