Сауд Арабиясы

Диссертациямды бітірдім, антиплагиаттан өттім, Құдайға шүкір! Енді мемлекеттік емтиханға дайындалуды бастадым. Бүгін карта сатып алып, күніне 2-3 мемлекеттен зерттей берейін деп шештім. Қызық ақпарат тауып жатсам, Сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Ең бірінші, Қасиетті Мекке орналасқан ел — Сауд Арабиясынан бастадым. Мұнай өндіруден 1-орында. Білесіздер ме, 19 ғасырда бұл мемлекетте əлі мұнай табылмаған кезде, экономикасы тек қажылыққа келген адамдардың ақшасынан тұратын. Сонау 1928 жылдан бастап Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы елшісі қазақтан шыққан Нəзір Төреқұлов Мəскеуге саудиттер еліндегі тұщы суды игеру туралы бірнеше мəрте хат жазған болатын. Бірақ, оған ешкім мəн бермеді. Кейін американдықтар осы суды іздеп жүріп, мұнайдың көзін тауып алып, əлі күнге дейін сол мемлекеттен көзін ала алмай жүр. Ең қызығы, Сталин Н.Төреқұловты ату жазасына кесіп, өлтіргеннен кейін Сауд Арабиясының королі Кеңес одағымен дипломатиялық қатынастарын 50 жылға жуық уақытқа үзген болатын. Біздің елде Нəзірден басқа елшіні көргіміз келмейді, тіпті араласқымыз да келмейді деген Сауд Арабиясының Королі Нəзір ағамызды қатты сыйлайтын. Тіпті одан кейінгі Корольдер де, қазіргі уақыттағы ел қызметкерлері де Нəзір ағамызды есінен шығармауда. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін, Елшіміз сол жаққа барғанда, арабтар елшілігімізге арналған орынды көрсетіп, бұл жер Сіздерді 70 жыл бойы күтті деген екен.
Бөлісу:

2 пікір

MERmukhanov
функцтяларды басып6 тексеріп көр
дерегіңе сурет қойып, әсемдеп, смайл пайдаланып қарайту, курсив, т.б қызметтерді пайдалан.
ulzhan_08_92
рақмет)) енді үйреніп жатырмыз))