Қазақ тілі негіздері. 1-бөлім

Қазақ тілі негіздері. 1-бөлім

★ О, Ө, Ұ, Ү, Ә
орфография бойынша сөздің бірінші буынынан тыс буындарда қолданылмайды. Қазақ тілінде еріндік үндестік жазуда көрсетілмейді.

Демек, тұйық етістікте тұрған сөздерді латын алфабетімен жазғанда, -uw, -üw деп емес, ал -ıw, -iw деп алу керек:
• бару — barıw
• беру — beriw
• бұру — burıw
• бүру — büriw

Көрнекілік үшін орыс тілінен еніп, дұрыс бейімделген сөздерді келтіреміз:
стОл → үстЕл
енОт → жанАт
волОсть → болЫс
бревнО → бөренЕ
мешОк → мөшЕк
крючОк → күршЕк
самОвар → самАуыр
завОд → зауЫт

Назар аударыңыз қалай дауыстылардың сөздегі орнына байланысты олардың еріндік-езулігі ауысты:
лҰқпан ~ ұлЫқпан
лҰқсат ~ ұлЫқсат
сҰн ~ ұсЫн
мҰт ~ ұмЫт
рҰс ~ орЫс
рҰм ~ ұрЫм

Бұл және басқа да ережелеріміз ескерілмей, қазір қате жазылып жүрген кей сөздерді жөнге сап жазғанда, былай болмақ:

бұлбұл → бұлбыл
қарлұқ → қарлық
селжүк → селшік
самұрық → самырық
тамұқ → тамық
мағлұм → мәлім
марқұм → марқым
мақұл → мақыл
мазмұн → мазбын
дәстүр → дәстір
кінә → кіне
күмән → күмен
сірә → сіре
моңғол → муал

Қазақ тілінде ріндік дауыстылар бас буыннан ары бармайды.

#kazaktili #kazaktilinegizderi #казахскийязык #kazakhlanguage #основы #грамматика #grammar #gramer
Kazakgrammar

Kazak Grammar ұжымы — қазақ тілін ҚАЗАҚ тілі етіп тұрған тіл ерекшеліктерін (#kazaktilinegizderi) анықтай отырып, әзіргі еміле қаталарын түзеушілер. Қазақ тіліміз әлем бойынша өзінің жүйеленген реттілігімен, қолай жазуымен, сөздерінің қысқа да нұсқалығымен, тартымды семетірлігімен танымал болуын қалаушы (екі мәнеде де) жанашыр жаңашылдар.

    Ұқсас посттар

    1 пікір

    MERmukhanov
    хештеги не туда :)
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.