Бабтардың бабы - Арыстанбаб

  • Автор
Арыстанбаб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

Кесене 12-ғасырда өмір сүрген діни қайраткер, уағызшы Арыстан баб қабірі үстінен тұрғызылған. Аңыз бойынша ол 33 дін негіздерін білген екен. Арыстан баб Қожа Ахмет Яссауиге 16 жыл ұстаздық етті. Қожа Ахмет Яссауи өз «Хикметтерінде» Арыстанбабты ұстаз ретінде аса құрметпен атайды. Аңыз бойынша Арыстан баб Қожа Ахмет Яссауиге Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардан қалған құрманы жеткізген екен. Қожа Ахмет Яссауи 23 жасқа толғанда ұстазы Арыстан баб дүние салып, Отырар іргесінде жерленді. Ескерткіш бірнеше мәрте құлап, қайта тұрғызылды, күрделі өзгерістер мен жөндеулерді басынан өткерді. 1909 жылы байырғы кесене орнына жаңа мешіт пен кесенеден тұратын құрылыс салынды.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

Арыстанбаб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы мен руһани тәлімгері, діни дәруіш және уағызшы Арыстанбабтың бейітінде орнатылған, ХІІ-ХІV ғасырлар сәулетінің қызықты ескерткіші. Отырар қалашығынан және Шәуілдір ауылынан 2 км, Шымкент қаласынан 150 қашықтықта орналасқан. Ескерткіш өңір мұсылмандарының басты ғибадат ету орындарының бірі.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

Уағызшы Арыстанбаб ХІІ ғасырда Отырар маңында өмір сүрген. Арыстан есімі қазақ тілінен аударғанда «арыстандай батыл» мағынасын береді. Сопылық фәлсафада арыстан деп Жол Адамын атағын. Дүние жүзін шарлаған Арыстанбаб көп саяхаттаған. Ол түрлі діни ағымдарды зерттеген. Исламды қабылдағаннан кейін қалған өмірін сопылық мағынадағы исламды уағыздауға арнайды.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

Арыстан уағыздаған қызмет пен идеялар туралы Ахмет Яссауи өзінің «Диуани Хикмет» кітабында жазады. Өлең жолдарында Арыстанбаб оның руһани ұстазы, тәлімгері болғаны туралы айтылады. Алғаш рет Яссауи онымен 7 жасында танысады. Ұстаз жас Яссауиге зұлымдық пен зорлықтан алшақ болып, адамсүйгіштік пен құдайға махаббат танытуды үйретті. Аңыздың бір нұсқасы бойынша Арыстанбаб 400 жыл өмір сүріп Мұхаммед Пайғамбардың серіктесі болған. Пайғамбар 400 жылдан кейін Ахмет есімді мұсылман дүниеге келетіні және аманат ретінде оған оның табағынан құрманы беру қажеттілігі жайлы айтып кеткен. Арыстанбаб аманатты орындауға өзі тіленіп шығады да «Егер Алладан 400 жыл ғұмыр сұрап берсеңіз, мен құрманы апарып берем» деген екен. Ол уәдесін орындайды, өлімінің алдында Ахмет Яссауиге құрманың сүйегін тапсырады.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

Бастапқы кезде бейіттегі кесене ол қайтыс болғаннан кейін XII ғасырда салынған болатын. Уақыт өте, монғолдардың қатысуымен ол қиратылады. XIV ғасырда Темірдің бұйрығымен қиратылған ғимараттың орнына жаңа имарат тұрғызылады. Бүгінгі күні бұл құрылыстан тек айванның қашалған ағаш бағаналары ғана қалған.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

XVIII ғасырда жер сілкінісі салдарынан қирап қалған көне мазардың орнына айваны бар екі күмбезді құрылыс салынады. Ол қайта талқандалып 1909 жылы қалпына келтіріледі. 1971 жылы апатты жағдайға жеткізген жер асты суларының үлкен деңгейі салдарынан мешіт ысырылып жаңадан салынады.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

Қазіргі кезде Арыстанбаб мазарының үстінде алаңы 35х12 метр кесене тұр. Ол күйдірілген кірпіштен қаланған. Ғимарат үлкен күмбезді дәлізбен біріктірілген екі камералы қабірден (гурхандар) және бата оқитын мешіттен тұрады.

Жалпы, кесене көпкамералы кешен. Гурханның орталығы – Арыстанбабтың сәулетті құлпытасы, ал көрші орын-жайларда оның шәкірттері мен ізбасарлары — Хермет-Азыра, Қарға баба, Лашын бабалардың құлпытастары орнатылған.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

Кесене бастапқы орын-жайларға түрлі құрылыс элементтерін кезең-кезеңмен қосу арқылы салынған. Гурхана мен бата оқитын мешіт бас қасбеттің ортақ тұтас қабырғасымен біріктірілген. Ғимараттың қасбетін екі мұнара аяқтайды, олар мүсінді кірпіш қалауымен безендірілген.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

Бүгінгі күні кесене Орталық Азиядағы мұсылмандық аруақты жерлердің бірі саналады 1982 жылдан бері Арыстанбаб кесене-мешіті мемлекеттің қорғауында.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

Ахмет Иассауидің алғашқы ұстазы, жүгінер пірі болған Арыстанбаб есімі Отырар, Сайрам, Иассы өңіріндегі сопылардың рухани жолбасшысы ретінде кеңінен жайылған. Ел арасында (Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

Арыстанбаб кесенесі ХХ ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен, күйдірілген кірпіштен, ауданы-35х12 метр, биіктігі 12 метр, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға Әзірет Сұлтанға бағытталған, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебіне қайт жөнделді, дәліз қақпа маңдайшасына хижра бойынша соңғы құрлыс жүрген уақыт 1327 жыл деп таңбаланбаған мәрмәр тақта қаланған.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

«Арыстан баб» кітапханасы
Кітапхананың бұрынғы қоры XX ғасырдың 30-жылдары «қызылдардың қырғыны» кезінде «пролетарлық атеизм» әсерінен аяусыз талқандалып, 60-жылдары «Қызыл бұрыш» болып қайта ашылып, маркстік-лениндік әдебиеттермен толықтырылған. Кітапхана қорында XVIII-XX ғасырларда Дели, Мысыр, Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында басылып шыққан, көшірілген Тафсир әл-Құран, Құран Кәрім (Хусейн түсіндірмесімен 1312/1894 жылы «Мұхамедия» баспасында жарық көрген, «Мың бір хадис» (1915 жылы Қазан қаласындағы «Миллият» баспасында жарық көрген), «Дор ал-Мухтар».2, 3, 4 томдар «Пайғамбарлар тарихы» (XIX ғ.), «Физули ғазалдары» (XIX ғ.), «Сопы Аллаяр» (1901), «Хафиз өлеңдері» (XIX ғ.), «Қожа Ахмет Яссауи хазіреттің даналық сөздері» (XIX ғ.), т.б. араб, парсы, түркі тілдеріндегі жүздеген қолжазбалар, кітаптар болған. Кітаптардың көпшілігіне «Арысланбабқа» деп атап жазылып, «Мулла Фахриддин Сидик б.» деген жазулы мөрмен куәландырылған. Көне қолжазба, кітаптардың бір парасын Бұхара медресесінің түлегі Оңғарбайұлы Әбусейіт сақтаған. Ал қалған бөлігі Арыстанбаб кесене-мешітін 1907-1909 жылдары қайта қалаған ұста Қалмырза Мүсәпірұлы сақтап қалған. Оңғарбайұлы Әбусейіт сақтаған қолжазба кітаптарды немересі Серікбаев Қазыхан Руханият – Әбу Насір әл-Фараби мұражайына тапсырған. Ал, Қалмырза Мүсәпірұлы сақтаған қолжазба, кітаптар оның өз өсиеті бойынша қабіріне қоса көмілген.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар.

Блог - shota2030: Бабтардың бабы - Арыстанбаб

shota2030

Граундхоппер

    Ұқсас посттар

    0 пікір

    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.