Қытай мен Қазақстан туризм саласын кеңейтпек

  • Автор
24-25 маусым аралығында Астанада өткен алғашқы паназиялық Қытай туризміне арналған конференцияға қатыстық.
Қытай туристері үшін ішкі Азияның туристік әлеуетін ашуға бағытталған конференцияға халықаралық туризм нарығында жетекші 9 мемлекеттен 250-ден астам шетелдік қатысты.Блог - rakisheva: Қытай мен Қазақстан туризм саласын кеңейтпек
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2016 жылы тауарлар мен қызмет көрсетудің әлемдік экспортында отын және химиялық өнімдерен кейін туризмнің үлесі 7 пайызды құраған. Ал бүкіләлемдік «ЮНВТО» туристік ұйымының мәліметтеріне сәйкес 1,2 миллиард турист саяхат жасаған. Сыртқа шығу туризм нарығындағы жетекші орынға ие — Қытай мемлекеті үшін 2016 жыл үздік жыл болды. 2016 жылы Қытай туристтерінің шетел саяхатына жұмсалатын қаржысы 12% өскен.Яғни, Халықаралық туризмге жұмсалған шығын — 261 миллиард АҚШ долларына жетіп, 11 миллиард АҚШ долларына өскендігі байқалады.
Блог - rakisheva: Қытай мен Қазақстан туризм саласын кеңейтпек
Тек 2016 жылы Азия – Тынық мұхиты өңірі елдеріне 50 миллионннан аса қытайлық турист барған екен. Қытайлық туристердің сыртқа көптеп шығуы Азия – Тынық мұхиты аймағынан бастап, АҚШ пен Еуропа турабағыттарына да кіріс алып келіп, Қытай туристі соңғы 1 жылда әлемнің барлық елдері үшін «нөмірі 1 турист» атанды.
Осыны ескерген мамандар бұл күні нақты қытайлық туристерді тарту үшін әлемдік туристік бағыттардың бәсекелестігі күшейген. Алдын ала болжам бойынша, алдағы 5 жылда олардың саны жарты миллиард адамды құрамақ. Блог - rakisheva: Қытай мен Қазақстан туризм саласын кеңейтпек
Сондықтан да, Астанада тұңғыш паназиялық конференция мақсатты түрде дәл осы қытайлық туристердің көп ағымын біздің елге тарту үшін тиімді шешімдер әзілеуге арналған ортақ алаң құрылды.
Астанада бас қосқан қонақтар «Жібек жолы» бірыңғай туристік брендін құрып, қытайлық туристер үшін ішкі Азияның туристік әлеуетін ашу мәселесін талқылап, туризм нарығының жаңа сегменттері мен әлемнің заманауи туристік трендтері, бүгінгі экономикалық жағдайда туризм саласын дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ жаңа туристік маршруттар мен бағыттар құру жоспары қарасырылды.
Chinese Friendly International бас директоры Курт Грётчтің айтуынша,
Қытай туризмінің дамуына жету үшін бұл мемлекет туралы көп білу керек:
— Сіздер Қытаймен көрші елсіздер, алайда осы елдің туристерін қызықтыру оңай емес. Қазақстан туризмнің бұл түрін өз елінде дамыту үшін, қызықты ету үшін, туристер қайтып оралатындай жасап және сақтау үшін бар мүмкіндікті салу керек. Егер осы үш қадамды орындаса, Қазақстан тек қытай турзимі бағытында ғана емес, халықаралық туризмде де жетістікке жетеді, — дейді.
Ұлттық туризм ассоциациясы Президенті Гауһар Жеңісбек өз баяндамасында Астана қаласының әкімдігі бұл күні елорданы туризм орталығынына айналдыру бойынша өз жолын айқын анықтағандығын айтты. Олар аспан асты елінің саяхатшыларын тарихы мен этно-мәдени бағытымен қызықтырады екен. Мәселен, көбіне олар біздің Ұлттық музейді, «Әзірет Сұлтан» мешітін көруге асық екен.
Биыл қала қытайлық туристерді қабылдау үшін 10 қонақ үйді бейімдеуді мақсат етіп отыр, — дейді «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков. Оның сөзінше, осы жылы сондай-ақ, қаланың, жалпы Қазақстанның туристік әлеуетіне 7000 қытайлық тур-операторларды жеткізу көзделген. Бүгінгі таңда тренингтер өткізіліп, мамандар дайындалуда, қонақ үйлердің 80 қызметкері оқудан өткен.
Блог - rakisheva: Қытай мен Қазақстан туризм саласын кеңейтпек
Конференцияға қатысушылар жиын соңында, Жібек жолы бойындағы жаңа бренді мән-мағынасымен толтырып, нарықтан лайықты орын алуға бағытталған бұл басқаосу жан-жақты тиімді, әрі ер кезінде басталан қадам болғандығын ерекше атап өтті.Блог - rakisheva: Қытай мен Қазақстан туризм саласын кеңейтпек

P.S. Ал сіз еліміздің туризмін дамыту үшін қандай ұсыныстар айтасыз?

Ұқсас посттар

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.