Атырау туралы стереотиптер

Мың рет есіткеннен бір рет көрген артық. Мұнайлы өлкеге бірінші рет келіп тұрмын.

1) Атыраулықтар расымен дөрекі ме?
Блог - ErbolIslambek: Атырау туралы стереотиптер

Темір жол вокзалынан Еркебұлан күтіп алды. Көлікке отырғанымыз сол еді жол кептелісіне тап болдық. Еркебұлан айғайлап көлігіңді ал деді кептелісте тұрғандар да сол айғай дауыс көтеру. Оңтүстікте мұндайды көре бермейсің, Ереке сабыр қой ашуланба десем, Ерақа жаймен сөйлесең ешкім тыңдамайды осылай сөйлеу керек дейді сабазың. Сөйтсем батыстың сөйлеу мәнері осылай екен.

2)Қонақ жайлығы

Блог - ErbolIslambek: Атырау туралы стереотиптер

22- наурыз түскен күніміз «Хаят» кафесіне бардық. Жолдан шаршап келгенімізді есепке алып тыныш отыратын жерге баруды ұсынды жол бастаушымыз. «Назгүл» мейрамханасына барып фиршет болмаса да бесбармақ жеп шұбат ішіп қайттық. Ал кетерден бір күн бұрын Ерболат деген ағам үйіне қонаққа шақырып ет асып қонақ еткен жайы бар, кетер күнімде Қанат, Абзал деген жолдас балдар қонақ етіп шығарып салды. Қонақ десе жан тәнімен қызмет еткендеріне риза болып қайттым.

3) Атыраулықтар сіздерде мынадай жандар бар екенін білесіздер ме?

Блог - ErbolIslambek: Атырау туралы стереотиптер

Блог - ErbolIslambek: Атырау туралы стереотиптер

Блог - ErbolIslambek: Атырау туралы стереотиптер

«Маяк» түнгі клубынан шығып Жеңіс саябағына бардық. Бір топ Тасқала жастары еріктілерімен таныстық. Жетекшесісі Эльдар деген жігітпен сұхбатта болдық. Маған қызығы бір аяғы жоқ балдақта жүрген жігіт Ержан болды. Себебі Эльдар таныстырғанда суда жүзуден қазақстан чемпионы деп таныстырды.
Мен: Ержан, аяғыңа не болды?
Ержан: Үш жасымда жоғарғы қуатты токқа түсіп аяғымнан айырылып қалдым.
Мен: Бір аяғым жоқ деп өмірге деген көз қарасың қалай болды?
Ержан: Алғашқы кезде қиын болды, бірақ екі аяғы жоқтарды көргенімде шүкірлік еттім. Дінге бет бұрып тағдырыма жазылғаны осы екен деп сабырға келдім. Аллаға шүкір деймін. (Езу тартып күлді)
Мен: Ержан, спортқа қанша жасыңнан бастап келдің?
Ержан: 24 жасымда Атырау мұнай және газ институтында оқып жүргенімде Ринат деген мұғалімім суда жүзуге икемің бар деп сол кісінің айтуымен бардым.
Соңғы уақытта облысқа бас жаттықтырушылық қызметіне шақырып жатқанын да сөзге тиек етті, жауапкершілікпен қарау керекпін қазірге жауап бергенім жоқ дейді.
Ал Ержанның жеткен жетістіктері: қазақстанның үш дүркін чемпионы, Берлинде өткен әлем кубогын жүлдегері, қазағымның туын көкке көтеріп әнұранымызды шырқатқан. Әттең уақыттың тапшылығы сұхбатқа уақыт жетпеді. Кеткенімізше сұхбаттасармыз деп едік бұйырмады. Алладан Ержанның биіктерді бағындыруын сұрап қаламыз!

4) Рекордқа енген көпір
Блог - ErbolIslambek: Атырау туралы стереотиптер
Гиннестің рекордтары кітабына енген жаяу жүргіншілер көпірі ұзындығы 450м

5)Атырау жастары діннен де ұзақ емес екен

Блог - ErbolIslambek: Атырау туралы стереотиптер

Блогтурға Махамбет ауданына жолға шықтық. Кезінде Иван Грозныйдың шапқыншылығымен күл талқан болған жайық айналып өткен Сарайшық қаласының мұражайына бардық. Алдымен мұражайға кіріп ондағы қалашық орнынан табылған дүниелермен таныстық. Ұзақтан көзіме ыстық көрінгені көне татар баспасынан шыққан "Құран" тәпсірі болды.
Блог - ErbolIslambek: Атырау туралы стереотиптер
Суретте «Хаж» сүресінің тәпсірі

Мұражайдан сыртқа шығып 12 ханның сүйегі жатқан жерге келдік.
1999 жылы Атырау облысының Махамбет ауданының Сарайшық селосында мұражай мен мемориалды кешен — «Хандық орда — Сарайшық» ашылған болатын. Ол мұражай ғимаратынан, кішігірім мешіттен және ескі қала аумағында жерленген хандардың құрметіне жасалған мазардан тұрады. Мазардың ортасында қасиетті Әулиеағашы өседі. Көпшілік кешен келушілері осы ағашта тоқталып, тілек ойлап немесе бұтасына мата бөлшегін сәттілік үшін байлайды. Бірақ жастар тек қана бір Алла ғана сиынып Алладана сұрау керек деп кетіп жатты. Атырау жастарының дінге бет бұрып келе жатқанының куәсі болып қайттық.

6)Орындалмаған стреотип

Блог - ErbolIslambek: Атырау туралы стереотиптер
Асхат құрдасым айтқандай армандап кеттік. Ең соңында кетсем де жеу бұйырмады :S

7)Облыстық орталық «Иманғали» мешіті
Блог - ErbolIslambek: Атырау туралы стереотиптер

«Иманғали» мешіті – Атырау қаласының орталығы, Сәтбаев даңғылында орналасқан мешіт. Диаметрі 7 метрлі — үлкен күмбезді, барабандағы биіктігі 23 метрлі – ғимарат. 1999-2001 ж. 5 мамырда пайдалануға берілді. Жалпы ауданы — 1328,3 шаршы метр. Пайдалы көлемі — 1093,1 шаршы метр, 600 адамға арналған. 2 қабаттан тұрады, екі үлкен зал: бес уақыт намаз оқитын зал, ерлер мен әйелдер намаз оқитын зал, Құран оқитын бөлме, медресе, кітапхана, ерлер мен әйелдер үшін дәрет алатын бөлмелер бар. Мешіт қабырғасының биіктігі — 15 метр. Есік маңдайшаларының жоғарғы жағы батырлар дулығасы іспетті. Мешіттің екі мұнарасы бар. Бас мұнарасының биіктігі — 20,7 метр. Мінбердің биіктігі — 3 метр. Ол жоғарғы сапалы ағаштан жасалған. Үлкен күмбездің диаметрі — 5 метр, қалған 6 кіші күмбездерінің диаметрлері — 1метр. Мешіттің сыртында — 235,2 шаршы метр қосымша ғимарат бар. Онда имам және шаруашылық қызметкерлерінің бөлмелері орналасқан. Бұдан да басқа ерлер мен әйелдерге арналған дәретхана бар. Бас имам Батыржан Мансуров.(облыс өкіл имамымен селфилету ерсі көрінді, сол үшін фотосы жоқ) Имекең жерлесім әрі құрдасым, қайтарымда қолын алып сұхбаттасып қайттым. Халықтың діни білімі жақсарып келеді екен, шамалы кадр тапшылығы болмаса. Алдағы уақытта Сарыағаштан кадр тарту жағын қарастырып жүргенін айтты.

P.S Атырау Сарыағаштықтың көзімен. Басқалардың көзімен де көруге болады.
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
фишбармақ жедім 8-)
vk_141679375
Құрдас, ең соңында кетсем де бұйырмады
tompaq
Қызылбалық жегізе алмағаны ұят болған екен.