Оңтүстік ғажайыптары:"Сайрам сүт" ЖШС

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сайрам сүт ЖШС

Ет өндірумен қатар Сайрам ауданы сүт өнімдерін өндіру мен өткізуде алдыңғы қатарда тұратынын біреу білсе, біреу білмес. Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қазақ-өзбектің негізгі күн көрісі де осы мал шаруашылығы болып отыр. Оның үстіне, мемлекеттік бағдарламалармен алынып жатқан қаржыға, жергілікті кәсіпкерлер тек қана мал алуда. Мал алмай қайтсін, жері сулы, шөбі шүйгін Сайрамның халқы әбден мал өсіруде машықтанған. Әрбір отбасының кем дегенде 2 сиыры бар.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сайрам сүт ЖШС

Аудан халқына сүт өнімдерін өткізу аса қиынға соғып отырған жоқ. Өйткені, Сайрам ауданында орналасқан 6 бірдей үлкен сүт өңдеу цехтары және Төлеби ауданының Көксәйек ауылында орналасқан «Фудмастер» ЖШС-і күнделікті тұрғындардың сүт өнімдерін қабылдайды.
1. «Сайрам сүт» ЖШС, Сайрам ауданы, Қарасу а/о, Қарасу ауылы — қуаттылығы тәулігіне 20 тонна сүт өңделеді.
2. «Балғын сүт» ЖШС, Сайрам ауданы, Қарасу а/о, Қарасу ауылы — қуаттылығы тәулігіне 5 тонна сүт өңделеді.
3. ЖК «Озай Зеки», Сайрам ауданы, Қарамұрт а/о, Қарамұрт ауылы — қуаттылығы тәулігіне 6 тонна сүт өңделеді.
4. «ШИШ К» ЖШС, Сайрам ауданы, Ақбұлақ а/о, Ақбұлақ ауылы — қуаттылығы тәулігіне 6 тонна сүт өңделеді.
5. «Рассвет» ӨК, Сайрам ауданы, Манкент а/о, Манкент ауылы — қуаттылығы тәулігіне 5,4 тонна сүт өңделеді.
6. ЖК Райымкулов З. Сайрам ауданы, Көлкент а/о, Көлкент ауылы -қуаттылығы тәулігіне 6 тонна сүт өңделеді.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сайрам сүт ЖШС«Сайрам сүт» ЖШС бұл мүмкіндікке еліміздегі Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қол жеткізген. Жеңілдетілген қаржыға Ресейден қондырғы алып, оның көмегімен 25 түрлі өнім шығарып жатыр. Зауыт облыстағы ішкі нарықтың 30%-ын қамтамасыз етеді.

Дайын өнімдер Шымкент, Түркістан, Кентау қалалары мен Сарыағаш, Төле би аудандарына сатылады. Сайрамның сүті мен айранын, майлы қаймағы мен құртын көрші облыстардағы дүкен сөрелерінен де көруге болады. Өндіріске қажетті сүт осы маңдағы фермерлер мен жеке малшылардан қабылданады. Алдымен оны залалсыздандырып, сосын барып өңделеді. Бастысы, кәсіпорын экологиялық таза, қоспасыз өнім шығаруды қолға алған. Жаңа технологияның артықшылығы, сүтті ірітпейді, ешқандай қоспа қосылмайды. Қазір 25 түрлі өнім шығаратын кәсіпорынның өнімдеріне деген сұраныс та артқан.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше