Ашық сахнаның әдемі әсері

«Ашық сахна» жобасы – өнерді пір тұтатын жеткіншектер мен жастарға арналған мәдени шара. Өткен аптада астаналық саябақта шымылдығы түрілген жоба қаладағы барлық паркте ұйымдастырылуда. Оған қатысамын деген жасқа ешқандай шектеу жоқ. Ашық сахнаға шығып, жұртшылыққа өнеріңізді көрсете бересіз.
— Біздің мақсатымыз – өнерлі жастарды қолдау. Сол үшін осы жобасын қолға алып, талантты жастарды көпшілікке таныстырғымыз келдң. Аталған шара жұртшылықтың көңілінен шығуда. Ойткені саябаққа тұрғындар мен қала қонақтары көп келеді. Олар демалып қана қоймай, жастардың өнерін тамашалап, көңілдері сергіп қайтады, — дейді «Астана Жастары» мемлекеттік мекемесінің басшысы Болысбек Мұхамеджан.
Шара барысында жобаға қатысушы бір топ жастар өнер көрсетті. Олардың арасында «Самұрық» би мектебінің бишілері мың бұралып, би белесе, Рауан Тұрсынов «Қазақта ел қайда» әнімен көрермендердің ықыласына бөленді. Назерке Қуанышбаева «Достар» әнін тамылжытып шырқады. Сонымен қатар, аула клубтарының дарынды өнерпаздар да тәп-тәуір өнерлерімен жиналғандарды тәнті етті.
Кеш соңында ашық сахнада өнер көрсеткендердің бәрі сыйлықтармен марапатталды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше