Қазақ тойларында елді аузына қаратқан өнерлі балалар

Блог - GulnurZhaksylykova: Қазақ тойларында елді аузына қаратқан өнерлі балалар
Той қашанда қазақ үшін ұлттық тәрбие мектебі болды. Тойға жиналған қауым әдетте есті сөз тыңдап, әулеттің өткен-кеткенін еске түсіріп, шежірені зерделеріне тоқып, туған-туыспен қоян-қолтық араласып, арқа-жарқа болып жатады. Мұнан бөлек, қазіргі таңда жиналған жұртшылықтың көңілін көтеретін ойын-сауық бөлігіне баса мән беріледі. Алайда қазіргі қазақ тойларындағы өнерпаздар мен асабалардың «жасарып» бара жатқанын байқауға болады. 7 мен 15 жас аралығындағы балалар ел алдында той басқарып, түрлі өнерлерімен ғаламтор жұлдыздарына айналуда. Оның ішінде халықаралық байқаулардың жеңімпаздары да, әншілері де, бишілері де бар. «Еуразия» бірінші арнасындағы «Кешкі кездесу» бағдарламасының алдағы шығарылымы қазақ тойларындағы балалар өнеріне арналады.



Жас баланы ел алдына ерте шығару дұрыс па, бұрыс па? Жастай танымалды болу бала психологиясына қалай әсер етеді? Әлде «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, той өнерлі балаларды үлкен сахнаға тәрбиелейтін алаң ба? Осы және басқа да сұрақтарға жауапты сенбі күні 21:45-те «Еуразия» бірінші арнасының эфирінде «Кешкі кездесу» бағдарламасының студия қонақтары беретін болады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше