Ертегі баланың қиялына қанат бітіреді

Блог - AydanaAbdrahmanova: Ертегі баланың қиялына қанат бітіредіЕртегі баланың қиялына қанат бітіреді" />Жаздың алғашқы күні меркелік таңмен басталды. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты Алматыда қазақстандық жас автор Амании Жанның «Даниялдың ғажайып әлемі» және «Алуан түсті балықтар және Дария» атты ертегілері желісінде кеш өткізілді.
Блог - AydanaAbdrahmanova: Ертегі баланың қиялына қанат бітіредіБлог - AydanaAbdrahmanova: Ертегі баланың қиялына қанат бітіреді.;
«Colibri» МОЛЛ» бутигі, «Мама, почитай» кітап дүкендерінің желісі, Халықаралық «Almaland» мектебімен бірігіп ұйымдастырылған кеш барысында балаларға ертегіден үзінді оқылып, сол үзіндіден қойылған сұрақтарға жауап берген бүлдіршіндер әр-түрлі бағалы сыйлық алды. Сондай-ақ балақайлар сурет салып, өздерінің шығармашылық қырларын танытты. Барлық кеш қонақтарына Амании Жанның ертегі кітаптары ұсынылды. Шара барысында «Almakid» шығармашылық клубының балалары өнер көрсетті.

Балалар күніне арналған кеш барысында Амании Жан өзінің мақсаттарымен бөлісті. Оның айтуынша, алдағы уақытта балаларға арналған екі кітапты шығару жоспарланып отыр. Шығарылатын кітаптардың ерекшелігі –ертегілер 6 тілге аударылмақ. Ал, Амании ханымның осы уақытқа дейін шыққан екі кітабы үш тілде аудио нұсқасымен бірге оқырмандарға ұсынылған болатын. Сөз соңында, автор ата-аналардан балаларына ертегі оқуды үзбеуін сұрады. – Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі баланың қиялына қанат бітіреді. Білмегенді білуге сүйрейді. Жақсылық пен жамандықты ажыратып, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуды насихаттайды — деді автор.
Түстен кейін дәл осындай кеш «Достық Плаза» ойын-сауық орталығындағы «Kids lab» балалар клубында жалғасты. Балалар кітап авторымен кездесіп, кітаптағы басты кейіпкерлердің суретін салып, әңгімелеп берді. Кішкентай балақайлар авторға көкейдегі сауалдарын қойып, әрқайсысы сыйлыққа екі кітаптан алып мәз-мейрам болысты. Осылайша балалар, мерекеде жаңа ертегілермен танысып, рухани азық алды.

сурет авторы Маржан Нүсіпбек және Рафшан Иргашев
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше