Қазақ елінің артықшылықтары- қытайлықтардың көзімен

Блог - ayauly_akhmetkazy: Қазақ елінің артықшылықтары- қытайлықтардың көзіменМенің биыл қытай тілін үйреніп жүргеніме бір жарым жылдың жүзі болып қалыпты. Осы уақыт аралығында маған сабақ берген қытайлық мұғалімдермен сөйлесіп жүріп аспан асты елін біршама танып- біліп қалдым. Сол қытайлықтардың айтуы бойынша, еліміздің біраз артықшылықтары бар екен:

1) Ғимараттардың алуан түрлілігі. Қытайда үкімет жоспары бойынша тұрғын үйлер бірдей 25-28 қабатты блогтар ретінде қаз-қатар тізіліп тұрғызылады екен. Ол үйлер жер сілкінісі кезінде кейде шыдамай, көп адам үйіндінін астында қалып жатады. Сол үшін, қытайлықтарға бірі қызыл кірпіш, бірі сары кірпіштен салынған, аласа, биік үйлердің алуандығы әсем көрінеді.
2) Тамақтың сапасы. Қытайда тұтынушы халық тым көп болғандықтан, өндірушілер көбіне сапа емес -санына, жеделділігіне назар аударады. Сол себепті, тағамдардың кейбір түрлері құнарсыз, сапасы төмен болып келеді. Қытайлықтар осындағы нанның түр-түрінің көптігіне және дәмділігіне таңданады. Сондай-ақ, балмұздақ, шоколадтың дәмі ерекше дейді.

3) Қазақтардың болмысы. Қытайлықтар негізінен өте сыпайы халық. Оларда да ағылшындар сияқты үнемі жымиып, күліп жауап береді. Сол себепті де, адам сені жақтыртпай тұр ма, жоқ па, түсіну қиын. Ал, қазақтар олай емес, шынайы ниетін эмоциясымен көрсете біледі дейді.

4) Ашық мінезділік. Қазақтар әңгімеге жақсы. Әсіресе, таксистер дайын тұрған әкім, тарихшы, экономист мамандар көрінеді.

5) Жайбарақат өмір. Қазақстанда адамдар біртүрлі алаңсыз, асықпай, саспай жүреді дейді. Ал, қытайда сіз бір күн жұмысқа шықпай қалсаңыз сіздің орныңызға жұмыс істеуге дайын 200 адам бар.

6) «Барлығы арзан!»-ДЕЙДІ де… енді бұл салыстырмалы түрде. Олар үшін, әрине, 1 юань- 45 теңге болғаннан кейін солай. Қаншама шетелдік студенттердің доллар, эвроларымен келіп, мәз-мейреам болып жұргендерін көргенбіз.

7) Еркіндік. Қытай халқы өте консервативті, өз дәстүрлерін қатты ұстанатын, тәртіптері қатал халық (жемқорлық, мұнай-газ ұрлаған үшін өлім жазасына кесетінін айтпағанда) Мәселен, қытай мұғалімдері біздің оқушылардың сабаққа кешігіп келетіндігі, телефондары шырылдаса аудиториядан шығып кететіндігі өте ерсі көрінеді. Қытайда кешігіп келген студент сабақ бойы түрегеліп тұрады, ал телефонмен ұсталған студент онысынан айырылып, ешқашан қайтарып ала алмайды екен.

8) Бос кеңістіктің көптігі. Ең үлкен артықшылығымыз осы-ау. Қытайда бір жерге барамын десеңіз 2 сағатыңыз ғана жолға кетеді. Адамның көптігінен бірінші реттен метроға отырып кете алмайсыз, жолыңыз болса 2-ші, болмаса 3-ші партияман ғана орын табасыз.

Солаааай)

Ұқсас посттар

2 пікір

asaubota
ойыңызды жақсы жеткізіпсіз. тағы жазып тұрыңыз
abzalsariyev
әдемі сараптама!
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.