Eurovision 2017: My Top 5

«Евровидение 2008» халықаралық ән байқауында Дима Билан 1-ші орын алған кезден бастап, жыл сайын осы сайысты күтетіндердің қатарынан табылдым. Қазақстан қатыспаса да Европаның, Австралияның(2015 жылдан бастап дебют) қазіргі заманауи поп музыкаларын тыңдап, өзіме ұнаған әншілерге жанкүйер болып жүрмін.

Европейский вещательный союздың(ЕВС)бұл өнімі 1956 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Қазіргі таңда әлемдегі ең танымал спорттық емес іс-шара болып саналады. Аудиториясы 600 миллион адам. «Евровидениеге» өз елдерінің өкілдері қатыспаса да Қазақстан, Қырғызстан, Канада, АҚШ, Египет, Үндістан, Қытай, ОАР, Ливан, Оңтүстік Корея сынды мемлекеттерде тікелей эфирден көрсетіледі. 2000 жылдан бастап интернет желісінен де тікелей көрсетілетін болды.

Евровидение конкурсының жеңімпазын көрермен мен әділқазы алқасы (профессиональные жюри 2016 жылдан бастап) анықтайды. Кез-келген қатысушы мемлекет өзінен басқа мемлекеттің қатысушысына дауыс береді. Осы жерден саясатты қозғамай, айналып өтпей кетуге болмайды. Мысалы, Прибалтика елдері, Скандинавия, Посткеңестік, Еуроодақ елдері өз-өздеріне немесе көрші мемлекетке жоғары баллды беріп отырады. Белоруссия Ресейге, Ресей Белоруссияға, Норвегия Швецияға, Швеция Норвегияға деген сияқты. Немесе, Армения Әзірбайжанға, Әзірбайжан Арменияға ешқашан дауыс берген емес. Түркия мен Грекияның да жайы осы. Себеп, бұрыннан келе жатқан мемлекет аралық қарым-қатынас.

Енді, былтырғы сайыста украиналық, қырым татары Джамаланың жеңгенін ескерсек, биыл міндетті түрде жеңген елде өтеді. Яғни, Украина. Украиндар Евровижнды 2-ші рет өткізгелі жатыр. Әзірге, ТМД елдері бойынша рекорд. Ресей 1-ақ рет жеңген.

Ресей-Украина қарым-қатынасын ескеретін болсақ, орыстар тарапынан конкурсқа қатысушы Юлия Самоиловаға украиндар қатты қысым көрсетуде. Себеп, сол екі елдің бір-біріне жау болып отырғаны. Юлия Самоиловаға Украйна 3 жылға дейін кіруге тыйым салынды. Бұл екі елдің арасындағы мәселенің шешімін ЕВС-тің өзі шеше алмай отыр. Не де болса жақын арада қызық болғалы тұр.

Биылғы конкурсқа қатысушы 43 мемлекеттің әндерін Ютуб желісінен көріп, тыңдап, өзімнің Топ 5-ді жасадым. Орындарында өзгерістер болуы мүмкін.

Сонымен, 5 орын. Эстония
Koit Toome and Laura — Verona


4 орын. Франция
Alma — Requiem


3 орын. Италия
Francesco Gabbani — Occidentali's Karma


2 орын. Бельгия
Blanche — City Lights


1 орын. Швеция
Robin Bengtsson — I Can't Go On
meirman_kz89

ОҚО Сайрам ауданы Кәсіпкерлік мектебінің бизнес-тренері.

    Ұқсас посттар

    4 пікір

    asaubota
    Букмекерлер Италияны таза фаворит деп отыр. ал Швеция мен Бельгия басты қарсыластары
    meirman_kz89
    Букмекерлердің фавориттері постоянна тура шыға бермейді. Былтыр финалға 1 сағат қалғанға дейін 1-ші орынды Ресей алады деген.
    Биыл 1-ші орынға талас Италия, Бельгия, Швеция арасында жүреді деп отырмын.Швецияға жанкүйермін.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.