«Жарқын болашақ» олимпиадасының 42 жүлдегеріне еліміздің жоғары оқу орындарының білім гранты табысталды

Блог - asaubota: «Жарқын болашақ» олимпиадасының 42 жүлдегеріне еліміздің жоғары оқу орындарының білім гранты табысталды

«Жарқын болашақ» олимпиадасының 42 жүлдегеріне еліміздің жоғары оқу орындарының білім гранттары табысталды. Бұл туралы бүгін «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалі барысында «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте айтты.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілі ғажап тіл, тек біз оны насихаттай білуіміз керек», деген сөзін ту етіп, жыл сайын «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өтіп келеді. Бұл олимпиаданы өткізудегі басты мақсат — мемлекеттің мәртебесін көтеру, қазақ және өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, оларға ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, тарихымызды бойына сіңіру арқылы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру болып табылады», — деді ол.

Оның атап өтінше, биыл 8-ші рет өткізілген «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасына еліміздің түпкір-түпкірінен 5 мыңға жуық дарынды жастар қатысып, 172-сі жеңімпаз атанған және олардың 42-сіне жоғары оқу орындарының білім гранттары табысталған.

«Осы жолы олимпиадаға бірінші рет Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Алтай өлкелерінен келген қандастарымыз қатысты. Кіндік қаны тамған жерге келген бірқатар қазақ баласына да жоғары оқу орындарының гранттары бөлініп, оларға Атажұртында білім алуға жағдай жасалды», — деді Д.Өте.

ҚазАқпарат
Бөлісу:

1 пікір

Nura
мен де осы бойынша алған едім ) СДУ