Альварес "WBC" белдігінен бас тартты

Бүгін, Әлемдік боксерлық кеңестің президенті Маурисио Сулейман мексикандық боксер Сауль Альварестің «WBC» нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион емес екендігін хабарлады. Ендігі кезекте «WBC» белдігі және чемпиондық атақ қазақстандық Геннадий Головкинге өтеді.

Кәсіпқой бокстан америкалық экс-чемпион Шейн Мозлидің сөзі жалған болып шықты. Ол өзінің «twitter»-дегі ресми парақшасында «GGG» мен «Канело» арасындағы жекпе-жек биылғы жылдың 17 қыркүйегінде болады" деп жазған болатын. Екеуінің жекпе-жегін асыға күткеніміз соншалық Шейн Мозлидің бейресми ақпаратын жан-жаққа ала жүгірдік.

Бірақ, бұл «GGG» мен «Канело» арасындағы жекпе-жек болмайды деген сөз емес. Тек, өтетін мерзімі ұзаруы мүмкін. Десек те, Альварестің жасы 25 жаста ғана болғандықтан Генадан жеңіліп карьерасын бұзғысы келмейтіндігі белгілі. Сондықтан да, Ол әзірге яғни, жақын арада Генамен шықпайды.

Дегенмен, Гена чемпион! Қазір, Генада орта салмақта үш белдік бар. Жылдың соңына дейін төртінші белдікті еншілеп абсолютті чемпион болады деп сенеміз!

Алға GGG!

Блог - ErzhanKhamitov: Альварес WBC белдігінен бас тартты
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше