Жаңа жылды жаңа форматта атап өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді. Биылғы төл мерекенің ерекшелігі – универстиеттің екі бірдей студенттер жатақханасының алдында ауқымды шараға айналуы.
Таң сәріден іс-шара қамымен қызу жұмысқа араласқан оқытушылар қауымы мен студенттер түс ауа Әз-Наурызды өткізуге барлығын әзірлеп үлгерді. Жуырда өңірдегі іргелі білім ошағының ректоры қызметіне тағайындалған Мұхтар Төлегеннің бастамасымен, қазақтың жыл бастау мейрамы биыл ерекше форматта өткізілді. Университеттің №4 және №5 жатақханансының алдына екі бірдей киіз үй құрылды. Студенттер әр түрлі ұлттардың киімін киіп, мереке көркін одан ары енгізе түсті. Шараның құрметті қонағы ретінде ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, өңірдегі бірқатар белгілі журналистер және ШҚМУ-нің ректоры Мұхтар Төлеген келіп қатысты.
– Құрметті қонақтар, сіздерді облыс әкімі атынан Наурыз мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Осындай айтулы мейрамды студенттермен бірге атап өту әрине, қуанышты жайт. Облысымыздың, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын талай білікті мамандар осы білім ордасынан шығады деп сенемін. Барлықтарыңызға тек алға жылжып, еңбектеріңіз жана берсін демекпін, – деді Әсем Нүсіпова.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары аталмыш оқу орнына өткен жылы 200 грант, ал ағымдағы жылы 400 грант бөлінгендігін айта кетті. Өз кезегінде, университет басшысы да өңір басшылығына студенттерге осындай қолай жағдай қарастырғанына алғысын білдірді.
– Құрметті Әсем Бекқызы сіздерге, аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлына осындай зор қолдау танытып жатқандарыңызға алғысым шексіз. Бұдан былай, Шығыс Қазақстан облысы жастары жергілікті атқарушы әкімдік есебінен бөлінген білім гранттары нәтижесінде ақысыз негізде білім алуға мүмкіндік алды. Біз де осындай қолдауды сезініп, тек алға қарай қадам жасайтын боламы, – деді Мұхтар Төлеген.
Іс-шара барысында, жоғары еңбек білім беру жүйесінде көп жылғы жемісті еңбегі үшін бірқатар оқытушылар мен қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды. Қызықты сәттердің бірі – мұнда «Ең үздік студенттер үйі» номинациясы бойынша марапаттау рәсімі өтіп, әр студенттер үйіне бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мерекеге жиналған қонақтар ұлттық тағамымыз «Наурыз көжеден» дәм татып, ары қарай жастарға, студенттерге арнайы спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мұнда үздік атанған қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болды.

Әділхан Есімханов журналистика
Бөлісу:

10 пікір

Sovetkhanov
С Аманжолов мыкты университет студенттері өте білімді.Жақсы жазылған мақала лайк бастым
Nazarkhanova
Өте жақсы жазылған! Жас журналистердің қаламы ұштала берсің!
altynay
Өте керемет жазылған
lazzat2000
Жарайсыз! Керемет жазылған мақала! Қаламыңыз ұштала берсін!
Serikkyzy
Керемет жазылған!Қаламыңыз ұштала берсін!!!
st45889
Өте жақсы жазылған!!!
erkenaz11
ереше өткені әлеуметтік желіге шыққан фотолар мен видеолардан да байқауға болады
lazzat2000
Жеңіспен оралыңыздар!