«Бір елдің сөзін айтып жүрген қызыңызға Бір үйдің отын жағу қиын деп пе ең?!»

  • Автор
Отырған қыздарды сөкпеңіздер… Көптің көз алдында жүріп отыздан асып не қырыққа таяп қалған қыздарды көріп сонша ет-жүрегі езіліп (не езілгендей боп) аяуға, мүсіркеуге тырысатын əйелдерді түсінбеймін. Олардың сұрағынан, көзқарасы мен эмоциясынан өзіңнен өзің ұялып кетесің. Сондай əйелдер, əсіресе өзі шығарын шығып ап, енді шаруаның бəрін тындырғандай, осындай оң жақта отырған қыздарды сұрақ астына алғанда, көбі өзінің семіріп, түрі қашып, жүйкесі тозуын бір ақтап алады-ау… Ей, сен таңдаған жігітті мен армандасам, əлдеқашан тура өзің құсап «бақыттан басым айналып» жүруші ем" — дегің келеді. Шынымды айтсам, сол күйеуге тиген əйелдердің өзі шын сезімді армандап, қиялданып, не байын бақытты ете алмай, не баласын баға алмай талайы жүр арамызда… Кезінде көштен қалмайын деп, өйтіп-бүйтіп «теңіздің ар жағына шығып алғандар» бүгін санын соғып, сол байдан не пана таба алмайды, не тастап кете алмайды. Бірақ əрбір қазақ əйелі жүрегінің түкпірінде, бір минутқа болса да, сол қосағынан жырақта өмір сүрсем деп қиялдап көреді. Неге? Өткені бүгін «арқа сүйердің», «бөріктінің» заманы өткен. Расында да. Себебі еркектер бүгін əйелдердің «ауруына шалдыққан». Психоз, невроз, истерика, ұрысқақтық, ұсақтық. Бəрі емес, көбі. Балабақшаға өзі барады, азық-түлік өзі алады, өндіріс азайғандықтан, еркек кіндік (масса) не "қағаз тасумен",  не «бет-жүзін бояп, əдемі сөйлеумен», одан қалса желіде философиялық тебіреністерімен, терең психологиялық ойларымен бөлісіп, анда-мұнда жеген асын жарнамалаумен айналысады. Табатыны (масса) 100 мыңның ар жақ-бер жағы. Олардың күшін жұмсар жер жоқ. Шүкір, заман тыныш, соғыс жоқ, аңшылық көптің қолы жете бермейтін сəн-салтанат боп кетті, əскерге 80-нен төменнің көбі бармаған… Сондықтан соғыстың бəрі от қасы, ошақ басында. Мұндай «батырларды» қалайтын қыздар бар, қаламайтындары тағы жетіп артылады. Отбасының шырағы бола білуде емес, шаңырақтың тірегі, арқа сүйер азаматтың аздығында ма мəселе деп қаласың.

8 пікір

MickThatsMyNick
Өмірге алып келетін — әйел. Садикке барасың, тәрбиеші-әйелдер. Мектепте оқып жүргенде ұстаздардың 90 пайызы әйел, ЖОО-да да сол. Оқытушылар — ер адам болғанның өзінде де егде жастағы профессорлардың мінездері қандай болатынын көбі біледі. Одан кейін жұмысқа тұрасың, онда да көбі әйел. Кешке жұмыстан шығып, автобусқа мінесің — онда да әйел. Үйленесің, қасыңда әйелің жүреді. Уже сол сияқты ойлай бастайсың. Сіз айтқан аурулардың бәрі болмаса да, бірі міндетті түрде жұғады ғо.))) Жалпы қулық болсын, сұлулық болсын, нәзіктік болсын, психоз бен невроз болсын мынау еркектікі, мынау әйелдікі деп бөлінбейді. Оның бәрі бәрімізге де ортақ қасиеттер мен мінездер. Тек бұл мінез еркекке тән, мына мінез әйелге тән демесе…
Sayida
:m келісуге болады
Kazanova_Jakomo
Əркім өз к#тіне ие болсын! деу керек жекеөміргетұмсықсұғушыларға
Gastarbaiter
Автордың өзі қанша адамның жеке шаруасына, айлық күндік табысына, өмір салтына тұмсық тығып, өзін ақтаймын деп отырып, отырмаған қыздарды сөгіп отырғанын біле ме екен?
Мен де талай отырған қыздардың осылай шіреніп, байға тиген соң, басқаша шіренгенін көргем. Бірақ, одан бәрі сондай екен деген қорытынды шыға ма? Әлем әралуан. Алуандықты көре білмесең, өз кінәң. Кілең еркексымақтар айналаңды қаптап жүрсе, сондай ортаға талпынған өзің де соған лайықсың деген сөз. Адамды өзі іштей қалаған, ұмтылған адамдары қоршайды ғой көбіне.
assar
Ғылым білім технология, электроника тсс бәрі еркексіз дамымайды. Технология әр күн сайын дамып бара жатыр. Демек еркектерсіз даму жоқ әйелдерсіз сезім жоқ. Қазіргі еркектер анау-мынау деген қырта береді. 18млн халықтан жақсы, жаман, нәзік еркек, еркек шора қыз, қызтеке, ұлтекеде шығады. Құрдастарымның ішінде 2-3 жақсы ішімдік ішетін жігіт бар. Бірақ менің құрдастарымның бәрі шетінен ішкіш немесе көбісі ішкіш деген емеспіз. Қыздардан да сондай қиын мінезді қыздар бар. Біздің кластың қыздары шетінен қиын адамдар деген емеспіз. Туыстардың ішінде де дәл осындай мәселе бар. Жаманынан жақсысы көп қай жағыма қарасамда. Тек кейбір адамдар теріс жағын көбірек көреді.
Gastarbaiter
Жазба құсық, авторды зынданға. Тіпті бытовой, шәй ішіп отырып айтуға, не купеде кездесіп қап, пікір тартысуға қызық болатын дүние емес.
Хық түф(((
Sayida
хық, хық деуші еркексымақтар жоғарыда айтылғандай, күш-жігерін лентаға, «жазбаға», виртуалды əлемге жұмсайды.Сол үшін терлеу керек сізге де))) ну хотя бы спортзалда
Gastarbaiter
Сізбен бірге ғұмыр кешіп, немере сүюге шарт байласпаған еркектің энергиясын түгендеп әуре болуыңызды айтам, несін шаршайсыз, спортзалға барып па, жыныстық қатынасқа түсіп келіп пе, ентігімді енді басып отырсам да тап мына сізге менің еркектігімнен еш пайда жоқ екен. Одан бұрын блогосфераға еркек іздеп емес, оқысам, жазсам, шамамды білсем деп келген боларсыз.
Ендеше бірер күн зынданда отырып, үнсіз оқып, тоқып отыра тұрудың пайдасы зорырақ болар еді сіз үшін. Ар жағында тағдырға тапсырыс еткен еркегіңіз де атой салып табылып қалар, кім біледі.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.