Чемпионның артында кім тұр?

  • Автор
Блог - IShyrak: Чемпионның артында кім тұр?

Әр чемпионның артында кәсіби тәжірибесі мен бар жанын салатын ұлы бапкер тұрады. Сондай бапкердің бірегейі – Андрей Богданович Райш. Әлемнің екі дүркін чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев жайдан-жай «менің атам» деп ардақтамайды. Андрей Богданович сонау 1956 жылы шахтадағы ауыр жұмысынан кейін темір жолдың бойында ауыл балаларын боксқа баптаған. Нар тәуекел шешімдері мен ісіне деген махаббатының арқасында «Абай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» негізін қалады. Ата-анысының қадағалауынсыз бұзақылықпен айналысып жүрген ер балалар енді спортпен шұғылданатын болды. «Біз үшін әкеміздей болған ол, қаншама балаларды абақтыдан аман сақтап қалды», – деп шәкірті Виктор Петышин еске алады. Оған «1968 жылғы жоғары қылмыстық көрсеткіш 80 жылдарға қарай екі есеге төмендедеді» деген мұрағат деректері де дәлел.

Блог - IShyrak: Чемпионның артында кім тұр?

Темірдей тәртіп пен мықты әдістің нәтижесінде Ерден Сүлейменов, Александр Стрельников, Бауыржан Аманбаев сияқты ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары шықты. Олардың шәкірттері Олег Маскаев, Серік Сәпиев, Абылайхан Жүсіпов сынды чемпиондар. Сексеннің сеңгіріне шыққан бапкер әлі күнге дейін бай тәжірибесімен бөлісіп, боксшыларды жаттықтырып жүр. Жә, тірі аңыздың әңгімесін өз аузынан тыңдау уәжіп.

Ұқсас посттар

9 пікір

asaubota
бір деммен қарап шықтым. неткен позитив шал! Алла әлі талай ғұмыр берсін. өзі де жаспын деп тұр ғой :)
Rozatai
Күшті кісі екен
ZakenovDaniyar
Бұл кісі қазір Қарағанды облысы бокс федерациясының бас жаттықтырушысы, өте ширақ адам, сіздер Андрей Богдановичтің лапа ұстағанын көрсеңіздер ғой… Сексенде деп айту қиын. Ұзақ жасасын.
asaubota
әңгімені де күшті айтады екен. жоқтан бар жасап, көтерген екен облыс спортын. нағыз спорт фанаты!
RaymbekEgemberdiev
Сонысы ұнады, нақты сөйлейді екен, шұбыртып ауытқып кету жоқ, тыңдап отыра бересің
IShyrak
Атаның үйіне бара жатқанда ішімнен "қазір мадақтама қағаздары мен медальдары ілініп тұратын «стена славы» көремін" деп ойладым. Кірдік, жан-жағама қарап көзіммен іздеп қоямын. Ақыры «Андрей Богданович, а где ваши награды?»,- деп сұрадым. «Посмотрите там, что-то должно лежать»,- деп бұрышта тұрған үстелді меңзеді. Жақындап қарасам пакеттің ішінде 54 жылдан бергі жүз шақты диплом, мадақтамалар жатыр. Төсбелгілерін шкафтың ішінен алып шықтым. Сондай қарапайым. Мінезі де, тұрмысы да. 25 жыл мектеп басқарып, депутат болды деп айтпайсыз.
IShyrak
Атаны да, әжені де жақсы көріп қалдым. «Можно это снять, (петличканы айтады) отпустите меня на 5 минут и я быстро сбегаю за мороженым», — деп балмұздақ, шоколад алып келіп, оператор бала екеуімізді тойдыртып жіберді.
madlen
Ұлдарын жалко(((
AyazhanMuhatai
Жарайсыз Шырақ!) керемет сюжет) Бұрын осы кісі туралы еститінмін, бірақ алғаш рет бетпе-бет сұқбатын көріп отырмын. Әлі жаспын дейді. Мықты! Ұзақ жасасын.Біздің елге осындай адамдар керек-ақ)))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.