Жүлде қоры 2,5 млндық "Қазыналы Оңтүстік" атты желі конкурсы басталды

Блог - asaubota: Жүлде қоры 2,5 млндық Қазыналы Оңтүстік атты желі конкурсы басталды

Әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы үздік жазбалар бойынша «Қазыналы Оңтүстік» облыстық байқауының
ержесі

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан Журналистер Одағы ОҚОФ бірлесіп әлеуметтік желі қолданушылары арасында үздік жазбалар бойынша «Қазыналы Оңтүстік» облыстық байқауының басталғаны жөнінде хабарлайды.

Байқаудың мақсаты:
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын, тарихи ерекшелігін, облыстың туристік және инвестициялық әлеуетін насихаттайтын ақпараттық материалдар жариялау арқылы Оңтүстік өңірінің имиджін қалыптастыру.
Оңтүстік бейнесін бір таңбаға сыйдыратын «ON» визуалдық брендін насихаттау, жаңа логотип арқылы оңтүстік өлкесінің танымалдылығын арттыру.

Байқаудың шарттары:
Кез-келген әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер мен блогерлер, оның ішінде авторлық ұжымдар (бұдан әрі – байқауға қатысуға үміткерлер) қатысуға болады.
Байқауға қатысушылар ұсынылған он номинацияның біреуіне ғана қатыса алады.
Әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы үздік жазбалар келесі номинациялар бойынша өтеді:

ON: «ШЕЖІРЕЛІ ОҢТҮСТІК» (Оңтүстіктің тарихы мен шежіресін, тарихи мұра, мәдени орындар, түрлі тарихи оқиғалар мен шайқастары өткен жерлер туралы үздік жазбалар);

ON «БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН – ОҢТҮСТІК» (Елдегі бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылық пен татулықты, ел бірлігін насихаттаған үздік жазбалар);

ON: «ОҢТҮСТІК МӘДЕНИЕТІ» (Оңтүстіктің мәдениет ошақтары, мәдениет саласының жетістіктері, жаңадан салынған ғимараттары, республикаға, әлемге танымал мәдениет қайраткерлері туралы үздік жазба);

ON: «ОҢТҮСТІК ТУРИЗМІ» (Облыстың демалыс аймақтары, киелі жер су мекендері, жалпыхалықтық демалыс орындары туралы үздік жазба);

ON: «БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ӨҢІР» (Мемлекеттің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруда облысымыздың қол жеткізген жақсы нәтижелері туралы үздік жазба);

ON: «ОҢТҮСТІК ӨНІМІ» («Оңтүстікте жасалған» отандық тауарлар, өндіруші өнеркәсіп салалары, ауылшаруашылығы салалары туралы үздік жазба);

ON: «ОҢТҮСТІКТІҢ ӨНЕГЕЛІ ТҰЛҒАЛАРЫ» (Оңтүстіктің ақын, жазушылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, олардың өмірі мен туындылары туралы үздік жазба);

ON: «ЕҢБЕКҚОР ХАЛЫҚ» (Оңтүстіктің түрлі саласындағы жұмыс жасайтын тұлғалары, ерекше мамандық иелері, облыстың мақтан тұтар азаматтары мен олардың жетістіктері туралы үздік жазба);

ON: «ҚОНАҚЖАЙЛЫ ОҢТҮСТІК» (Оңтүстік халқының қонақты сыйлау, қонаққа деген көрсетілетін құрмет пен ілтипат, ұлттық құндылықтары, салт дәстүрлері, келешек ұрпаққа дәріптейтін оңтүстік өлкесінің ерекшеліктері туралы үздік жазба);

ON: «ОҢТҮСТІКТІҢ СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ» (Оңтүстіктің халықаралық, республикалық спорт жарыстары мен Олимпиада ойындарындағы жеңімпаздары, олардың жетістікке жету жолдары туралы үздік жазба).

Байқаудың талаптары:
1. Байқауға қатысушылар Ережеге сәйкес ұсынылған он номинацияның бір ғана номинациясы бойынша қатысуға және әлеуметтік желідегі Facebook, Вконтакте, Instagram парақшаларының бірінде жариялауға құқылы.
2. Номинация талаптары бойынша әлеуметтік желі қолданушылары тақырыпқа сәйкес жазбаларды әлеуметтік желідегі парақшасы мен арнайы «Оңтүстікте не хабар?» тобына жариялануы тиіс.
3. Әрбір бес күнде 1 жазба жарияланып, жазбалардың жалпы саны байқау мәресіне дейін 25-тен кем болмауы тиіс.
4. Әрбір жарияланған материалдардың бірінші фотосы «ON» фотосуреті және тақырыпқа сәйкес фото жүктелуі қажет. Фотоның астыңғы оң жағында ОN_Brand хэштегтің болуы шарт.
5. Байқауға 2016 жылдың 9 тамыз — 5 желтоқсан аралығында әлеуметтік желілерде жарияланған жұмыстар ұсынылады.
6. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар әлеуметтік желілерде немесе блог-тұғырламаларда көп дауыс жинағаны, ең көп ұнатылғаны (лайк), ең көп бөлісілгені (репост) арқылы бағаланады. Қаншалықты оқырманның көңілін аудара білгендігіне мән беріледі.
Байқау жұмыстары мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады.
7. Жарияланған материалдардың скрин шоттарын арнайы файл папкасына жинақтап (лайк, бөлісуі көрінуі тиіс) байқаудың ұйымдастырушыларына 2016 жылдың 5-9 желтоқсан аралығында тапсырылуы тиіс.
Байқауды қорытындылау кезінде келесі параметрлер бойынша ескерілетін болады:
— тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы;
— идея түпнұсқалығы;
— ойдың дербестігі;
— оқырманға эмоционалды әсері.
Байқауға өтінім беру және қатысу:
Байқауға қатысу үшін өтінімдер мен материалдар байқауды ұйымдастырушының 247548x@gmail.com электрондық поштасына немесе мекенжайына: Шымкент қ. «Нұрсәт» шағынауданы, әкімшілік іскерлік орталығы ОҚО ішкі саясат басқармасына жіберу қажет.
Анықтама телефоны: 8 (7252) 24-75-48.

Өтінімдер белгіленген формада беріледі.
Байқауға қатысушылар өтініммен қоса келесі байқау материалдарын ұсынады:
— Автордың аты-жөні, туылған күні мен жылы, мекен жайы, қызметі, еркін түрде жазылған қысқаша аннотация;
— байқауға қатысушы үміткер әлеуметтік желідегі блог-тұғырнамалары, тұрақты айдарлары және парақшасы туралы еркін түрде жазылған қысқаша ақпарат.
Осы бөлімде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер байқауға жіберілмейді және қаралмайды.
Авторлық құқықтары:
Байқауға жолданған жобалардың авторлық құқығының сақталуына жауапкершілік, сол материалды ұсынған қатысушыға жүктеледі.
Қорытындылау және марапаттау:
Барлық материалдар Байқаудың ұйымдастырушыларына 2016 жылдың 5-9 желтоқсан аралығында тапсырылуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен материалдар байқауға қатыстырылмайды.
Жеңімпаздар Тәуелсіздік күні қарсаңында жоғарыдағы 10 номинациялар бойынша марапатталып, қаржылай сертификат табыс етіледі. Жалпы жүлде қоры 2 500 000 теңгені құрайды.
Конкурстық комиссия құрамы:
Конкурстық комиссия құрамы ОҚО ішкі саясат басқармасы тарапынан бекітілді.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
Шымкент қ. «Нұрсәт» шағын ауданы, әкімшілік іскерлік орталығы ОҚО ішкі саясат басқармасы, тел./ф. 8 (7252) 24-75-48.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше