Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Президенттің бес әлеуметтің бастамасы" атты халыққа үндеуі. Елбасының "Бес әлеуметтік бастамасы" үндеуі Алматы жастары арасында талқыланды

Наурыздың 19-ы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жастар ұйымдары» комитетінің төрағасы Нұрсұлтан Болатұлының ұйымдастыруымен Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» атты Алқасөз Алматы жастары арасында өткізілді. Алқасөздің мақсаты — жастар арасында Елбасының үндеуін талқылап, кеңінен насихаттау, жоғары оқу орындарында жүзеге асырылуын қадағалау. Дөңгелек үстел модераторы Бекқайыров Нұрсұлтан үндеудің үшінші бастамасы жастарға арналғандығын айтып, сөз кезегін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Алтын сапа» пікірсайыс клубының төрағасы Өтеген Төрежанға берді. Өтеген Төрежан үндеудің бес бағытына талдау жасай келіп: «Бес әлеуметтік бастама — ел жағдайын әлеуметтік жобалар арқылы жақсарту деп ойлаймын», — деп қорытындылады. Кезекті сөз тізгінін алған «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төраға орынбасары Әлібек Қызайбай кәсіподақтың атқаратын қызметтері осы үндеумен тығыз байланысты екендігін айтты. Атап айтқанда, студенттерге әлеуметтік көмек беру, жатақханамен, «Оңай» қоғамдық көлік картасымен қамтамасыз ету, дұрыс тамақтануды қадағалау, белсенді студенттерге Ыстықкөлге тегін жолдама беру т.б.
«7-20-25» бағдарламасындағы сандарға экономика және бизнес жоғары мектебінің белсенді студенті Жәкен Нұрхан: "Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыссыз жүрген 436 мың қарапайым халықты жұмыспен қамту үшін жасап жатқан шараның бірі десек болады. Яғни, шағын несиелермен өзіңді және өзгелерді жұмыспен қамту арқылы Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамту үшін жүзеге асырылатын шараларға өз үлесіңізді қоса аласыз"- деді.
Журналистика факультетінің студенттік деканы Адина Мамбетханның баяндамасынан кейін, Нұрсұлтан Болатұлы 6 жыл бұрын Елбасының өзі отырған залда үндеуін талқылағаны үшін ерекше қуанышты екендігін айта келіп: «Ең үлкен назар аударылатыны — үшінші бастама. ЖОО-да білім сапасы және білім алатын студенттердің жағдайы, қосымша 20 мың гранттың бөлінуі. Сонымен қатар 75 мың студенттерге арналған жатақхананың салынуы»-деді.
АТУ-да «Жастар кеңесінің» төрағасы, 2 курс магистранты Әбдешов Ержан: «Дәл осы бес бастаманың да бізге қатысы өте зор, мәселен, Елбасының білім гранттарының бірден 20 мыңға өсуі. Осы уақытқа дейін гранттар саны ұлттық университеттерге көбірек бөлінсе, қазіргі таңда біздің университетімізге де гранттар саны көбейеді. Елбасы техникалық және технологиялық мамандықтардың санын көбейтуді қадап айтқан болатын», — деді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Студенттік баспасөз Орталығы
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше