‪#‎жақсықыз‬‬‬‬ - рахмет! #8

Блог - klara_yermagambetova: ‪#‎жақсықыз‬‬‬‬ - рахмет! #8Құрбым машинамен жүргендіктен, бірге баратын кейбір тірліктерге жол-жөнекей мені алып кететін. Кешке таман жұмысқа соқты. Өзі асығыс. Қала жанынан жер сатып алмақ болатын. Бірақ бір қағаздары сәл дұрыс емес болып шықса керек. Енді ол сол мәселе бойынша бір юристпен ақылдаспақшы екен.
Кездесуге қанша асыққанмен, кешігіп келдік. Бойы ұзын, сымбатты бір жігіт күтіп алды. Құрбым кешігіп келгеніміз үшін кешірім сұрап әлек. Бірақ ол «Кешірші» деген сайын жігіт өзін ыңғайсыз сезінетіндей көрінді маған.
Құрбым кез келген ‪#‎жақсықыз‬‬‬‬ сияқты, әрине, өте сыпайы. Бірақ сыпайлығынан кейде «аж тошно»!
— Жол пробка екен. Час-пик. Қанша асыққанмен кешігіп қалдық. Ертерек шыққан сияқты едік. Жолда гаишник тоқтатып… Айып етпеңіз. Өзі бір беймаза күн болып кетті. Бүгін бүкіл жерге кешігіп жүрмін. Ренжімеңіз!..
Әй, тоқтат! Жігіт түгілі менің құлағым қурап кетті. Неткен көп кешірші. «Кешірші», «айып етпеші»-ден басқа сөз бар ма?
Қыстыгүні екеуміз машинаны от алдыра алмай, бір досымызды шақырып алған едік. Дәл осы мәтінді мен сол кезде де естідім.
— Кешірші, уақытыңды алдым. Мына машина тоңып қалыпты. Неге екен? Түнде бір-екі рет оталдырған сияқты едім. Ұйқымды қимай, әрең тұрып едім. Сонда да қараш, әуремнің босқа кеткенін… Кешірш, бұлай болатынын білмедім…
Тоқтата қойш. Осы әңгімеден эгоизм аңқып тұрғанын кім сезді? Дос болсын, басқа жігіт болсын. Мен ұққаным: жеке өмірде де сен -эгоисткасың!
Ол сені күтті. Ол саған келді. Ол уақытын қиды. Ол сен үшін тырысты. Бір ауыз рахметің жоқ.
Қыздааааар!!! Жігіттер де оған көңіл бөлінгендігін қалап, ұнатып тұрады. Өз -өздеріңді ситуациядан ақтап ала бермей, жігітке де бір ауыз ризашылығыңды айтсаңшы. «Күткенің қандай жақсы! Сондай шыдамды сабырлы екенсің.Таудай рахмет! Келгенің қандай жақсы. Үлкен рахмет! Сен болмасаң нетер едім… Бізге трагедия дүние, саған дым емес болып шықты. Рахмет, ардақтым! Еркектің аты- еркек деген осы ғой. Рахмеет! Сендей азаматтар болмаса, біздікі әшейін екен ғой..»
Менің бір апатайым, үйге ерінен кеш келеді. Бірақ ол келген кезде еті тоңазытқыштан шығарылып, картошкасы аршылып тұрады. Сондай сәтте ол отағасын арқасынан құшақтап, еркелей, Мейрамбектің әнімен «Сен болмасаң бұл жалған, күнде уайым күнде арман!» деп наздана, сызылта күйеуіне күнде рахметін айтады. Қырықтан асқан ер адамның қиылып қуанғаны да сол мезетте көрген көзге бір қызық дүния екен. Енді осы жерде рахмет емес, апатайым күнде кешірш десе ше? Ситуация қандай болмақ? Бұл жерде ұғынатын бір-ақ жәйт бар. Ер адам нәзіктінің қажетіне жарағаны үшін бақытты. Ал нәзігі соны бағалай алса, нұр үстіне нұр. «Кешірші»-нің қажеті жоқ. «Келгенің үшін рахмет, күткенің үшін рахмет, барың үшін рахмет!» Жақсы сөз жан семіртер немесе жан жадыратар дейді біздің дана халық. Сіздің азамат Сіз үшін барын салып, тырмысып жатса (тіпті барын салмаса да), жақсы сөзіңді аяма! Ал нәтижесі… нәтижесін көп күтпей-ақ, өзің көретін, сезетін боласың!)

23.03.2016
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше