Япырай не боп кетті заман деген

Япырай не боп кетті заман деген,
Арам болып шығады адал деген,
Адал болып шығады арам деген.
Бірін бірі жамандап байыз таппай,
Ақ қарасын айырмай түтіп жеген.

Содан соң виртуалды басты қасып,
Бір біріне лайк қоюға болар асық.
Біреулер кіші пейіл болып жатса,
Біреу жүр боқауызбен асып тасып.

Біреу жүр селфилетіп бұрқыратып,
Бір бірін ФБ дан жүр тырқыратып
Күллі әлем отырғандай алақанда.
Өмірдің кетті ау мүлде сұрқы қашып.

Виртуалды өмірде тағам екен,
Ал, оған тәуелділік жаман екен.
Сағат сайын үңілген алақанға,
Адамның өміріне залал екен.

Келін жатыр құшақтап ноутбукты,
Бала жатыр құшақтап ноутбукты.
Асыл уақыт зымырап өтіп жатыр,
Виртуалды өмірмен, нені ұқты.

Желіге кіріп кетсем қайтер екен,
Мұң, зарымды әлемге айтар екем.
Күллі әлемді қаратқан бір өзіне,
Япырай интернетте шайтан екен.
Бөлісу:

1 пікір

MERmukhanov
көп өлең жазыпсың.
Прозаны көрші, бірақ.