«Бөкетов жұлдызына» кім ие болады?

Жас журналистердің Х Республикалық пәндік олимпиадасы дәстүрлі жалғасын Қарағанды қаласында тауып отыр. Е.А.Бөкетов атындағы қара шаңырақта 16 жоғары оқу орынның шәкірттері бақ сынасуда.
– Болашақ әріптестер, киелі Арқа жеріне қош келдіңіздер! Бұл – кешегі қара сөздің көсемі Ғ.Мұстафин, алаштың абызы А.Сейдімбеков, Қ.Байбосынов, Б.Тілеуханов сынды біртуарлар қанат бітіріп ұшқан өлке. ҚарМУ – журналистиканың екінші отаны десек те болады. Ендеше, бұл доданың кеншілер қаласында өтуі заңды. Сәт сапар! – деп лебіз білдірген ҚарМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанов, бәйге алауын жақты.
Журналистер олимпиадасы қазақ телевизиясының 60 жылдығына орайластырылып отыр. Өздерін таныстыра өткен жас журналистер, іле алаш арнасының мерейтойына негізделген тақырыптар бойынша эссе жазды. Өңірдегі Сарыарқа арнасының бас редакторы Әли Тойшекеев бастаған қазылар алқасы қатысушыларға әділ бағасын берді.
Шара барысында студенттер сергіту сәтінен де қалыс қалмады. Қонақтардың кеншілер шаһарын шарлауына жағдай жасаған екен ұйымдастырушылар. Бөкетов мұражайымен танысқан студенттер ерекше әсерге бөленгендерін жеткізді.
– Ебіней Арыстанұлы туралы бұған дейін біраз дерекке қанық едім. Ол өзінің ғылыммен қатар әдебиет саласына сіңірген еңбегі осынша ауқымды екеніне куә болып, үлкен серпіліс алдым. «Бөкетов жұлдызы» жайында да тұңғыш рет естуім. Сол жұлдыз додада біздің аспанымызда туар деген ниеттемін, – деді ШҚМУ-дан келген «Алтай арасы» командасының мүшесі Жеңіс Оразай.
Бүгін сайыстың соңғы күні. Төрт төрт сайыс кезеңі бойынша жеңімпаз анықталатын болады.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
Бөлісу:

13 пікір

assel
Республикалық деңгейдегі айтулы додаға аймақ намысын қораған С.Аманжолов атындағы ШҚМУ құрамасы жарады. Елімізде БАҚ мамандарын даярлауда көш басында тұрған қарашаңырақ Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті білім додасын ұйымдастыруда да сындарлық танытқан екен, бәрекелді!
erkenaz11
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде жас журналисттер арасында доддаға түсіп жатқан С.Аманжолов атындағы ШҚМУ журналистика студенттеріннің командасы тек қана алға!
nuralier
осындай ірі додалар еләмәздің журнлаистикасының дамуына үлкен үлес қосады деген ойдамын.
және де осындай ауқымды дода, олимпиаданың ҚарМУ-да өткені өте орынды болыпты, ҚарМУ журналистиканың екінші «отаны» ғой. Осы шараға қатысып өз өнерін көрсеткен щығыс Қазақстанның Сәрсен Амонжолов атындағы университетінің студентеттері жақсы нәтижеге жтсің! Тек қана алға!
Nazarkhanova
Жақсы жазыпсыз! Барлығына сəттілік!
altynay
Мәнді де мағыналы жазылған! Жарайсың
lazzat2000
Сəттілік тілеймін!
adil1994
Жарайсыңдар жігіттер!
kamila_2305
Осындай олимпиаданың ҚарМУ-да өтіп жатқаны орынды деген ойдамын, себебі ол еліміздегі журналистика отанының бірі.осындай ірі додалар елімәздің журнлаистикасының дамуына үлкен үлес қосады деген ойдамын. Барлық қатысушыларға тек қана сәттілік тілеймін.
alinur
Керемет жазылған!