Ирак - Саддам Хусейн

Кезінде Месопатамия, кейін Вавилон болған, арабтардың жаулағанына дейін халқы христиан дінін ұстанған, одан соң 95% мұсылмандыққа көшкен қазіргі Ирак мемлекетін көбі Саддам Хусейн арқылы біледі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ирак өзге көршілес мемлекеттері сияқты Ұлыбританияның мандаттылығына көшкен. Ағылшындар оларға алғашқы конституция жазып, монархияны енгізді. Халық 1958 жылы монархияны құлатып, кейін тәуелсіз республика жариялады. Он жылдан кейін мемлекеттік төңкеріс болып, билікке Баас партиясы келді. Сол кезде С.Хусейн вице-президент еді, ол билікке қалай келді дейсіз ғой? С.Хусейн сол кезде-ақ БАҚ-тың күшін білген еді, елде телевизиялық каналдар, радионы дамытты, әрине ол жерде барлығы тек С.Хусейннің жақсылығын, халықтың қамы үшін еңбек етіп жатқандығын көрсететін. Халықтың сеніміне кіріп алған соң, партияның кезекті отырысында сол кездегі президент Аль-Бакр отставкаға кетеді (ақпараттар бойынша – ауыру себебінен «мұнда бір гәп бар))»). Кішкентай кезінде әкесі қайтыс болып, анасы әкесінің ағасына тұрмысқа шығады, деректер бойынша отбасы өте кедей болған, балалары көп болған, оған қоса өгей әкесі С.Хусейнді ұнатпаған көрінеді, жастайынан өте қатал болып өскен бала 22 жасында ағасын өлтіреді, кінәсін жуып-шаю үшін ақша беріп, кетіп қалатын көрінеді. Жастайынан Гитлер, Ленин, Маркс, Энгельстердің шығармаларын оқып өскен. Президент кезінде кедейлерді жиі тамақтандырған, оларға жер берген, машиналарды сыйға тартқан. Халық оны жақсы көру үшін, мешіттер салдыртқан, тіпті құпия түрде қан тапсырып, оны жинап, кейін соның қанынан Құран кітабын жаздыртқан екен. Туып өскен жерінде С.Хусейн атындағы мешіт бар. Президенттігі кезінде ел екі соғысқа қатысқан: 8 жылдық Ирак-Иран соғысы (территориялық дау, Иранның ішкі саясатқа араласуы) және Кувейтті окупациялау (мұнай өндіруді қысқартпағаны үшін). 90 жылдары Кувейт үшін бүкіл әлем шулағанын, Иракты көбі кінәлағанын, атақты «Буря в пустыне» операциясының қалай өткенін өздеріңіз білетін шығарсыздар. Қысқасы осы))
Бөлісу:

2 пікір

satibaldi
Дарға тартылатын жеріне дейін жазбайсң ба жөндеп, қазір өледі деп, мәз боп оқып отырсам.
ulzhan_08_92
Ол кездер бәрінің есінде және білетін шығар деген оймен жазбап едім))