Arular.kz

#QazzaqDepression. Кілет

Блог - patick: #QazzaqDepression. Кілет
Қалай тап болғанын білмейді. Не үшін мына жерде жүргенін білмейді. Қалай басталғанын да білмейді. Білетіні — нөпір халықтың қозғалған бағытымен бірге бұл да келе жатыр. Қараңғы дәліз. Қабырғалары суық әрі ылғал. Кен орнындағы шахта ма деп қалды бір сәт. Бірақ оны қайдан білуші еді, өмірінде шахтаға түсіп көрген емес.

Артына бұрылып қарады. Адам қарасының шеті көрінбейді. Алды да солай. Кері бұрылмақшы болды. Тар дәлізге сыймай келе жатқан адамдардың арасында бұл мүмкін емес екен. Еріксіз көпшілік бағыт алған жаққа жүре берді.

Бір сәтте дәліздің шеті де көрінді. Ең шетте үлкен тор тұр. Торға адамдар сыйғанынша кіреді де төменге түседі. Оның да кезегі келді. Көтеріп-түсіргіш тордың алдында, қақпаны ашып-жауып тұратын екі адам бар екен. Қақпаны аша сала адамдарды жұлқылап итеріп торға тыға бастайды. «Тұрмаңдар, тез бол! Шешелеріңді сендердің!» — деп ашулы дауыспен айқайлап қояды кейде.

Солардан мән-жайды сұрамақшы болып еді, әлгі екеудің біреуі жағасынан қысып ұстады да, кілеттің ішіне итеріп жіберді. Шалқалақтап құлады.

Төмен түскен сайын қорқайын деді. Белгісіздіктен бойын үрей билеп, қалшылдай бастады. Қасындағы 60-70 жастағы шалға жармаса кетті:
— Көке, айтшы, бізді қайда апара жатыр?
— Білмеуші ме едің? Тозаққа, балам…
— Тозаққа? Біз сонда өліп қалғанбыз ба?

Шал үндемеді. Ол тізерлеп отыра кетті. Аяғынан әл кетті. Қолдан келер шара жоқ еді. Енді еміс-еміс есіне түсе бастаған секілді. Сағат кешкі он шамасы. Автобус. Соңғы рейс. Өзі салонда қалған соңғы жолаушы болатын. Ақырғы аялдамадан түсетін жалғыз өзі. Бүйірден соққан жүк көлік. Қараңғылық.

***

ЭПИЛОГ
— Қайда бұрылар екен?
— Оны өзі-ақ түсінеді. Әдетте ақылы бар адам қараңғы дәлізді таңдамайды. Интуитивті түрде жарық, жылы дәлізге бұрылады.
— Сол бейбақты қинамай-ақ, өзіміз жөн сілтеуіміз керек еді. Бұл біздің жұмысымыз ғой.
— Бір адам туда, бір адам сюда… Ештеңе етпес.
" data-width="600" data-numposts="5">

9 пікір

avatar
жете алмадым…
avatar
Депрессивный әңгімелер жазғым келіп жүр. Хэппи эндтерден шаршадым :)
avatar
осында бұрын жазылғандардан не бар еді?
avatar
Вообще айтам :)
avatar
мен де жалпы деймін да, бұрын жазылушы ма еді?
avatar
ХЗ. Негізі кинодан кейін келген ой еді. Қазір фильмдердің бәрі хэппи энд болып кетті.
avatar
Орта белден асып, сәл кідіріп қысқа метражды киноны көріп шықтым. Әр кімнің өз тозағы күтіп тұрғандай. Жұмаққа жол жақын болғанмен, тозақтың жолы алыс. Жұмақ тозақ жолындағы байқаусыз қалған шағын дәліз секілді.
avatar
Стивен Кингтің елесі кезіп жүр шынымен елді…
avatar
Патя, сіздің былтыр сыралар туралы жасаған видеоларыңызды көріп, өткенде бір жырқылдап алып едім. Жалпы, мына жерге 7 айдан кейін кіріп отыр екенмін. Сізге деген зор құрметімді мынадай смайлдармен білдіре кеткім келеді: :p:P:j:m8-)*lol*%);)

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.