Әйел (Жүрсін Ерман)

  • Автор
Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні — әйелде.
Мықтымын десең ойыңды,
Әйелге барып дәлелде.

Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем.
Сүйкімді болсаң шынымен,
Әйелің сүйсін алдымен.

Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең — әйел деп сүрін.
Халыққа сыйлы болмайсың,
Әйелге болсаң жексұрын.

Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың,
Әйелдің тілін таппасаң!

Ананың сорып емшегін,
Басылған талай келсегің.
Бәдік боп өмір кешесің,
Бермесе әйел женьшенін.

Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың,
Әйелден болған ажалы!

Әйелден ыстық от бар ма?
Әйел деп түстік көкпарға.
Қарғағың келсе біреуді,
Әйелің өлсін деп қарға.

Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін сол — шебер.
Бақытты сен де болмайсың,
Әйелің сорлы болса егер.

Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні — Әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!

Ұқсас посттар

4 пікір

Almagul76
Тамаша.
MERmukhanov
сіз ден келесі жолы бәір ауыз сұрақ емес, толықтау пост жазуға тырысыңыз қазақ қаріптерімен)))))

өз басыңыздан өткен оқиға ойлар тб
Almagul76
Жазсам шыкпайды. кетип кала береди. Оз басымнан откенди жане болып жатканымды жазып едим. Миндетти турде казахша ариппен жазу керекпе. Мен казахшаны койсам агылшыным жок болып кетеди. Блог жазам шыгармайды билмейм неге екенин. Мумкун айелмен еркек жайлы болгасын ба ?? Тусинбедим? Кейбир жауаптарымдыда шыгармайды, откизбей турган болар модер.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.