Құрметті қарағандылықтар және барша Қазақ Елі!

Сіздерді, 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Ең алдымен, қазыналы Қарағанды – Елбасының еңбек және саяси жолының бастауы, алтын арқауы болғанын аса зор мақтанышпен айтамыз.
Қазақстанның азат ел болуы, мемлекетіміздің әлемдік қауымдастық алдында беделінің өсуі, тұрақтылық пен тыныштықтың орнауы, бұл әрине – Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегінің арқасы деп білеміз.
Облыстың миллиондаған жұртшылығы, әрбір жас азаматы – Елбасының барлық стратегиялық бастамаларын ілгері жылжытудағы тірегі, теңдессіз реформаларын жүзеге асырудағы білегі екенін ерекше сезінеді. Өйткені, Қарағанды – еліміздің индустриялық жүрегі болса, оның тірегі – әлбетте Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Елбасымыз тәуелсіздік жылдарында жастар саясатын жаңа белеске асырып, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына, жалынды жастардың барлық бастамаларын қолдап, жастар саясаты басым бағытта екенін айқындап берді. Бұл – жас мемлекеттің болашағы жастардың қолында екендігінің анық белгісі.
Біз, Мәңгілік ел жастары – түтіні түзу ұшқан, ертеңгі күнге сеніммен қарайтын бақытты елде тұрамыз!
Бүгінгі күні Сарыарқа жерінде 130-ға жуық ұлт өкілдерін қамтитын 314 мыңнан аса жас азаматтар тату-тәтті өмір сүруде. Облыста өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасалған.
Сарыарқа жастары Елбасының саясаты негізінде қомақты табыстарға қол жеткізе беретініне сендіргіміз келеді. Жастарына айрықша көңіл бөлген мемлекеттің келешегі кемел, болашағы жарқын екені аян. Мәңгілік ел жастары еліміздің қарыштап дамуына бар күш-жігерін жұмсайды!
Барша Ұлы Дала Елін 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Ізгі ниетпен: Қарағанды облысының жалынды жастары!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше