"Қазақ елі" анимациялық фильмі

  • Автор


Мультфильмнің сюжеті — Қазақ хандығының құрылуы, Керей мен Жәнібектің билік құрып, Әбілхайыр хан ордасынан бөлініп шығуы турасында.

Балалардың қызығушылығын арттыру үшін батырлардың садақ ату, қылыштасу, атпен шабу, жауынгерлік өнердің түрлі тәсілдерін үйренуі кеңінен көрсетіледі. Ел басқаруда білімнің де маңызы зор екенін ұғындыру үшін Керей мен Жәнібек ханның Отырар қаласына аттануы, Отырар кітапханасын аралап, ғұлама ұстаздардан түрлі дәріс алып, елге оралғанда түрлі ерлігімен көзге түсе бастауы да сәтті ойластырылған.

Жобаның режиссері — Батырхан Дәуренбеков, көркемдік кеңесшісі — Дулат Исабеков, продюсері — Сәбит Әбдіқалықов, сценарий авторы — Сағаділдә Үсіпәлиев.
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

3 пікір

ken
Осы моңғолдың өлзий хээ деп аталатын өрнегі шынымен де Қазақ хандығының байрағында белгіленіпті ме?
Қалай болғанда да, ертең Мағауиндер «бұл біздің өрнек, моңғолдар бізден алған, просто бізде ұмытылып кеткен» деп соғып отырса таң қалмаймын.
Қалмақ, ойрат, моңғолдарда бұл өрнек өте кең тараған екен — киіз үйдің ішінде, сырында, қаладағы үйлердің қақпаларында, қоршауларының сыртына, киімдеріне, көрпе-төсектеріне, денелеріне татуировка ретінде — қысқасы, барлық жерге сала береді екен.

Мультикке келсек, ұнады. Жақсы шығыпты. Тек өлзий хээ күмілжітті, Сатыбалдыша айтқанда.
AyazhanMuhatai
Не ма тывыға қашан шығады екен)
patick
Бюджетіне уить етіп отырмын — 375 млн теңге. Мультикке қарап сондай қаржыға түсірілді деу қиын.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.