Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамытудың жалпыұлттық жобасы жасақталуда

Блог - amanzholov_bn: Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамытудың жалпыұлттық жобасы жасақталуда
Елімізде орын алып жатқан түрлі оқиғалар тізбегі жастардың зияткер, білімді, жаһандану заманындағы өркениет көшіне іліге алатын азамат болуын қажет етеді. Алайда бүгінгі жастардың белгілі бір тобы патерналистік көзқараста өмір сүруде. Олар «мемлекет беруі тиіс» деген тұжырымды саналарына сіңіріп алған. Сөзсіз, ісі де, сөзі де үйлесімді, белсенді және жауапкершілікті толыққанды сезінетін жастарымызда жетерлік. Дей тұрғанмен барлық деңгейдегі жастардың санасын сілкіп, ойын түзеп, қоғамда белсенді ету күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі. Бұл орайда, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамытудың жалпыұлттық жобасын әзірлеуде. Жобаға жастар саясатындағы жетекші мамандар сарапшы ретінде шақырылып, ерекше белсенділік танытуда.
Блог - amanzholov_bn: Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамытудың жалпыұлттық жобасы жасақталуда
Жобаның барынша нәтижелі болуы үшін жоба жетекшілері сарапшылармен бірлесіп, еліміздің 8 аймағында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сол өңірдегі сарапшы мамандармен талқылаулар өткізуде. Жалпыұлттық жобаның басты мақсаты жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, қоғамдық өмірге белсене қатыстыру болып табылады. Қостанай облысы, Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облыстарында балалар қозғалысының көшбасшылары, жастар белсенділері және жастар саясатындағы жетекші мамандармен үш түрлі талқылау алаңын ұйымдастырып, олардың ұсыныс-пікірлерін жинақтап, жалпыұлттық жобаға толықтырулар енгізілуде.
Блог - amanzholov_bn: Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамытудың жалпыұлттық жобасы жасақталуда
Әлеуметтендіру мәселесімен азаматтық қоғамды қалыптастыру дамыған елдердің көшіне ілесуге зор мүмкіндік сыйламақ. Халықты өз-өзін басқара алатын деңгейге жеткізіп, санасын жаңғырту уақыт күттірмейтін дүние. Қарапайым Ұлыбритания, Норвегия; Швеция, Финляндия мемлекеттерінің басқару билігі халықтан шыққан бастамаларды қуаттап, солардан ұлттық деңгейдегі жобаларды құрады және сол елдер дамыған мемлекеттірдің көшін бастап қана қоймай, адамдарға өмір сүруге ең қолайлы елдер тізімінің алғашқы төрттігі болып табылады.
Блог - amanzholov_bn: Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамытудың жалпыұлттық жобасы жасақталуда
Аталмыш жалпыұлттық жобаның түпкі мақсаты да сол. Біріншіден, тұңғыш рет мемлекетімізде осындай жоба бастау алып жатыр. Мұның өзі биліктің жастарға ерекше көңіл бөлетіндігін көрсетеді. Екіншіден, өңірлерге барып, пікір-ойларына сүйеніп, сарапшылар отырысын жасауы бұрынғыдай жоғарыдан төменге емес, төменнен жоғарыға қарай жобаны үйлестіруді дәріптеудің алғы шарты деп білеміз. Әрине, бітпеген іске баға беру мүмкін емес. Дей тұрғанмен осы бастама өз нәтижесін беретініне сеніміміз мол.
Бөлісу:

3 пікір

Sandugash_Bahida
Ел ертеңі білімді жастар демекші, бұл жоба арқылы жастар өздерінің жаңа идеяларын жүзеге асыра алады. Қазіргі таңда және болашақта еліміз бағындыратын талай асулар бар, осындай биік мақсаттар бізді алға жетелейді. Осы жоба арқылы ХХІ ғасырдағы білім мен біліктілігіне сенетін, ел өркендеуіне күш жұмсайтын, бойында рухани, адамдық, ізгілік, парасаттылық, еңбексүйгіштік қасиеттері бар, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелейді деп ойлаймын және күмәнім жоқ, сол себепті қолдаймын%)%) сәттілік!!!
Rustem_SKO
Ұлылықтың бағасы — жауапкершілік ©У.Черчилль
Сөзсіз, жастар — біздің елдің болашағы! Сондықтан келешек ұрпақты да осы жоба арқылы тәрбиелеген дұрыс. Білімді, бәсекеге қабілетті, салауатты, ұшқыр және терең ойлы жастарды қолдау барысында бұл таптырмас жоба деп ойлаймын. Осы жобаны қолдаймын, ол келешекте жастардың мамлекет өміріне белсенді қатыстыра ғана қоймай, сонымен қатар жастардың ісінде мен сөзінде жауапкершілікі тәрбилейді деп сенемін. Ал, осындай жастар арқылы, біз өз елмізді шыңға көтереміз, Елбасының тапсырмасын орындап, ең үздік дамыған елдердің қатарына қосыламыз!