Алматы ботаникалық бағы инновациялық бағдарламаның қатысушысы атанды

Блог - almobl: Алматы ботаникалық бағы инновациялық бағдарламаның қатысушысы атанды
Алматы қаласындағы Ғалымдар үйінде «Еуразияның өсімдік әлемін зерттеу, сақтау және тиімді пайдалану» тақырыбында халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Шара Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Ботаника және фито жерсіндіруинститутының 85-жылдығына арналды.
Конференцияға ботаникалық әр түрлілілкті сақтап қалуға қомақты үлесін қосқан жақын және алыс шет елдердің ғылым қайраткерлері және ғалымдары қатысты. Сондай-ақ шарада алдыңғы қатарлы ЖОО, мемлекеттік ботаникалық бақтар және ерекше қорғалатын Қазақстанның табиғи аумақтарының өкілдері болды.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атынан құттықтау сөзбен шараны Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов ашты. Ол Ботаника және фито жерсіндіру институтының қызметкерлерін 85 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ М.Жұрынов ботаникалық сектордың маңыздылығын, жәнеде институттың еліміз үшін жасап жатқан
ғылыми-зерттеу қызметтерін атап өтті.
Шараға Венгрияның ауылшаруашылық министрі Фазекас Сандор келді. Министр Қазақстан-Венгрия арасындағы ауылшаруашылық серіктестіктің маңыздылығын айтты.
–Біз Pannon Breading инновациялық бағдарламасының арқасында Қазақстан ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істегіміз келеді. Венгрияда Қазақстандағыдай ғылыми қызмет деңгейі өте жоғары. Сондықтан біз екі елде де пайдалы өсімдіктерді бірлесіп тауып, өсіруді көздеп отырмыз, – деді Фазекас Сандор.
Конференция барысында Pannon Breading инновациялық жобасы бойынша Ботаника және фито жерсіндіру институты мен Eötvös Loránd венгр университетінің жанындағы ботаникалық бақ арасында келісімшарт жасалды. Осылайша, біріккен жұмыс шеңберінде Алматы ботаникалық бағының аумағында мыңнан астам жаңа өсімдіктер түрі пайда болады.
–Бізде Венгрияда ауылшаруашылық компаниясы бар. Ол 3900 гектар аумақта жұмыстар жүргізеді. Оның жанында саябақпен қоршалған қамал бар. Мен сол саябақ әсем болғанын қалаймын. Бір рет мен Ласло Орлоци профессорға қоңырау шалып, одан саябақты әсем әрі тиімді ететін бағдарлама жасауын сұрадым. Осылайша, Венгрияның 5 институты, 9
ғылыми-зерттеу институттары осы бағдарламаны құрастыра бастады.
Өсімдіктер тек әсем ғана емес, пайдалы да болуы тиіс еді. Бұл бағдарламаға Гүлнәр Ситпаева қызығушылық танытты, және де біз осы бағытта бірлескен жұмыс бастадық, –дейді Л. А. Ц холдинг президенті Хорват Ласзло.
Бұл бағдарламаның арқасында екі елде ауылшаруашылық және бақшалық өсімдіктердің генетикалық қорын ұлғайту мүмкіндігі туады. Зерттеу жұмысына 150 ғылыми қайраткерлер қатысады. Венгрияның көптеген аудандарында Алматыға ұқсас климаттық жағдай. Сондықтан көптеген өсімдіктер екі елде де жерсіне алады.
Ботаника және фито жерсіндіру институтының бас директоры Гүлнәр Ситпаева шараға жиналғандар алдында институттың даму және қалыптасу кезеңдері және ғылыми-зерттеу қызметтерінің басым бағыттары жайлы баяндап берді. Сондай-ақ конференция барысында Алматы және Томск ботаниктерінің серіктестігі Қазақстан геоботаника тарихы, Германияның ботаникалық бағы, қазіргі заманда ботаникалық бақтың рөлі және тағы да басқалартуралы пленарлық баяндамалар оқылды.
Ботаника және фито жерсіндіру институтының ғимаратында селекциялық отырыс, баспасөз конференциясы, сондай-ақ конференцияға қатысушылар үшін ботаникалық баққа экскурсия
ұйымдастырылды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше