Аула күні мерекесі

Әкімдіктің «Астана Жастары» ресурстық орталығы басқаратын аула клубтары көпшіліктің арасында танымалдыққа ие. Қазірдің өзінде аула клубтарының әртүрлі үйірмелеріне қатысатын адамдардың жалпы саны 2000-нан асады.
— Біздің мақсатымыз – аула клубтарының танымалдылығын арттыра отырып, жастарды шығармашылыққа баулу, ұлттық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту. Бүгінде жастар үйреншікті спорт және өнер үйірмелерімен қатар, телевизия және тіл мәдениетіне қызығушылықтарды басым. Осыны ескеріп білікті мамандардың көмегіне жүгініп, тегін курстарды өткізіп жүрміз, — дейді «Астана Жастары» орталығы ұйымдастыру бөлімінің бастығы Шыңғыс Тілеулин.
— Салтанатты шарада аула клубтарының тәрбиеленушілері мерекелік концерт ұйымдастырып, жиналған жұртқа өз өнерлерін көрсетті.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше