Windows-ті сатып алғанға ақша жоқ

Үйде қолданатын компьютерге Windows OS-сін (Operating system)
сатып алу үшін қаражат жоқ. Оны алмастыру қажет.

-Немен?, -деген сұрағым Ubuntu-мен таныстыққа әкелді.

Негізінде Linux жатыр. Linux бүгін немесе кеше пайда болған жоқ. Сондықтан „графикалық ортамен„ толыққан Linux ядросының негізінде жасалған OS-нің бар болуы жаңалық емес.
Ubuntu-дің базалық жинағына (дистрибутивіне) енген кейбір арнаулы және қолданбалы программалар маған бұрынан таныс екен. Windows-та жүріп қолданғанмын:
-«Thunderbird» бірнеше пошта жәшігінен хаттарды жинағанға ыңғайлы электронды пошта клиенті;
-«LibreOffice» (OpenOffice) офистік программалар жинағы;
-«FireFox» интернет браузер.
Оншақты жыл бұрын Linux ядросы негізіндегі OS жинақтараға жаңа программа тауып және оны орнату ыңғайсыз болғандықтан онымен жұмыс істеп танысудан бас тартқанмын. Қазір жағдай өзгерді. Программаны интернеттегі жинақтан автоматты түрде орнатуға болады.

P.S.:Ubuntu және LibreOffice компьютерге орнатып қолданғаным үшін төледім 0$.
Бөлісу:

2 пікір

satibaldi
Fedora мен Ubuntu, сосын Kubuntu болды менде. Лақтырып тастадым, екі ай болмай. Ақылы болса да Windows-ым жақсы екен.