Қазақ блогының мақтанышы

Бұл Өркен Кенжебек! Хабар арнасының журналисті. Журналист қана емес Көк жәшіктің отымен кіріп күлімен шыққан, өз саласының МЕН деген мықтыларының бірі, һәм бірегейі.
Медиалектор әрі Блогер! Қазақ блогерлерінің ішіндегі көшбасшысы деуге болады. Қазақ блогын өргесүйреп жүрген жайы бар. Блогсыз Өркенді, Өркенсіз қазақ блогын елестету қиын. Екеуі егіз ұғым секілді.
Жиһанкез! Ер аралап жер көргенді жаны сүйеді. Әр саяхатынан алған әсерімен әлемжеліде бөлісіп тұрады. Бүгінгінің Шоқаны.
Кәсіби фотографтардан еш қалыспайтын әуесқой фотограф. Көргенін canonмен түсіріп, түйгенін Жақсы жобасында пісіріп жүреді.
Одан басқа қандай өнері бар дейсізбе?!
Көлік құмар. Бірақ көлік жүргізбек түгілі Жүргізуші куәлігіде жоқ. Көлік жайлы блогын оқысаңыз оны Автосалонның PR менеджеріме деп ойлап қаласыз?! Әр саладан хабары бар мықты маман. Қоғам талқысында жүретін мәселелерге тоқталып, өз ойын ашық айтып, екшелеп, тарихымен текшелеп Facebook атты жеңгесімен, Instagram атты сәнқой қарындасымен бөлісіп тұрады.
Егер қызықты әрі қажетті ақпаратты оқығыңыз келсе Өркен Кенжебекті әлеуметтік желіде оқи жүріңіз!

6 пікір

asaubota
Блогер сөзінің түбірін білесіз бе?
Basic
Пах-пах! Өркені өсетін жігіт қой мынау
asaubota
Өркен, мына балаға жұмыс тауып бер енді :)
nurbolkarataev
бұл сын ба, әлде кемсіту ме?
MERmukhanov
Сендер де онымен маөтанасыңдар ма не? :) :) :)
Basic
Ортақ суретім бар %)
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.